Қаржы пирамидасы қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін — Төрттаған
Суббота, 19 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидасы қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін

08.07.2024
Қоғам
0
Қаржы пирамидасының шығу тарихын білесіз бе?

Бүгінде қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар қайтадан жанданды. Қаржы пирамидалары азаматтарға өте жоғары және ең бастысы кепілді кіріс ұсынады. Психологиялық қысым көрсете отырып, олар салымшылардың негізгі қорғанысын – сыни тұрғыдан ойлауды айналып өтуге тырысады.

Қазіргі заманғы алаяқтардың схемалары. Қаржы пирамидасы қалай жасырына алады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Қаржы пирамидасын жасаушылар өздерінің алаяқтық схемаларын әртүрлі тәсілдермен жасыруға тырысады. Олар бағалы қағаздармен, зергерлік бұйымдармен, криптовалюталармен, туристік жолдамалармен және басқа да тауарлармен немесе қызметтермен сауда жасаймыз және заңды түрде деп сендіруі мүмкін. Алайда, мұндай ұйымдардың жалғыз мақсаты жоғары кірісті жобаға сенетін сенгіш азаматтардан ақша тарту екенін түсіну керек, бұл айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.

Тез және оңай ақша табудың жолын іздеу жақсы идея емес, өйткені алаяқтарға сенетін және ақша аударатын азаматтар қаржы пирамидасы құлаған кезде әрқашан «санын соғып» қалады.

Кез келген қаржы пирамидасының басты ерекшелігі – өте жоғары кірістілік пен салынған ақшаны жылдам қайтару уәдесі. Ұйымдастырушылар әр жаңа қатысушы үшін түрлі бонустар, жеңілдіктер немесе тіпті тікелей төлемдер ұсына алады. «Егер сіз тағы екі салымшы әкелсеңіз, кірістілік айына 20% емес, 30% болады», — деп уәде береді алаяқтар.

Бұл ретте олар салымшы кірістіліктің шынымен жоғары екендігіне және ең бастысы төленетініне сенуі үшін бастапқы жарна ретінде аз мөлшерде қаражат салуды ұсынады.

Алайда, қазіргі пирамиданың өмірлік циклі бірнеше ай ғана екенін ескерген жөн. Осы уақыт ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі белсенді және «міндеттеп таңылатын» жарнаманың көмегімен ұйымдастырушылар сенімді салымшылардан мүмкіндігінше көп қаражат жинауға тырысады. Қиын сәт басталған кезде, яғни жаңа салымшылардың ағыны алдыңғыларды ұстау шығыстарын өтемеген кезде, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар жоғалып кетеді. Сондықтан неғұрлым ұзақ уақыт және көп ақша салсаңыз, сол қаражатты жоғалту қаупі соғұрлым жоғары болады.

Соңғы уақыттары  қаржы пирамидасы көп жағдайда консалтингтік немесе инвестициялық компаниялардың атауымен бүркемеленеді. Алаяқтар азаматтарға тікелей олардың ұйымдары арқылы инвестициялар салу арқылы қаржы нарығында ақша табу көзін ұсынады. Сіздің салымдарыңыз бен  жоғары табысқа кенелуіңіз тек сізге байланысты екенін олар «барынша қамту  әсерімен»  ынталандыруға тырысады.  Яғни, қандай да бір құрал түріне  қаражат неғұрлым көп салынса, кірістілік соғұрлым жоғары болады. Бұл, әрине, мүмкін емес.

Заманауи қаржы нарығында бірде-бір құрал жоғары кірістілік, оның үстіне кепілдендірілген кірістілік көрсете алмайды. Мұндағы ірі табыс жоғары құбылмалылық пен жоғары дәрежедегі тәуекелмен тікелей байланысты. Ол жөнінде,  барлық ресми брокерлер бірден ескертетінін айта кеткен жөн.

Айтпақшы, ресми брокердің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы болуға тиіс. Биржада сіздің операцияларыңызды жүргізу бойынша өз қызметтері үшін комиссия алады, ол шартта алдын ала жазылады.

Қаржы пирамидалары қаржы ұйымдарына жатпайды және реттеушінің депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізуге лицензиясы жоқ және тиісінше қаржы реттеушісі тарапынан  бақыланбайды. Бұл ретте, реттелмейтін ұйымдарға ақша салу ақшаңыздан  толық айырылу қаупінің жоғары деңгейімен қатар жүретінін түсіну керек, себебі оның қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сенімге негізделген және ақшаны беру мен шоғырландыру жөніндегі әрекеттерді қатысушылардың өздері жүзеге асырады. Егер сіз өз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйым Агенттіктің лицензиясына ие болса, онда сіз Агенттікке шағыммен жүгіне аласыз, бірақ қаржылық пирамидалар жағдайында сіздің ақшаңыздың сақталуына ешкім кепілдік бере алмайды. Ұйымдардың лицензиясының бар-жоғын Агенттіктің ресми сайтында тексеру қажет.

Қаржы пирамидасының басты мақсаты – оған қатысушыларының емес, ұйымдастырушылардың кіріс алуы!

Бүркемеленудің тағы бір танымал тәсілі – желілік маркетинг,  ол сізге «ерекше/бірегей», «керемет», «пайдалы» тауар немесе «арнайы», «шектеулі» қызмет  ұсынады. Бұл косметика, сағат, акцияларға ақша салуды үйретуден бастап клубқа мүшелікке дейін түрлі қызметтер, круиздер, саяхат және ойын-сауық сияқты ұсыныстар болуы мүмкін.

Қаржы пирамидалары, тұтастай алғанда, түрлі салаларда – сақтандыру секторында, жылжымайтын мүлік нарығында, Форекс-нарығында және т.б. белсенді жұмыс істей алады.

Егер жалған инвестициялар жеткілікті дәрежеде дамыған аудитория үшін оларды алдау болып табылса, қаржылық сауаттылығы төмен адамдар үшін алаяқтар ақша табудың әртүрлі платформаларын ойлап тапты. Бұл жалған желілік ресурстар, онда қаржы нарығында автоматты түрде ақша табудың белгілі бір бағдарламасы жасалды және оны жасаушылар оны азаматтарға ұсынуға дайын деген ақпараттар орналастырылады.  Мұндай платформалар жалған брокерді басқаруға ақша беруге сендіру міндетін орындайды.

Бұл ретте алаяқтар өз салымшыларының табыс тарихын көрсете отырып және қысқа уақыт ішінде өзіңізге қалаған нәрсеңізді ала аласыз деп уәде бере отырып, «алдап соғуды» өте жақсы көреді. Бірақ сіз алаяқтардың басты мақсаты сіздің табысыңыз емес, өздерінің мақсаттарына қол жеткізу екенін түсінуіңіз керек.

Сондықтан кез келген салымнан бұрын барлық ақпаратты сыни тұрғыдан қарап, оларға мүмкіндігінше көп сұрақ қою өте маңызды.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтар көбіне қарт адамдардың сеніміне тез кіреді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Абай болыңыз: алаяқтар сыртыңыздан несие рәсімдеуі мүмкін

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.