219 ТАПСЫРМАНЫҢ 190-Ы ОРЫНДАЛЫП, 27-І КЕЗЕГІН КҮТУДЕ — Төрттаған
Понедельник, 3 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

219 ТАПСЫРМАНЫҢ 190-Ы ОРЫНДАЛЫП, 27-І КЕЗЕГІН КҮТУДЕ

26.08.2024
Жаңалықтар
0
219 ТАПСЫРМАНЫҢ 190-Ы ОРЫНДАЛЫП, 27-І КЕЗЕГІН КҮТУДЕ

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен бүгінгі мәжілісте бұл жөнінде Құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бексұлу Сүлейменова баяндады. Бұл тапсырмалар қала әкімінің шілде айында секторларда тұрғындармен өткен кездесуінде белгіленген болатын.
Жауапты басшылар Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне жүктелген 92 тапсырманың 11-нің, Құрылыс бөліміне жүктелген 24 тапсырманың 11-нің орындалу сатысына тоқталып, мерзімін қайта бекітуді сұрады.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас Бөлегенов бюджеттің атқарылуы мен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жөнінде баяндама жасады. Түркістан қаласы бойынша 35 индикатор бекітілген. Жетекшілік ететін салалары бойынша қала әкімінің орынбасарлары тындырылған тірліктерге тоқталып, мәлімет берді.
19-25 тамыз аралығында құқық бұзушылықтың алдын алу, қала тазалығы және абаттандыру қағидасы талаптарының сақталуы бойынша Полиция басқармасы тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылған. Басқарма басшысының орынбасары Ахан Сапарбековтың мәлімдеуінше, қоғамдық орындарды ластау дерегімен 194 азаматқа 2 млн. 187 мың 510 теңге айыппұл салынып, елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзған 50 азаматқа 92 300 теңге айыппұл рәсімделген.
Қала әкімдігінің жұмысшы тобы анықтаған кемшіліктердің есебін Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Ердаулет Төрехан ұсынды. Берілген тапсырмалардың орындалу сапасы да сараланып, жіберілген олқылықтар тізбесі көрсетілді.
Білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасованың жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы баяндамасынан кейін шаһар басшысы тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Нұрбол Әбдісаттарұлы:
— Қазіргі ең басты міндет – мектептердің дайындығын, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Білім беру мекемелері орналасқан жолдарда жаяуларға арналған өткелдердің сызбасы жаңартылып, жол белгілерінің талапқа сәйкестендірілгені жөнінде есеп бердіңіздер. Ұйымдастыру бөліміне атқарылған жұмыстарды толық тексеріп, нәтижесін баяндауды тапсырамын. Құрылыс бөлімі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының сатысын зерделеп, мәліметін ұсынсын. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жүктелген тапсырмалар бақылауға алынсын. Орындалуы күнделікті лездемелік мәжілісте сұралатынын ескертемін, — деді.
Мәжіліс қорытындысымен хаттамалық тапсырмалар жаңартылып, қайта бекітілді.
Сонымен бірге, осы күні қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Әкімшілік-іскерлік орталықтағы көшелерді аралап, тапсырмалардың орындалуы бойынша бекітілмге сәйкес жауапты басшылардың есебін тыңдады.
Көпқабатты үйлердің 1-қабатында орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарының маңдайшасы ретке келтіріліп, ретсіз жарнамалары жойылған.
Шаһар басшысы көше жарықшамдарын қосу кестесін қайта түзіп, уақытылы орындалуын қадағалауды, аулалар мен арық-атыздардың тазалығына мән беруді ескертті. Сонымен қатар, көгалдар мен ағаштардың күтіміне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕПТЕР МАҢЫНДАҒЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҒЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
438

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
368
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.