Ғаламтордың мүмкіндіктерін алаяқтар өз пайдасына жаратып жүр — Төрттаған
Суббота, 7 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ғаламтордың мүмкіндіктерін алаяқтар өз пайдасына жаратып жүр

13.07.2024
Қоғам
0
Алаяқтықтың ең көп таралған түрлері

Интернет алаяқтан сақ болыңыз! Ақпараттық технологиялардың дамуын адамзат игілігі үшін ақылмен пайдаланбаса, қатері көп.

«Қалам ақымақтың қолына тисе, көсеуге айналады» дегендей, қазір интернет желісінің мүмкіндіктері алаяқтардың да пайдасына жарап тұр. Сондықтан да интернет алаяқтық – киберқылмыс болып саналады. Қылмыстары «цифрланған» кибералаяқтардың кесірінен әлемде киберқылмыс өршіп барады.

Кейінгі жылдары киберқылмыс, интернет алаяқтық мәселесі Қазақ­станды да алаңдата бастады. Ішкі іс­тер министрлігінің мәліметінше, ел­дегі барлық киберқылмыстың 99 пайызын интернет алаяқтық құрап отыр. Соңғы 7 жылда киберқылмыс 10 есеге дейін өскен. Салдарынан, был­тыр ел азаматтарына кибер­қыл­мыстан 21 миллиард теңге шығын кел­ген. Ішкі істер министрінің орын­басары Айдос Рысбаевтың ай­туынша, биыл жыл басынан бері 3 645 интернет-алаяқтық дерегі тір­кел­ген, деп жазады aikyn.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

–  2023 жылдың ақпан айымен са­лыстырғанда киберқылмыс саны 8,3 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш жал­пы қылмыс санының 18 пайы­зын және барлық алаяқтық қыл­мыс­­тың 43 пайызына тең. Қабыл­дан­ған шаралар нәтижесінде был­тыр 3,7 мыңнан астам кибер­қыл­мыс ашы­лып, 1 891 адам ұста­лып жауап­кер­ші­лікке тартылды. Жәбірленуші­лерге 850 миллион теңге шығын өтелді, – дейді министрлік өкілі.

Бірақ қоғамда алаяқтарға ал­дану­шылар қатары азаяр емес. Ма­мандардың айтуынша, қоғамда қаржылық сауаттылықтың және сы­ни ойлаудың төмендігі, «көп ақ­ша тапсам», «тез байып кетсем» де­ген қиялдың жетегінде жүргендер са­нының артуы алаяқтардың ай­ла­сын асыруға бірден-бір себепкер бо­лып отыр.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев: – Қазір алаяқтар Америка не­месе Ресей, Украинада, Түркияда әлем­нің кез келген түпкірінде оты­рып, айласын жүзеге асыра береді. Тіп­ті, қосымшалар арқылы кез кел­ген телефон нөмірінің соңғы 4 са­нын басқа бір компанияның нө­мі­рі­не айналдыра салады. Дауысты да кейбір қосымшалардың көмегімен өз­гертіп, сенімге кіріп, алдаудың да жолдары бар. Олар ВПН, IP адрес ар­қылы да адамдарды тонай алады. Бірақ соларды ұстау көп жағдайда қиын­дық тудырады. Әрине, IP ад­рес арқылы Қазақстанда табуға бо­ла­ды, бірақ олардың көбі ВПН пай­­­­даланғаннан кейін деректер ауы­сып кетеді де, табу қиынға соғып жа­тады, – дейді.

Киберқылмыстың артуына он­лайн режимдегі қызмет түрлерінің көптігі де әсер етіп отыр. Интернет алаяқ­тар кез келген адамның элек­трон­дық поштасына вирустық хат­тарды, SMS-хабарламалар немесе қо­сарланған сайтқа апаратын сіл­темелері бар push-хабарламалар жі­беру арқылы арам ойын оңай жү­зеге асырады. Сонымен қатар әр­түрлі ұтыс ойындары мен лото­рея­ларға қатысуға үгіттеу немесе не­сие қарыздарының коллек­тор­лар­ға берілгендігі туралы хабарлама жіберу арқылы көрсетілген сіл­те­ме­ге енгізілген жеке деректер бойын­ша, танымал мессенджерлерде жал­­­­ған боттар жасау арқылы да аза­маттардың карточкаларынан бар­лық ақшаны ала алады және олар­ға алаяқтық жолмен несие де бе­ре алады. Статистика деректеріне сүйенсек, бопсалаушы бағдар­ла­ма­лар кесірінен әлемде жыл сайын ша­мамен қарапайым азаматтардың 1 млрд электрондық поштасы бұзы­ла­тын болса, бұл ғаламшардағы әр­бір бесінші интернет пайдалану­шы­ның зардап шегетінін білдіреді.

Қазақстан киберқылмыспен кү­ресу мақсатында сегіз жыл бұрын «Киберқалқан» тұжырымдамасын әзір­леп, қабылдаған болатын. Оны іс­ке асыру мерзімі екі кезеңге бө­лін­ді. Біріншісі, 2017-2018 жылдар ара­лығында іс-шаралар жоспары бе­кітіліп, заң нормалары жетіл­діріл­ді. Ақпараттық қауіпсіздік сала­сы­ның мамандарын көбейтуге көңіл бө­ліне бастады. Екінші кезеңі, 2019-2022 жылдар аралығында ұлт­тық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге қазақстандық IT-ком­па­ния­лар­дың негізді түрде қатысуы қам­та­масыз етілді. Сондай-ақ қажетті нор­мативтік құқықтық база жетіл­діріл­ді. Нәтижесінде, Қазақстан «Жаһандық киберқауіпсіздік ин­дексі» зерттеу есебінің жалпы әлем­дік рейтингінде 31-орынға көтерілді.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша Ақпараттық-ком­муникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын цифр­лық трансформациялау және да­мыту тұжырымдамасының 2023-2029 жылдарға арналған жобасы ая­сында «Қазақстанның киберқал­қа­ны-2» тұжырымдамасының жаңа нұсқасы дайындалды. Тұжырым­да­ма аясында елде өңірлік цифрлық хаб­ты қалыптастыру, байланыс са­ла­сын монополиядан арылту, ки­бер­қауіпсіздікті күшейту және ден­саулық сақтау, білім беру, азаматтық қауіп­сіздік салаларында жасанды интеллектіні дамытуға басымдық бе­рілмек. Азаматтар мен бизнесті жыл­дамдығы жоғары интернетпен, ал республикалық және негізгі об­лыстық жолдарды мобильді кең жо­лақты желілермен қамту бойын­ша жұмысты аяқтау жоспарланып отыр.

Құзырлы органдар кибер­қыл­мыс­қа қарсы күресті күшейтіп, түрлі ал­дын алу шараларын қабыл­да­ға­ны­мен, халықтың қаржылық сауат­ты­лығы басты рөл ойнайтынын айта­ды мамандар.

– Ең бастысы, алдымен қоғамда ки­бергигиена деген ұғымды қа­лып­тастыру керек. Мысалы, қаржы пи­­­­рамидалары мен интернет алаяқ­тар­ды «оңай олжаға елітіп, қаржыға қарқ қыламын» деуінен-ақ тануға болады. Кез келген адам әлеуметтік же­лілердегі ақпараттарға көзсіз еріп кет­пей, критикалық ойлауға дағ­ды­лануы керек. Оңай олжа қақпанда ға­на болатынын естен шығармаған аб­зал, – дейді Дәулет Төлеутайұлы.

Сондықтан қулығына құрық бой­ламайтын интернет алаяқтардың ар­бауына түсіп, сан соғып қалмау үшін кез келген адам күмәнді қо­сым­ша немесе сайтқа жеке деректі тір­кемеу, кез келген сілтемеге өтуде абай болу, құпиясөзге мұқият болу деген секілді қарапайым ережелерді ес­тен шығармағаны жөн. Себебі бү­гінгі күні киберқауіптен қорғау, ки­берқауіпсіздік мәселесі тек мем­лекеттің немесе құзырлы орган­дар­дың ғана міндеті емес, жекелеген аза­маттардың да сауаттылығы мен сақ­тығының мәселесі болып отыр.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Алаяқтарға арбалып қалмаңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Интернет-алаяқтық көбейіп барады

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.