АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЗАҢСЫЗ АЛҒАН 3 ОТБАСЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ — Төрттаған
Понедельник, 26 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЗАҢСЫЗ АЛҒАН 3 ОТБАСЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ

02.09.2024
Жаңалықтар
0
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЗАҢСЫЗ АЛҒАН 3 ОТБАСЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады», деп айтып өткен болатын.
Бүгін Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық мәжілісте әлеуметтік қамту саласында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар жөнінде Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова баяндады.
Сотқа 5 отбасының құжаттары жолданып, 33 отбасыға хабарлама берілді.
Бұл кемшіліктер қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бөлім тарапынан құрылған жұмысшы топпен АӘК тағайындауға ұсынылған құжаттарды қайта тексеру барысында анықталған. Бөлім басшысының мәлімдеуінше АӘК алу үшін табысын жасыру, отбасы мүшелерін толық көрсетпеу, мекенжайды өзгертіп ұсыну деректері жиі орын алған.
2024 жылдың ІІІ-тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өткізілген 3409 құжаттың 1960-на төлем жасаудан бас тартылған. Оның 286-сы жұмысшы топтың тексеруінен кейін кері қайтарылған.
Қала әкімі заңсыздыққа жол бергендердің жауапкершілігі қатаң қаралатынын ескертіп, Сауран және Шауғар сектор жетекшілерін жұмыстан босатуды тапсырды.
— Әлеуметтік қолдауға мұқтаждардың несібесіне қол сұғу кешірілмейді. Мен сіздерді төлемнен пайда көрдіңіздер деп айтпаймын, алайда бір адамға тиесілі көмектің өзге адамға төленуіне жағдай жасау – заңдылыққа да, адамгершілікке де қайшы тірлік. Жұмысшы топ мүшелеріне де қойылатын талап осы, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.
Сонымен қатар, Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талған Үсенбаев тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берді. Қала аумағындағы көпқабатты үйлердің жалпы саны 379-ды құрайды. Оның 175-сі көгілдір отынға қосылған, қалған 204-і орталық жылу жүесі арқылы жылытылады. Баяндамашы орталық жылу жүйесіндегі қысымдау жұмыстары бүгінгі таңға толық аяқталғанын жеткізді.
Қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жеңіс Төлепбергенов, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев бекітілген жоспар бойынша іс-шаралардың атқарылуын баяндады.
Қала тазалығын қамтамасыз ету бағытында атқарылған тірліктердің көрсеткішін қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары Ахан Сапарбеков ұсынды. 26-тамыз бен 01-қыркүйек аралығында қала аумағында Ортақ пайдалану орындарда ластау (ӘҚБтК 434-2 бабы) дерегімен — 194, Абаттандыру қағидатын бұзу (ӘҚБтК 505-бабы) дерегімен – 50, Жол жабындысын бүлдіру (ӘҚБтК 630-бабы) дерегімен 17 хаттама толтырылып, айыппұл рәсімделген.
Нұрбол Әбдісаттарұлы тазалық сақтауда тұрғындармен қатар тазалық мекемелерінің де жұмысына қадағалауды күшейтуді тапсырды.
— Тұрғындар кей көшелерде тұрмыстық қалдықтардың мерзімінде алынбайтынына жиі шағымданады. Ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне таңдаулы көшелерде тұрақты түрде зерделеу жүргізіп, есеп ұсынуды тапсырамын. Тазалық мекемелері де өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс, — деп, шаһар басшысы ескерту жасады.
Мәжіліс қорытындысымен тапсырма-жоспар қайта түзіліп, орындалу мерзімі мен жауаптылар қайта бекітілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Түркістан облысында 500 мыңға тарта оқушыға жол қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жолдау-2024: Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының драйвері

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.