Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ның ұйымдастыруымен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы пирамидасының, интернет-алаяқтарының, құқықтық заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында барлық ауыл округтерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында азаматтар көп шоғырланатын орындарда атап айтқанда, сауда орталықтары, базарлар және автобустарда, орталық саябақта үнпарақтар таратылып, жаднамалар ілінді.
Шараның мақсаты — жастарға жеке бюджетті бақылау, карталарды қорғау, кеңінен таралған қаржылық өнімдер мен қызметтерді сауатты пайдалану машықтарымен, «Ақылды сауда» қағидатын ұғындыру.
Үнпарақта заманның өзгеруіне қарай алаяқтар да түрленіп жатқанын еске сала отырып, қаржы пирамидасынан сақ болу ескертілді.
Елімізде кейінгі жылдары қаржы пирамидасының шырмауына түсіп қалған қазақстандықтардың саны жыл сайын өсіп келеді. Айла-шарғысы мол алаяқтар, қарапайым халықтың сенгіштігін пайдаланып, соңғы уақытта қаржылық пирамидалар әлеуметтік желінің әлеуетін өздерінің арам пиғылдарын іске асырып, оны тиімді қолданып, белсенді жұмыс істеуде. Жалпы қаржылық пирамида дегеніміз – жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебінен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдісі. Пирамиданың бірінші қатысушыларына табыс кейінгі қатысушылардың салымы есебінен төленеді. Аяғында соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды. Пирамидадағылар жаңа қатысушыны тартқанда жоғары табыстылықты, кез келген жағдайда ақша кірістілігін, мансаптық сатыда жылдам көтерілу туралы уәде береді. Таныс адамдар арқылы жарнама жасап, түрлі тренингтер жүргізеді. Сол секілді пирамиданың да түрлері көп. Мысалы, оның бір түрі – көпдеңгейлі пирамида. Онда әр жаңа қатысушы алғашқы салым салады. Ақша оны алып келген, оны алып келуге кеңес берген адамның арасында бөліске түседі. Артынша, жаңа қатысушы да ақшасы дәл сол сияқты артынан екі адам алып келуі керек. Олардың да ақшасы дәл осылай бөлінеді.
Мысалы, бір компания құрып, клиенттерді жинау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беріледі. Содан, олар екінші деңгейлі банктерде несиелері бар азаматтардан қарызын толық жауып беретінін айтып, несиенің отыз, қырық пайызын алып отыруы мүмкін. Алайда, қаржылық пирамидалар салымшылардан мүшелікке кіру жарнасынан басқа, ешқандай жұмысты талап етпей, жоғары пайыздық кепілдіктер беретін болған соң, оңай олжаға тез сенетін азаматтар тәуекелге барып, барлық жиған-тергендерін, дүние-мүліктерін салады. Осыны пайдаланған компанияның қызметкерлері үздіксіз түсіп отырған қаражаттың жартысын компанияның есепшотынан шешіп, өздерінің жеке мұқтаждықтарына пайдаланып, жартысын клиенттердің ай сайынғы несиелерін жабуға жұмсайды.

Қызметтің заңдылығына сендіру үшін келісімшарттар жасалады. Ал шын мәнінде азаматтардың ешбірі қандай құжатқа қол қойып жатқанын білмейді. Осы ретте, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрған және оның қызметіне басшылық жасаған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, үш жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын да айта кеткен жөн.
Сондай-ақ қызметін жарнамалаған адамға әкімшілік жаза да қарастырылған. Жеке тұлғаға 150, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 600 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл белгіленген.
Осының барлығын назарға алып, Түркістан облысы Полиция Департаменті қаржылық пирамидалар құрамына кіруден өздеріңізді, жақындарыңызды сақ болуға шақырады.