Жолдау-2024: Еңбек адамдары қолдау білдірді — Төрттаған
Четверг, 5 ноября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жолдау-2024: Еңбек адамдары қолдау білдірді

11.09.2024
Қоғам
0
Жолдау-2024: Еңбек адамдары қолдау білдірді

READ ALSO

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтетінін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған. Осыған орай 5 саяси партия мен жиырмаға жуық республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілінен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылған болатын.
АЭС-тің тиімді тұстарын көпшілікке түсіндіріп, негізсіз ақпараттардың алдын алуды мақсат еткен штабтың жұмысы Түркістан қаласынан бастау алды. Атап айтқанда, Парламент Мәжілісінің Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік ететін штаб өкілдері Түркістан локомотив пайдалану депосы ұжымымен кездесті.
Ұжым мүшелерімен кездесу жиындарына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов, облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов, энергетика саласының мамандары мен зерттеуші ғалымдар, қоғам белсенділері мен еңбек ұжымы қатысты. Алдымен Мәжіліс депутаттары ел Президенті көтерген бастаманың маңыздылығын және АЭС-тің пайдасын түсіндірсе, сарапшылар мәселеге ғылыми тұрғыдан тоқталды.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған басты саясат – халық үніне еститін мемлекет құру. 6 қазанда өткелі жатқан референдум соның бір айғағы. Біз сіздерге АЭС салуға келісіңіздер деп айтқалы тұрған жоқпыз.   Мақсатымыз – жаңа бастаманың елге, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін пайдасын жеткізу, түрлі алып-қашпа әңгімелердің алдын алу. Сонымен қатар болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізетін, энергия тәуелсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік болатын жобаны жан-жақты таныстыру. Ал, референдумда кім қандай таңдау жасаймын десе де өз еркінде. Дегенмен, әлемдегі білікті ғалымдар мұндай АЭС-тердің қауіпсіздігіне кепілдік беріп отырғанын, сол үшін де өзге елдер жаңа энергия көзінің құрылысын бастап кеткенін айта кету керек. Біз айтып отырған атом электр станциясы қауіпті болса, АҚШ, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Украина сынды көптеген мемлекет ондаған АЭС салмас еді. Біз болашақта энергия тапшылығына тап болмауды, электрді шет елдерден бірнеше есе қымбат бағаға сатып алмауды бүгіннен бастап ойлауымыз қажет, — деді Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов.
Өз кезегінде еңбек адамдары да өз пікірлерін ортаға салып, энергия тапшылығы ел экономикасының дамуына, әлеуметтік жағдайдың түзелуіне кері әсер ететінін айтты. – Біз энергия тапшылығының қандай болатынын, қиыншылықтарын 2000-шы жылдары көргенбіз. Болашақта дәл сондай жағдай орын алатын болса, барлық саладағы жұмыс тоқтап, тоқырауға ұшырайтынымыз анық. Қазір тіпті күнделікті тіршілігіміз де электр қуатымен тікелей байланысты. Ең бастысы – АЭС салу барысында қауіпсіздігіне айрықша мән берілуі керек, — деді ұжым мүшелері.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қайрат БАЛАБИЕВ: Энергетикалық еркіндік үлкен табыстарға жол ашады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА НЕ СЕБЕП?

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

20.10.2026
9
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

20.10.2026
14
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

От классического пенсионного аннуитета — к новым возможностям

20.10.2026
8
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

20.10.2026
5
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционные портфели под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 сентября 2026 года

20.10.2026
6
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

20.10.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
335
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
298
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
230

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.