«Заманына қарай – адамы» деген бар ғой. Осы қағиданы бүгінде алаяқтар қатты ұстанған сыңайлы. Оған цифрлық технология да оңтайлы келді. Осы заманауи үрдісті үйреніп алған олар елді алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Ал, олардың бұл торына, әсіресе, аға буын өкілдері көптеп түсіп жатады.
Бүгінде Instagram, Tiktok, YouTube, Telegram, Вконтакте, WhatsApp, Facebook, Twitter секілді әлеуметтік желілерді қолданушылар саны жыл сайын артып келеді. Олардың басым бөлігін балалар мен жасөспірімдер құрайды. Ғаламтордың пайдалы және қауіпті жағы бар екендігі баршаға белгілі. Қазіргі таңда бүкіләлемдік желінің кесірінен адамдарда ойлау, сөйлеу және жазу мәдениті өзгерді.
Бәрінен бұрын жастардың бақылаусыз интернетті қолдануы экстремистік, зорлық-зомбылық сипатындағы ақпаратты қабылдауына жол ашады. Психологиялық дағдыларды терең меңгерген мұндай ақпарат көздерінен жастардың өз еркімен бас тартуы қиын.
Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас жасауға шақырып, виртуалды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарды еліктіріп, есінен айырады.
Интернеттен келетін негізгі қауіптің бірі – жасөспірімдердің санасын улайтын интернет арқылы ойналатын онлайн ойын түрлері көбейді. Олар интернетке қосылған ұялы телефон арқылы қолжетімді болды. Мұндай ойындар адамның психикасына кері әсерін тигізіп, мінезіндегі ауытқушылықты, ашушаңдықты туғызады. Сонымен қатар, жастарды қылмысқа, ұрлыққа, бопсалауға алып келетін іс-әрекеттер жасауға итермелейді.
Instagram, Tiktok – танымалдылықтан бөлек табыс көзіне айналған. Оқушылар да осы әлеуметтік желілерге тіркеліп, танымал болып, оқырман санын көбейту үшін әртүрлі форматтағы видеолар түсіріп жүктейді. Алайда, осы Tiktok желісінде берілген тапсырмаларды жеткіншектерге орындату арқылы оларды өлімге итермелейтін видеолар да жетерлік. Бұның барлығы қоғамға тарап жатқан індет секілді. Ғаламторға тәуелділік ресми түрде «ауру» деп танылды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!», демекші, тәуелділіктің шырмауына түспейтін жолдарды қарастырған жөн. Балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз ғаламтор ортасын құрудың ең негізгі жолы – ата-ана мен балалар арасындағы салауатты қарым-қатынас.
Қазіргі уақытта ғаламтор желісінде алаяқтыққа баратын жандар қатары жеткілікті. Алаяқтық іс-әрекетке оқталатын адамның қулығына құрық бойламайды. Негізінен, интернет алаяқтыққа заманауи технологияны пайдаланып жасалатын қылмыстық іс-әрекеттің бірі жатқызылады. Жалпы, интернет алаяқтық барысында қылмыс жасаушы ақпараттық жүйенің көмегімен бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау, сенімін теріс пайдалану жолымен біреудің мүлкін құқықсыз иемденеді. Бүгінде интернет алаяқтарымен күрес жүргізу құқық қорғау органдарының негізігі қызметі саналады. Әккі алаяқтар ұрлық пиғылдарын заманауи технология, яғни смартфон, компьютер арқылы интернет желісін қолданушының қаражатын ұрлау бойынша жүзеге асырады. Осы күні көпшілік жекелеген қызмет түрлерін ғаламтор желісінен алуға бейім. Соның салдарынан алаяқтық қылмысының саны арта түсуде. Алаяқтыққа барған жандар әлеуметтік желі қолданушысының жеке ақпаратын алып, басқа тұлғалардың есеп-шотына қаражат аудару үшін әрекеттенеді. Ауданымызда алаяқтық қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмысы жүргізілуде. Сонымен бірге халық көп шоғырланатын жерлерге арнайы баннерлер ілінген. Жұртшылыққа интернет алаяқтығының нақты факторын көрсететін жадынама таратылуда. Жерігілікті «Жаңаарқа» газетінде алаяқтық қылмысты болдырмау жөнінде апта сайын арнайы мақала жариялануда. Жаңаарқа ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында жастар ресурстық орталығы арнайы бейнероликтер әзірлеп, аталмыш бейнероликтер ауданға қарасты кент және ауылдық округ әкімдіктерінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына шығарылуда.
Жеке деректеріңізді, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге бермеу, түбіртектерді аудармау. Сонымен қатар, аударымдар туралы, əсіресе кодтар мен кодтық сөздер, тіпті банк қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріне жəне белгісіз жəне тексерілмеген сайттарға жəне басқа көздерге жеке деректерге сенбеу.
*Тексерусіз алдын ала «Колеса.кз, ОLХ жəне т.б» сайттарында төлем жүргізбеңіз.Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз;
*Күмəнді мəмілелер бойынша аударымдарды жасамау, ашық кіріс көзі жоқ қаржылық схемалардан сақ болу;
*Қолданбаларды орнату үшін (Арр Store немесе Play Market) ресми көздерін ғана пайдалану;
*Төлем үшін жіберілген сілтемелерді орындамау жəне белгісіз контактілерден СПАМ хабарламаларды орындамау. Алаяқтар көбінесе төлем үшін сілтеме бойынша жүруді ұсынады, бұл шын мəнінде фишингтік сілтеме;
*Банктік қызметтерге қол жеткізу үшін құпия сөздерді үнемі өзгертіп отыру, 3D қорғанысын жəне банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шарларын қолдану.
*Шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеріп отырыңыз. Мұндай шаралар алаяқтықтан аулақ болуға жəне ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі.
Бөтен адамның мүлкін жымқыру, теріс жолмен алдау не болмаса заңсыз жеке бастың өзге де мүддесiне орай жымқыру, жою, бүлдiру көшіру бұл алаяқтық болып есептеледі. Жалпы қазіргі қоғамда алдау, сенімге қиянат жасау, біреудің ала жібін аттау, бөтен мүлікті ұрлау кең таралған қылмысқа айналып отыр. Оның ішіндегі қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі — ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ұялы телефонның әр жағында халықпен интернет арқылы кері байланыс жасап сауда-саттықпен қызмет көрсетіп, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Интернеттің арқасында күнін көріп жүрген алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері күнделікті өзгеріп, жаңарып отырады.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы екінші бөлігінің төртінші тармағында интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Аталған қылмыстың құрбаны болудан сақтану жөнінде қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, тұрғындар салымдар салу арқылы оңай олжа табу, басқа өңірлерден арзан затқа қол жеткізу мақсатында ақша аударымдарын жасап, алаяқтардың тұзағына іліну фактілері толастамай, үдей түсуде.Бұл фактілердің алдын алу үшін бірінші сақтық танытқан жөн. Сақтансан сақтаймын деген. Адам тек өзің-өзі ғана алаяқтықтан аман алып қала алады. Алаяқтың арбауына берілмей, сергелдеңге түсуден сақтану өз қолыңызда.