ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж. Өмірәлиевтің үндеуі — Төрттаған
Вторник, 29 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж. Өмірәлиевтің үндеуі

12.09.2024
Жаңалықтар, Қоғам
0
ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж. Өмірәлиевтің үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес (2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлық) 2024 жылғы 6 қазанда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының салуға келісесіз бе?» деген сауалға республикалық референдум өтеді.

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Оны әзірлеу мен өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» және референдум туралы заңнамаға қайшы келмейтін бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңдарымен реттеледі.

Атап айтқанда, республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 7-1-бабы).

Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн дауыс берiлетін күннің алдындағы 5 күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.

Сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағы).

Бұл талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

Сонымен бірге дайындықтың алғашқы күндерінен бастап прокуратура органдары аталған заңнамалық актілерінің талаптары бұзылған фактілерді анықтады.

Бүгінге республикалық референдумға қатысты заңсыз қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізудің 8 фактісі анықталды.

6 жағдайда оларды жеке тұлғалар, ал 2-уінде заңды тұлғалар Орталық референдум комиссиясын алдын ала хабардар етуінсіз жүргізген.

Аталған фактілер бойынша прокуратура органдары 4 азамат пен
2 заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартты, оларға айыппұл салынды.

Қалғандары бойынша оларды көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде  жұмыстар жүргізілуде.

Референдумға қойылған мәселе бойынша азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер үгіт кезінде жиналыстарда, митингілерде, азаматтардың жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пікірлерін білдіруге құқылы екенін назар аудартамыз («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабы).

Жиналыстар мен митингілер «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң шеңберінде ұйымдастырылып, өткізілуі тиіс.

Бейбіт жиналыстар өткізу талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Үгіт кезеңі 3 қыркүйекте басталды және  2024 жылғы 4 қазанға дейін  жалғасады (сағат 24:00-ге дейін).

Референдумның қарсаңындағы және референдум күндері, яғни 2024 жылғы 5 және 6 қазанында үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Конституциялық заңға сәйкес («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 2, 3, 4-тармақтары) барлық баспа үгiт материалдарында оларды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер болуға тиiс.

Бұқпантай үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға рұқсат етілмейді.

Оларды сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісінше 102, 113 және 124-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

Сондай-ақ Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылыққа, сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табынуға үгiттеуге тыйым салынған.

Аталған теріс әрекеттері үшін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) және 179-бабы (билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған жария түрде шақыру) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Конституцияға сәйкес (83-бап) прокуратура органдары референдум өткізудің барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етеді.

Жоғарыда баяндалғанды ескеріп, Бас прокуратура азаматтарды, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын республикалық референдумға дайындық және оны өткізу кезінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АЭС: мамандар елімізде даярланады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мекен-жайынан адасқан Түркиядан келген туристке полиция көмектесті

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.