«БАЛА — КӨРГЕНІН БОЙЫНА ЖИЫП, ҚҰП КӨРГЕН АҚЫЛЫН САНАСЫНА ТҮЙІП ӨСЕДІ» — Төрттаған
Вторник, 19 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«БАЛА — КӨРГЕНІН БОЙЫНА ЖИЫП, ҚҰП КӨРГЕН АҚЫЛЫН САНАСЫНА ТҮЙІП ӨСЕДІ»

29.04.2024
Қоғам
0
«БАЛА — КӨРГЕНІН БОЙЫНА ЖИЫП, ҚҰП КӨРГЕН АҚЫЛЫН САНАСЫНА ТҮЙІП ӨСЕДІ»

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Қашанда тәрбие мәселесі басты орында. Жалпы балалардың жақсы білім алып қана қоймай, қоғамға үлесі тиетін үлгілі, тәрбиелі азамат болып қалыптасуы үшін тиісті іс-шара жоспары жасалған.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елде құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігіне баса мән берген болатын. Әсіресе отбасында болатын зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде қарау да күн тәртібіне қойған болатын.

 Президентіміз Түркістан қаласында өткен құрылтайда «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет.

Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс» дей келіп, олардың ел заңдарын сақтауына көңіл бөлген болатын.

«Бала — көргенін бойына диып, құп көрген ақылын санасына түйіп өседі. Демек, жасөспірімдердің қатысуымен қандай да бір келеңсіздік орын алса, кінәліні іздеумен емес, өзімізді түзеумен айналысуымыз керек». Бүгін мектеп директорларымен, тәрбие ісіне жауапты мамандарымен, ата-аналар комитеті өкілдерінің қатысуымен «Өнегелі ұрпақ тәрбиесі – ортақ міндет» тақырыбында өткен алқалы кеңесте қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков осылай деді.
Қаңтар айында өткен алғашқы кеңесте келісілген мәселелер бойынша қалалық Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев баяндап өтті. Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында рейдтік шаралар күшейтіліп, нәтижесінде жыл басынан бері түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде 19 бала, көпшілік орындарда қайыршылық дерегімен мектеп жасындағы 12 бала анықталған, тексеру барысында 4 оқушының Шымкент қаласынан келгені нақтыланды. Түнгі мезгілде ата-анасыз жүрген 343 жасөспірімнің ата-аналарына ескерту берілген. Сонымен қатар, ата-ана міндетін орындамағаны үшін 36 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау, ерте жүктілік мәселелері де күн тәртібінен түскен жоқ. Қалалық орталық емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев 17-18 жастағы жүктілікпен 12 жағдай тіркелгенін, оның 8-і колледж студенттері, 4-і үй шаруасындағы жасөспірім екенін жеткізді.
Мемлекеттік және жекеменшік мектептердің жетістіктері мен тазалық жұмыстарының барысы жөнінде қалалық Білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова есеп берді. 2023-2024 оқу жылында облыстық олимпиадаға 117 оқушы қатысып, 85-і үздіктер қатарынан табылған. Республикалық олимпиадаға жолдама алған 10 баланың 7-уі жүлдемен оралған.
Білім саласының ардагері Гүлбарам Малбаева мектеп бағдарламасы мен ұстаздардың жұмыс тәсіліне қатысты пікірін білдірді. Қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов өз кезегінде бала тәрбиесіне қатысты тәжірбиесімен бөлісіп, орта және жоғарғы сынып оқушыларын еңбекке баулу бойынша ұсыныстарын айтты.
Қала прокуроры Каукен Нәрікбаев азаматтық жауапкершілік, заңдылық пен құқықтық сауаттылыққа кеңінен тоқталды. Жасөспірімдер көбіне құқықбұзушылықтан келетін зардаптан бейхабар болатынын, алайда заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайтынын атап өтті. Сонымен қатар, алаяқтық сипаттарының түрленгеніне тоқталып, мәжіліске қатысушыларды күмәнді хабарламаларға бой алдырмай, сақтануға шақырды.
Жиналысты қортындылай келе Нұрбол Әбдісаттарұлы ұрпақ тәрбиесінде немқұрайлық таныту – баланың ғана емес, елдің де келешегіне балта шабумен тең екенін баса айтты:
— Бүгінгі мәжіліс есепті тыңдаумен шектелмей, ой салуы керек. Мен өздеріңізден тың ұсыныстар күткен едім. Оқу-тәрбие ісінде бастамашы болуымызға не кедергі? Жасөспірімдерді дұрыс жолға бағыттауды, олардың қызығушылықтарын ескере отырып, жаңа әдістемелер енгізуді осында отырған Сіздерден — күнделікті оқушылармен жұмыс істейтін ұстаздардан артық ешкім атқара алмаса керек. Әрине, ата-аналар да бұл үдерістен шет қалмайды деп білемін. Келесі кеңеске міндетті түрде ұтымды жобалармен келесіздер деп сенемін, — деп, мектептерде құқық қорғау саласы мамандарының, прокуратура және сот өкілдерінің қатысуымен жоғарғы сыныптарда құқықтық сауаттылық сабақтарын ұйымдастыруды, еңбек ардагерлерімен кездесулерді тұрақты түрде жалғастыруды тапсырды.
Қолайсыз отбасылармен, құқықбұзушылыққа бейім деп танылған жасөспірімдермен жүргізілетін жұмысты жетілдіру Полиция басқармасымен келісілді.

Қазіргі таңда өмірге көз — қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруі де ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты.
Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдермен қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық.

Жасөспірімдердің қылмыстары арасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық әдетті іске айналып бара жатыр. Сонымен қатар жасөспірімдер зорлық- зомбылықты шегінен асырып жасайды. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Жастар арасындағы қылмыстар ер балалар мен қыз балалардың нашақорлық, таксикомания және алкагольдық әсерімен жасалады. Қазіргі таңда мастықпен жасалатын қылмыстар айтарлықтай жиі кездеседі. Әрбір бесінші қылмыс жасөспірімдердің алкагольдың немесе нашаның әсерімен жасалады. Қазіргі таңда қыз балалардың қылмыс жзасауы жиі кездесіп жатады .
Алдын ала жоспарланып, дайындалып, техникамен жабдықталған қылмыстар көбейіп бара жатыр. Бұл кылмыстарды көп немесе топтасып жасайды.

Жастардың тең жартысы топ ішінде қылмыс жасайды. Кәмелетке толмағандардың жасайтың қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны бұзакылык. Бұзақылық үшін сотталғандар ішінде аса катығездікпен жасағандар басым көпшілік. Кәмелетке толмаған кылмыскердін мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халыктың құқтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы, заңды толық білмеуі, олардың әділеттікке сенбеуін туғызады.

Соңғы кезде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың өсіп кетуі экономикалық жағдайлардың нашарлауы және қогамның қысымы деген турақты ой калыптасуда.
Әрине бұның барлығы үлкендер арасындағы қылмыстардың көбеюіне себепші, алайда өмір деңгейінің төмендеуі жасөспірімдерге үлкен әсер етеді, себебі жастар қоғамның осал тұсы болып табылады. Бұл осалдық жастардың ерекшеліктерінде (психикасының қатаймауы, құндылықтар жөніндегі ойдың қалыптаспауы) ал үлкен адамдар оларға қарсы тұра алады. Заңды жолмен өздерінің талаптарын қанағаттандыра алмағандықтан жастар ақша жасау және өздеріне керек заттарды, өз күшіне қарай алуға тырысады, бірақ көбінесе қылмыстық жолмен жасалады. Кәмелетке толмағандар рэкет, заңсыз бизнеспен айналысу да жиі кездеседі. Жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмауынан туып отыр. Зерттеулерге жүгінетін болсақ сотталғанға дейін жасөспірімдердің бірнеше қылмыс жасайтыны белгілі.
Қазіргі Қазақстанда жастар өзара өте күшті конкуренцияға түсуде, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, мүліктік, саяси көзқарастары бір- біріне қарама – қайшы келеді. Бүгінгі жастар ортасында әлеуметтік топтар арасында қарама қарсылық бар, яғни, бір топ жастар өзін қорғауда біреулерге арқа сүйейді, олардың ішінде билік органдары да бар. Ал екінші топ ондай көмекке ие бола алмайды. Сондықтан олар қыспаққа түседі.
Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек. Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керек. Әрбір отбасында ата – ана өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын сөйлесіп, оны мазалаған ойларын біліп, оның айналасындағы достары туралы хабардар болып, оның проблемаларын шешуге көмектесіуі керек. Осы жағдайларда жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың алдын – алуға болады деген сенімдемін.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Желілік технологиялар қоғамдық мәдениеттің бір элементіне айналды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Адамдардың бұқаралық санасының бір қыры

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.