ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 37,4%-ҒА АРТҚАН — Төрттаған
Суббота, 14 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 37,4%-ҒА АРТҚАН

Бұл туралы брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық Статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрқожа Бекжанов мәлімдеді.

07.02.2025
Жаңалықтар
0

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Бұл туралы брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық Статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрқожа Бекжанов мәлімдеді.
«2024 жылы облыстағы жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн 169 млрд теңгені құрады. Бүгінде жалпы өңірлік өнімінің нақты өзгеру индекстері бойынша елімізде Түркістан облысы 8 орында. Сондай-ақ, 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 трлн 334 млрд 886 млн теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 37,4%-ға артқан. Ал өнеркәсіп саласындағы инвестиция көлемі 428 млрд 512,1 млн теңге көлемінде. Одан бөлек, былтыр ауыл, орман және балық шаруашылығындағы инвестиция көлемі 179 млрд 481,6 млн теңгеге жеткен. Экономиканың дамуына байланысты және халықтың жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға инвестициялар ұлғаюда. Осылайша, өткен жылы бұл салада негізгі капиталға салынған инвестициялар 45,9%-ға артқан. Сондай-ақ, облыста іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп құрылысы» бағдарламасы да инвестициялар көлемінің өсуіне оң әсерін тигізді. Білім беру саласына 134 млрд 522 млн теңге инвестиция салынды.  Сонымен қатар, 2024 жылы Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда айналымының көлемі 1 млрд 310 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт– 1 млрд 104 млн АҚШ доллары, ал импорт – 206 млн АҚШ доллары»,- деді спикер.
Нұрқожа Ермекұлының сөзінше, республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымдағы үлесі бойынша Түркістан облысы 1-орынды алып отыр. Бұдан бөлек, республика бойынша Түркістан облысы ірі қара мал және қой саны жағынан да көш бастады.
Сонымен қатар, өңірде 2024 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 трлн 214 млрд 45 млн теңгені құраған. Өнеркәсіп өндірісінің едәуір үлес салмағы — тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірілген өнім көлемі облыстың жалпы өнеркәсіп өндірісінің – 48,2% үлес салмағын алып отыр. Өндіріс көлемінің өсуі жиһаз жасауда – 62,1%, мұнай өнімдерін өндіруде – 49,9%, металлургияда – 25,1%, машина жасауда – 12%, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруде – 7,5%, тамақ өндірісінде– 3%. Бұдан бөлек, облыс бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 536 млрд 152,1 млн теңгені құрады. Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 216 млрд 580,1 млн теңге инвестиция салынған. 2024 жылы облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 1 млн 153,3 мың шаршы метрді құрады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ТЕЛІМІНДЕ ЗАҢСЫЗ ОР ҚАЗҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
293
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
234
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
199

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.