ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР САНЫ 90 %-ҒА ӨСКЕН — Төрттаған
Суббота, 26 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР САНЫ 90 %-ҒА ӨСКЕН

Түркістан қаласында 2024 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 452,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 14,4 пайызға жоғары. Дәлірек айтар болсақ, 2023 жылы облыс орталығынында өңірлік өнім көлемі 370,8 млрд теңгені құраған болатын. Сондай-ақ, қалаға инвестиция тарту бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, нәтижесінде өткен жылы 400,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл жайында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

05.02.2025
Жаңалықтар
0

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Қаламызда жалпы аумағы 310 га құрайтын 2 өндірістік аймақ бар. Оның ішінде 1 арнайы экономикалық аймақ аумағы 180 га, бүгінгі таңға жалпы құны 126 млрд.теңгені құрайтын, 3050 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 15 жоба қарастырылып отыр. Сондай-ақ, жалпы аумағы 190 га құрайтын 1 индустриалды аймақ жұмыс істейді, бүгінгі күнде аймақта жалпы құны 10,5 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылған. Алдағы жылдары құны 15,8 млрд.теңге болатын және 525 адамды жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 19 жоба іске асыру жоспарлануда»- деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар, облыс орталығы атанғалы бері өңірге келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. Салаға соңғы 2 жылда 74,2 млрд теңге инвестиция тартылса, өткен жылы 61,9 млрд теңге тартылған. 2024 жылы Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1,1 млн адамға жетсе, оның ішінде шетелдік туристер 23,2 мың адамға жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 90,1 пайызға жоғары. Қазіргі таңда, туризм саласын одан әрі дамыта түсу мақсатында құны 145 млрд.теңгені құрайтын, 955 жұмыс орнын ашуға мүкіндік беретін 13 жоба іске асыру жоспарлануда.
Қаладағы жұмыссыздық мәселесін жою бойынша да бірқатар жобалар қолға алынған. Нәтижесінде, өткен жылғы көрсеткіш бойынша өңірдегі жұмыспен қамтылмағандар деңгейі 4,9 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша 143 азаматқа мемлекеттік гранттар берілген. «Бастау бизнес» жобасы аясында 746 адам, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша 117 адам сертификат алып, сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 369 адам қамтылған.
2024 жылы қалада 534 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 124,9 млрд теңгені құраған. Қазіргі таңда, Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 579 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеліп тұр. 2024 жылы кезекте тұрған 961 отбасы пәтер иесі атанса, 2025 жылы 944 пәтер беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Отбасы банк» арқылы 58 тұрғын үйдің 3076 пәтері сатылды. 2025 жылға 2127 пәтерді құрайтын 30 тұрғын үй пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Қаладағы инфрақұрылым саласында да бірқатар оң өзгерістер бар. Мәселен, ауызсу және электр жарығымен қамтамасыз ету көрсеткіштері 100 пайызды құраса, табиғи газға қосылғандар 98 пайызға жеткен. Бүгінгі таңда, аталған көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін 1 нысанның жобалық сметалық құжаттары әзірленген. Сондай-ақ, қала үшін өзекті болып тұрған орталықтандырылған кәріз жүйесіндегі құрылыс жұмыстары уақытылы бітсе жыл соңына дейін көрсеткіш 87 пайызға жетпек. Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысында бұл 36,5 пайызды құраған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Тұтынушы тауарды қайтарғанда ақшасын қалай ала алады?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: МОПЕДТІ ТІЗГІНДЕУШІЛЕРГЕ ТАЛАП КҮШЕЙТІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
5
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.