ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ ҰЙЫТҚЫСЫ – ЕНЕ МЕН КЕЛІН» САЙЫСЫ ӨТТІ — Төрттаған
Понедельник, 26 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ ҰЙЫТҚЫСЫ – ЕНЕ МЕН КЕЛІН» САЙЫСЫ ӨТТІ

02.08.2024
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ ҰЙЫТҚЫСЫ – ЕНЕ МЕН КЕЛІН» САЙЫСЫ ӨТТІ

READ ALSO

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

Президент бағдарламалық мақаласында: «Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейса­налы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Бас­қаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркі­мен торға түседі. Сондықтан жаңа заман­­н­ың жақсы-жаманын екшеп, артық­­шылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәде­ниетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі» деп атап өтті.
Осы орайда, Түркістан қаласында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеген «Ене мен келін» сайысы өтті. Қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан 6 отбасы қатысты.
Сайыстың мақсаты – еліміздегі әрбір шаңырақтың тату-тәтті, үлгілі болуын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтауға үлес қосу.  Ұлттық мұрамызды ұлықтап, бүгінгі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата-дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жандандыру, өнер әлеміне жетелеу, ежелден қазақ келіндеріне тән әдемілік пен ізеттілік, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді насихаттау, ақылды да, үлгілі келіндерді елге таныстыру. Бұл асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру баршамыздың міндетіміз»
Жарасымды жанұяны анықтап, өнегелі отбасын көпке үлгі ету. Ұлттық салт-дәстүрімізге сай, ене мен келін шаңырақтың ұйытқысы мен берекесі екендігін ұғындыру.
Анасы мен қызындай сыйласқан қатысушылар ұмыт болып бара жатқан Құрсақ тойы, Қазанжарыс, Тымаққа салу, Қырқынан шығару, Тұмар, Айдар сияқты салт-дәстүрлерімізден көрініс көрсетіп, сөз шеберліктерін танытып мақал-мәтел айтудан жарысқа түсті. Сондай-ақ, шебер қолдарымен кесте тігіп, қолөнерден де кенде емес екендіктерін дәлелдеді. Ұлттық нақыштағы образда отбасылық өнер көрсетіп, сыйластығымен ерекшеленген қатысушылар арасынан жоғары ұпаймен жүлдеге ие болғандар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Жиында сөз алған облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлмайымбетов бүгінгі сайыстың маңызы жоғары екенін атап, отбасының бірлігі – Отанның беріктігі екеніне тоқталды. Қазыналы қариялар мазмұнды әңгімелерінде ел боламыз десек бесігімізді түзеп, жас ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру қажеттігін айтып, әрбір шаңыраққа бақытты, берекелі ғұмыр тіледі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 4520 АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржылық алаяқтықпен күрес: жаңа заң және азаматтарды қолдаудың жаңа әдістері

Оқи отырыңызМақалалар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12
ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ

05.09.2024
7
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

23.08.2024
3
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

21.08.2024
3
ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

10.08.2024
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.