«Экологияны сауықтыруға борыштымыз» — Төрттаған
Четверг, 5 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Экологияны сауықтыруға борыштымыз»

Елде экологиялық жағдай күн өткен сайын күрделеніп бара жатқаны жасырын емес. Ол туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртайдың пікірінше, елімізде қоршаған ортаға қатысты мәселелер қордаланып тұр. Тіпті АЭС шикізаты уранды алу әдісінің өзі ойландырады.

13.09.2024
Жаңалықтар
0
«Экологияны сауықтыруға борыштымыз»

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Елде экологиялық жағдай күн өткен сайын күрделеніп бара жатқаны жасырын емес. Ол туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртайдың пікірінше, елімізде қоршаған ортаға қатысты мәселелер қордаланып тұр. Тіпті АЭС шикізаты уранды алу әдісінің өзі ойландырады.

– Уранды өзімізде өндіреміз деп қуана­мыз, алайда соны жер бетіне шығару әдісі қоршаған орта үшін қолайлы емес сияқты?

– Дұрыс айтасыз. Уран қоры және оны өндіру жағынан әлемде алғашқы үштікке кіреміз. Бұл – өте бағалы қазба байлық. 1 келі уран дәл сол көлемдегі көмірден 20 мың есе қуатты энергия береді. Алайда уранды өндіру оңай емес. Бізде уран шаймалау әдісімен алынады. Мұның қоршаған ортаға – топырақ, өсімдік, жерасты суларына зияны тиеді. Сондай-ақ батыс аймақта ірі мұнай-газ кеніштері жұмыс істеп тұр. Ол жақта экологиялық ахуал өте нашар. Өндіріс орындарынан бөлінетін улы қалдықтар көп. Партия азаматтары ол өңірде сан мәрте болды. Жағдаймен танысты. Шетелдік ірі кәсіпорын басшыларымен кездесіп, тұрғындарға қол ұшын беруді, экологияны реттейтін заманауи технологияны қолдау жөнінде ұсыныстар жасады. Жалпы, қай өңірді алсақ та, экологиясы мәз емес. Табиғаттың тепе-теңдігі бұзылған. Осы мәселе көп толғандырғандықтан, «Байтақ» жасылдар партиясын құрған едік.

– Жолдауда экология тақырыбына ерекше көңіл бөлініп, оны шешу жолдары айтылды. Нақты міндеттер де жүктелді. Алып-қосарыңыз бар ма?

– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдегі экология мәселесіне кеңінен тоқталды. Көрер көз, естір құлақ болса, көп нәрсе қам­тыл­ды. Әлбетте, біз өзіміз өмір сүріп отыр­ған ортамыздың жайлы болғанын қалай­мыз. Ендеше, қоршаған ортаны қорғауға баршамыз атсалысқанымыз жөн. Осы орайда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция дер кезінде көтерілді.

Кей елдерде «Табиғат күні» деген атаулы күн бар. Бізге де сол керек сияқты. Халық тым болмағанда, бір күн жаппай сенбілік жасап, табиғат аясына шығып, демалып, қоршаған ортаны жандүниесімен сезінер еді. Елдегі орман көлемі жеріміздің 5 пайызына ғана барабар. Бұл өте аз. Демек, шөлді-шөлейті аймақтарға көшет отырғызып, желкілдетіп орман өсірсек жөн болмақ. Біріншіден, еліміздің экологиясы түзеледі, екіншіден, ағаш – үлкен пайданың көзі.

– «Байтақ» игі бастамалардың басы-қасында жүреді. Бастаманы көтеру бар да, орындалуын қадағалау бар. Нәтиже қандай?

– Партияның көтерген тың ұсыныстары баршылық. Біз қозғаған маңызды мәселенің бірі – ЖЭО-ларды газға көшіру жайы. Қандай құрылғылар керек екенін айттық. Өкініштісі, бас шұлғығаннан басқа, оны қолдап, демеп кетер билікті көрмедік. Тәуелсіздіктің елең-алаңында стратегиялық көп кенішті шетелдік компаниялардың қарауына беріп жібердік. Келісімшарттар шетелдік компаниялардың мүддесіне орайластырылды. Ел мүддесі шет қалды. Бірер ай бұрын осы мәселені көтердік. Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кеніштеріне байланысты жасалған келісімшарттар қайта қаралып, ел мүддесі бірінші орынға шығу керек деген шарт қойдық. Тіпті петиция да жарияладық.

Бір ғана Қашағанды алайық. Оны «ҚазМұнайГаз», «Eni», «Shell», «ExxonMobil», «TotalEnergies», «Қытайдың ұлттық мұнай газ корпорациясы» және Жапонияның «Inpex» мұнай-газ компаниясы игеріп жатыр. Осы кеніште өндірілген мұнайдан түсетін пайданың 2 пайызы ғана елде қалатын көрінеді. Қалғаны қайда? Әрине, әлгі алпауыттардың қалтасында. Бұл келісімшарт қалай жасалды? Үкіметтің не ойлағаны бар? Кезінде тәжірибе аз болды ма, келісімшарттар өте сауатсыз жасалды. Соның бәрін қайта қарау керек. Осы мұнай-газ кеніштеріне байланысты бастамаларымыз әзірге шешімін таппай жатыр.

– АЭС тақырыбы кеше немесе бүгін ғана емес, ондаған жыл бұрын көтерілді. Осы ретте атом энергетикасының экологияға әсерін түсіндіріп өтсеңіз?

– АЭС біздің елге керек. Ол жөнінде дау көтерудің қажеті шамалы. Тіпті қаржылық, экономикалық тұрғыдан да ұтарымыз көп. Ресей энергиясына тәуелділіктен құтылудың бірегей амалы да – осы АЭС. Тізбелесек, атом энергетикасының пайдасы көп, біріншіден, экологиялық таза, екіншіден, тиімді, қауіпсіз, үшіншіден, уран өзімізде өндіріледі, тек маман даярлай алсақ болғаны.

Қазірдің өзінде елімізде электр қуатының жетіспеушілігі аңғарыла бастады. Бұрынғы тоқтап қалған көптеген зауыт-фабриканы, өндірістік кәсіпорындарды қайта жандандыру үшін энергия қажет. Бүгінде әлемнің 31 елінде, жалпы қуаты 391 ГВт болатын 439 реактор жұмыс істеп тұр. Бұған қосымша тағы 52 реактор салынып жатыр. Осының бәрін есепке алсақ, АЭС салудың қажет екенін бағамдаймыз. Әрі біз көмір­тегі бейтараптығына қол жет­кізу бойынша міндеттеме алып отырмыз. Демек, алдағы уа­қытта көміртексіз өндірісті дамы­туға тиіс­піз. Сол себепті парниктік газ шыға­ратын сектор үлесін қысқартып, атом энергетикасына көшу аса маңызды. Бұл – экологияны сауықтыру жолындағы игілікті қадам.

– Рахмет!

 

Әңгімелескен –

Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Көкшелік студенттермен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Талғат Темірханов: АЭС Қазақстанды энергетикалық тәуелділіктен құтқарады

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
156

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.