Қаржы пирамидасының ел азаматтарына келтірген залалы аз емес — Төрттаған
Среда, 9 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидасының ел азаматтарына келтірген залалы аз емес

09.06.2024
Қоғам
0
Жеңіл байлық туралы жалған жарнамаларға сенбеңіз

Қазақстанда алғаш қаржылық пирамида пайда болған 90-жылдардан күні бүгінге дейін оның құрбандарының қатары күн санап артып келеді. Елімізде қаржылық пирамиданың қарапайым халыққа келтіріп жатқан материалдық залалы жыл сайын бірнеше миллиардтарға дейін барады.

Мысалы, 2017 жылдан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Қылмыстық кодекстің 217-ші Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету туралы бабы бойынша 200-ге тарта іс қозғалған. Осы уақыт аралығында тек аяқталған қылмыстық істер бойынша материалдық залалдың жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгеден асты. Жапа шеккендер осы қаражаттың 5 пайызын ғана өтей алды. Ал бүгінде бірігіп жұмыс істеген үш қаржылық пирамида 8 миллиардтан аса шығын келтіріп отыр, деп жазады dauletten-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Қаржылық пирамидада ақшасын жоғалтқан салымшылардың барлығы құқық қорғау органдарына жүгінбейді. Сондай-ақ полиция қаржылық пирамида құру туралы емес, көбіне Алаяқтық бабы бойынша іс қозғайды. Себебі бірнеше мың қатысушыдан бірнеше жапа шегуші ғана полицияға барады. Ал алаяқтық та, қаржылық пирамида да адамды алдауға құрылатындықтан, ұқсас келеді. Бірақ қаржылық пирамиданың басты ерекшелігі – жапа шегуші санының көптігі.

Назарларыңызға Қазақстандағы ең алғашқы қаржы пирамидаларынан күні бүгінге дейінгі ең атышулы жағдайлар тізімін ұсынамыз.

Кестеде көрсетілген соңғы 3 қаржылық пирамиданың жұмыс істеу алгоритмі бірдей. Халықты құрыққа түсіру мақсатында олар бірге жұмыс істеген. «Гарант 24 Ломбард», «Тиімді қарыз» («Выгодный займ»), «Estate Ломбард» азаматтардың сеніміне кіріп, танымал адамдар арқылы жарнама жасап, өңірлерде жалған директорлар тағайындаған. Соңғы деректерге сәйкес, дәл аталған ломбард істері бойынша 39 мың салымшы анықталып, шығын көлемі 8 миллиард теңгеден асқан.

Қазіргі қаржы пирамидаларының бұрынғыларынан басты айырмашылығы – ұйымдастырушыларының интернетті оңтайлы пайдаланып, халықты әлеуметтік желілер арқылы алдап соғуы. Оған мысал ретінде биыл интернетте кең таралған «Қазан» немесе «Қара касса» қаржылық пирамидаларын да атауға болады. «Қазан» мен «Қара касса» қатысушыларды 14 300 теңге салып, тағы екі адамды тарту арқылы үлкен табысқа кенелесіз деп сендірген. Бірақ аталған қаржылық пирамидалар ІІМ жүйесіндегі ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашуға маманданған бөлімшелер арқылы әшкереленді.

Соңғы жаңалықтарға сәйкес, халыққа пайызсыз баспана алып береміз деп сендірген, Қазақстанның 17 қаласында филиалы бар қаржы пирамидасының да қызметі тоқтады. Ол пирамида тұрғын үй алғысы келетін азаматтарға 180 мың теңге көлемінде кіру жарнасын төлеп, 10 ай бойы айына 50 мың теңгеден төлем жасауды ұсынған. Белгілі болғандай, бұл ұйымға адамдар 3,9 миллиард теңге салып үлгерген. Осы іске байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Құзіретті органдар әлі күнге дейін кооперативтің ресми атауын мәлімдеген жоқ.

Қаржылық пирамидалар пайызсыз несие, қыруар пайда, арзан баспана деп халықтың әлсіз тұстарын дөп басатыны жоғарыда берілген мысалдардан-ақ белгілі. Себебі халықтың қаржылық сауаты мен табысының төмендігі, сондай-ақ ашкөздігі мен сенгіштігі қаржылық пирамидалардың күні бүгінге дейін жемісті қызмет атқаруына мүмкіндік береді. Сондықтан оңай пайдаға кенелемін деп алаяқтардың құрығына түсіп, қаржы пирамидасының құрбанына айналмас үшін оның белгілеріне назар аударуды ұсынамыз.

Қаржы пирамидасының белгілері:

  1. Қаржы пирамидасының ең басты белгісі – үлкен пайда, үстеме табыс. Кез келген азамат Ұлттық банктің сайтынан елдегі әр ай үшін депозиттер бойынша орташа өлшемді мөлшерлемелерді көре алады. Депозиттер қазір Қазақстанда ең көп дегенде жылына 10%-бен тартылады. Егер уәде етілген табыс осы сомадан кем дегенде екі есе артық болса, күмәндану керек. Табыс көлемі неғұрлым көп көрсетілсе, соғұрлым инвестицияларды жоғалту қаупі жоғары.
  2. Пирамида стартта деп алдау. Әрбір пирамида төрт кезеңнен тұрады: бастау, өсу, дағдарыс, құлдырау. Алаяқтар көп жағдайда қазір пирамида стартта және жақсы ақша табу мүмкіндігі бар деп сендіреді. Бірақ пирамида циклі қай сатыда екенін анықтауға мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ циклге қарамастан, ең жақсы салымшыларға алғашқы 1-2 салымы қайтуы мүмкін, бірақ оған да кепілдік жоқ.
  3. Компанияның нақты экономикалық қызметі жоқ. Пирамидалар туристік, құрылыс, несие, тауар компаниялары ретінде жасырылады. Сондай-ақ пирамиданың алғашқы инвесторларына төленетін барлық төлем жаңа инвесторлардың салымынан түседі.
  4. Мұндай жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ. Яғни, мұндай компаниялар әдетте қайта құрылған болады, қаржылық есебі болмайды. Шарттары заңнамаға сәйкес келмейді, ұйымдастырушылардың пайдасына жасалады. Келісімшарттың заңдылығын ақша салмас бұрын заңгер көмегімен тексеруге болады. Ал ақысыз негізде Ұлттық банктің немесе Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының қоғамдық қабылдау мамандары көмектеседі.
  5. Компания қызметінің тым жан-жақты болуы. Мысалы, инвестиция, бағалы қағаздар, жер учаскелері, халық тұтынатын тауарлармен бір мезгілде айналысуы күмән тудыруы керек. Себебі ол да қаржы пирамидасының бір белгісі болуы мүмкін.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Интернет кеңістігіндегі заң

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Суицид әдісіне байланысты әр түрлі болады

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.