“АЙТҚАНДЫ ІСТЕУ ЕМЕС, ЖҰМЫСТЫ АЙТҚЫЗБАЙ ІСТЕУ — МЫҚТЫЛЫҚ” — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“АЙТҚАНДЫ ІСТЕУ ЕМЕС, ЖҰМЫСТЫ АЙТҚЫЗБАЙ ІСТЕУ — МЫҚТЫЛЫҚ”

06.08.2024
Жаңалықтар
0
“АЙТҚАНДЫ ІСТЕУ ЕМЕС, ЖҰМЫСТЫ АЙТҚЫЗБАЙ ІСТЕУ — МЫҚТЫЛЫҚ”

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.
Осы орайда,
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін бірқатар нысандарды аралап, қала тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын тексерді.
Аралау нәтижесімен лездемелік мәжіліс өткізген шаһар басшысы кемшіліктер бойынша сала басшыларына қатаң ескерту жасады.
Нұрбол Әбдісаттарұлы салаға жетекшілік ететін орынбасарына тазалықпен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жұмысына қадағалауды күшейтуді тапсырды.
Қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков “Таза Қазақстан” экологиялық жоба аясында атқарылған жұмыстарды баяндап, жоспарларын ұсынды. Сонымен қатар, инфрақұрылым жүйелері мен ойын алаңшаларын, құрылыс нысандарын зерделеу кезінде жұмысшы топ анықтаған кемшіліктерді жою барысына тоқталды.
Мәжіліс барысында Ә.Жангелдин көшесінде жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңына дейін толық аяқтау тапсырылды. Сондай-ақ, кәріз жүйесінің құрылысы жүрген көшелердің жағдайын саралау, жолдарды қалпына келтіру, тас төсеу мәселесі де бақылаудан түспейтіні ескертілді.
— Бүгінгі жұмыс деп ертеңгі жоспарды ұмытпаңыздар. Келесі жылы атқаратын тірліктерді осы күннен тиянақтаған дұрыс. Құжаттар мен бюджеттік өтінімдерді рәсімдеуді кешіктірмеңіздер, — деді қала әкімі өз сөзінде.
“Айтқанды істеу емес, жұмысты айтқызбай істеу — мықтылық” деп, бөлім басшыларына мәселелерге жауапкершілікпен қарауды ескертті.
Мәжіліс қорытындысымен нақты тапсырмалар белгіленіп, мерзімдер бекітілді.
Түркістан қаласында қауіпсіздік шараларына қатаң талап қойылады. Бүгінде қалада қала түрғындарымен қатар, алыс-жақыннан келген қонақтар да аз емес. Түркістан қаласына келуші қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаһарда 25 туристік полиция қызметкері жұмыс істейді. Оларға арнайы нысанды киім, құрал-жабдықтар мен қажетті техникалар берілген.
Туристік тәртіп сақшылары – Қ.А.Ясауи кесенесі, Керуен сарай кешені, Президент саябағы аумағын сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін екі ауысыммен бақылап, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алады. Көмек қажет болған жағдайда жәрдем етеді.
Туристік полицияның қызметіне соңғы бір айда 650-ден астам азамат жүгінген. Мамандардың айтуынша, туристер мен қонақтар «Түркістанда қандай қонақ үйге тоқтауға болады?», «Көші-қон полициясы қайда орналасқан?» және бір нүктеден екінші нүктеге қалай жетуге болатыны жайындағы сұрақтармен жиі келеді.
Қызметкерлер – жедел әрекетке дайын жас мамандар. Қазақ, орыс, түрік, қытай, ағылшын тілдерін және қала тарихын жетік меңгерген.
Сонымен бірге, Түркістан қалалық әкімдік тарапынан құрылған жұмысшы топ заңсыз сауда-саттықтың алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Заң талаптарын бұзған, белгіленбеген орындарды өз бетінше иемденген кәсіпкерлер мен саудагерлерге әкімдік тарапынан бірнеше рет түсіндіру шаралары жүзеге асқанымен, кей азаматтар ескертуге немқұрайлық танытып келді.
Ендігі кезекте заңсыз орналасқан сауда дүңгіршектерінің иелеріне «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 204-і бабымен хаттамалар толтырылып, дүңгіршектер айыптұраққа қойылатынын ескертеміз.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҰҚЫМБАҚТАРДА 35 МИЛЛИОННАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ӨСІРІЛІП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСА ЖЕКЕ ТҰЛҒА БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛҒАН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.