Лездемелік мәжілісте тапсырмалардың орындалуы қадғаланды — Төрттаған
Понедельник, 7 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Лездемелік мәжілісте тапсырмалардың орындалуы қадғаланды

01.05.2024
Жаңалықтар
0
Лездемелік мәжілісте тапсырмалардың орындалуы қадғаланды

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.
Осы орайда, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті лездемелік мәжілісті Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне, Құрылыс бөліміне берілген тапсырмалардың орындалуы мен жұмысшы топтың анықтаған кемшіліктерін саралауға арнады.
Қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков рәсімделу сатысындағы жобалау-сметалық құжаттар жайын баяндап, ұсыныстарға тоқталды. «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерді газдандыру барысында туындаған мәселелер талданып, жауапты бөлімге тиісті тапсырмалар жүктелді.
Жолдарға тас төсеу барысы мен қаладағы аялдамалардың жай күйі бойынша Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Арман Оспан есеп берді.
Мәжіліс барысында жұмысшы топтың қала аумағында анықтаған кемшіліктері ұсынылды. Бүлінген жол жабындылары мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды ретке келтіру, құдықшаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, шұғыл әрекет ету, тазалықты қамтамасыз ету және заң аясында тиісті шараларды қабылдау тұрақты қадағаланатынын ескерткен Нұрбол Әбдісаттарұлы әр бөлім басшысына күнделікті жұмысты бекітілген аумақтарды аралаудан бастауды тапсырды:
— Бөлімдер көрмеген кемшіліктерді сектор жетекшілері ұсынуы тиіс. Нәтиже көңілден шығуы үшін жұмысты өз деңгейінде ұйымдастыра білу маңызды. Тұрғындардан артық көмекші жоқ. Рас, маманы болмаған соң кей мәселелерді түсінбеуі мүмкін. Түсіндіріңіздер. Орынды сынды қабылдауды, қорытынды шығаруды үйреніңіздер, — деді қала әкімі өз сөзінде.
Сонымен бірге қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Иасауи» тұрғын үй кешеніне барып, берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді.

Қазіргі таңда мұнда спорт және балалар алаңшасы жасақталып аяқталды. Аулаға асфальт жабындысы төселіп, көгалдандыру жалғасуда. Үйлердің қасбеттерін реттеу ісі соңына таяды.
Көпқабатты үйлер Тоған көшесінің тұйығына орналасқандықтан көлік қатынасын реттеу мәселесі де шаһар басшысының назарынан тыс қалмады. Көпқабатты үй жанынан Ұлыс көшесіне жалғасатын жол ашылып, асфальт төселді.
Сондай-ақ, аралау барысында Нұрбол Әбдісаттарұлы жауапты мамандардың Тоған көшесінде жол ыңғайлылығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын тыңдап, қауіпті бұрылыс аймағын аралады. Жобаның тиімділігін негіздеп, қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде атқарылған жұмыстарды талдап, бөлім басшысы Эльмира Бейсенованың есебін тыңдады.
 Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, бөлім тарапынан учаскелік комиссияның жұмысына, АӘК тағайындаудың шынайылығына мониторинг жүргізілді. Құжаттарды қайта зерделеу барысында 8 отбасына АК заңсыз тағайындалғаны анықталып, қаржыны қайтару бойынша хабарлама жолданған.
Сонымен қатар, тұрақты жұмысқа жолданғандардың жұмыстан жалтару деректері орын алмауы үшін қадағалау жалғасуда. АӘК алушы азматтардың мәртебесінің шынайылығына зерделеу тұрақты атқарылуда. Жылдың алғашқы тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда азайды.
Мүгедектігі бар азаматтарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының 2024-жылғы жоспары бойынша, қосымша қажетті 1812 құралға облыстық басқармаға ұсыныс жолданып, республикалық бюджетке өтінім рәсімделуде.
 Жұмыспен қамту шаралары туралы “Еңбек мобильділігі орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Түркістан қалалық мансап орталығының басшысы Нұрсұлтан Жүсіпбаев баяндады.
 Құрылыс басқармасынан ашылған 2 жобада – 14, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінен басталған 8 жобада – 30, қалалық құрылыс бөлімінен ашылған 2 жобада 19 адам жұмыспен қамтылды. Жалпы өңірлік карта аясында 63 адам жұмысқа орналасты.
«Күміс жас» жобасы аясында 171 азамат жұмыспен қамтылған, тұрақты бос жұмыс орындарына – 1205, қоғамдық жұмыс орындарына — 1006, әлеуметтік жұмыс орындарына — 140, Жастар практикасына 96 адамға жолдама берілді. Жалпы белсенді еңбек шараларына қатысқандар саны — 2748.
 Нұрбол Әбдісаттарұлы белгіленген жоспарлардың толық орындалуы тиіс екенін ескертіп:
— Сыбайластыққа жол берілмеуін қатаң қадағалаңыздар. Мұқтаж отбасылардың несібесіне қол сұғушылар заңмен жазаланады. Көмек сұрап келген әр тұрғынның жағдайын зерттеңіздер. Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуды білмейтін, құжаттары жоқ шын мұқтаж адамдар болады. Мұндай жағдайда құқықтық кеңес беріп, құжаттарын рәсімдеуге көмек беру керек, — деді. Жиналысты қортындылай келе, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуына мерзім белгіледі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

 ПОСТ-ШЫНДЫҚТЫ ТҮСІНУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Желідегі әсер

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.