Қаржы пирамидасының түпкі мақсаты не? Не істемек керек? — Төрттаған
Воскресенье, 11 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидасының түпкі мақсаты не? Не істемек керек?

16.06.2024
Қоғам
0
Қаржы пирамидасының шығу тарихын білесіз бе?

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Бүгінде қаржы пирамидалары көп. Бірақ, барлығының мақсаты біреу. Сізден қалай да ақша алу.  Осы ретте қазірде қаржылық сауаттылық туралы жиі айтылады. алаяқтардың арбауына түсіп қалмауда қаржылық сауаттылықты арттыр қааншалықты маңызды? Алайда біз ол туралы не білеміз? Жалпы қаржылық сауаттылық дегеніміздің өзі не?
Көпшілігіміз бұған мән бермегенімізбен, бүгінде ол өте маңызды. Себебі, қаржылық сауаты жоқ адамның тығырыққа тірелуі әбден мүмкін. Олай деуге негіз көп. Алуы оңай онлайн несие, пассивті кіріспен шырмап алатын пирамида, адамдардан сұрағанша деп жасырып алатын «жалақыға дейін» берілетін микроқарыз, одан қалса, алтын бұйымдарды кепілге қою арқылы берілетін қарыз. Мұның барлығы адамды керек кезде құтқарғанымен, уақыт өте келе оны өтеу қиындай түседі. Өйткені, несие алған адамның одан басқа да шығындары жетеді.
Атап айтсақ, күнделікті азық-түлік пен жүріп-тұру, дәрі-дәрмектің өзіне қаншама қаражат қажет. Олардың бағасы тұрақты емес. Ал жалақының инфляцияға сай өзгермейтіні белгілі. Бұл ретте адамның өміріне қажетті тұрмыстық заттар мен киім-кешек, балабақша, қосымша сабақтар, үйірмелер, той-томалақ, өлім-жітім және т.б қажеттіліктер жетіп артылады. Осының барлығы ақырында алған несиені жабуға мүмкіндік бермейді. Несиесі мойнында тұрған адам келесі айда бірдеңесі болар деген үмітпен, тағы бір онлайн несие алып, кредитін жабады. Дәл осы жағдай келесі айда да қайталанады. Өйткені, шығын болжаусыз. Тығырыққа тірелген адам несие берсе банктен, бермесе құнды заттарын ломбардқа тапсырып, осылайша қарызды үсті-үстіне жамай береді. Берешекке белшеден батқан адам, енді оңай табыс табудың жолын іздейді.
Бұл ретте ол пассивті табыс табасың деп әлекедей жалаңдап тұрған аты компания, заты-пирамидаға жолығады. Осы жерден табыс табамын деген үмітпен тағы бір онлайн несиені ұрып жібереді де ештеңемен айналыспайтын «компанияға» қаржы құйып, үлгерсе 1-2 рет пайызын алады, болмаса жер сипап қалады. Бұл мәселе адамды тағы қарыз алуға мәжбүрлейді. Осылайша шарасыз адам көлігін, тіпті жалғыз баспанасын сатуға мәжбүр болады. Болмаса, өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Мұндайдың барлығы қаржылық сауаттылықтың болмауынан орын алуда деген Парламент депутаттары Үкіметке сауал жолдап, мәселені ретке келтіруді сұрады.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, қазірде тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Премьер-Министр Әлихан Смайылов халықтың қаржылық сауатын ертеректен арттыру үшін, мектептің оқу бағдарламасына арнайы сабақ енгізуді құптайтынын айтты. Оқу-ағарту министрлігі қазір бұл тапсырманы пысықтап жатқан көрінеді. Жалпы орта есеппен әр қазақстандықтың басында 1 миллион теңгедей кредиті бар екен. Соңғы кезде тіпті несиесін жаңа несиемен жауып отырғандардың қатары артқан. Ақшаны уақытынан кешіктіріп төлейтіндер немесе мүлдем қарызын ұмытып кеткендерге несие берілмейтін болады.
Сондай-ақ, жалақыға дейін қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының да жұмысы шектелмек. Әрине, бұл шаралар халықты несиеден құтқару мақсатында жасалып отырғанымен, оның қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетер. Қазірде осыған байланысты тиісті заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленуде. Енді елімізде ресми кірісі расталмаған жағдайда тұрғынға несие беруге тыйым салу жоспарлануда. Ресми кірісті пайдалану қарыз алушыларға қарыздық жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек.
Жалпы қаржылық сауаттылық күтпеген жағдайларда өзін және отбасын қаржылық қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет. Бұл біздің әрқайсымыз үшін маңызды. Адамдар қаржыға қатысты ақылға қонымды шешімдер қабылдамаған кезде, тұтынушылық және ипотекалық несиелер бойынша берешектер ұлғаяды, алаяқтар көбейеді, қылмыс деңгейі өседі, экономикалық тұрақтылық құлдырайды, ал адамдар табысты арттыру үшін заңсыз кәсіптермен айналысады, күмәнді құралдарды пайдалану арқылы банктік қаржыны шешуге тырысады. Соңында мұның барлығының залалы бірінші кезекте мемлекетке тиеді.
Онымен күресу мақсатында қаржылық сауаттылықты арттыру үшін, “AMANAT” партиясы Halyk Bank-пен бірге “Қарызсыз қоғам” жобасын іске қосып, меморандумға отырды.
Жоба шеңберінде ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер оқыту курстарынан өтпек. Halyk Bank-тың Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, елімізде халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін қалыптастыру жұмысы қолға алынды.
Halyk елдегі жетекші банк ретінде мұндай маңызды бастамадан тыс қала алмайды. Сондықтан, банк жобаны қаржыландырып қана қоймай, оқыту бағдарламасына қатысуға дайын. Жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді деп күтілуде.
Олар несиелік қарыздардың санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді анықтауды білетін болады. Бұл жоба туралы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында ерекше тоқталып, Үкіметке оның ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Ақпарат көздеріндегі соңғы мәліметтер бойынша, алты жарым миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Бір жарым миллионға жуығы микроқаржы ұйымдарынан несие алған көрінеді. Бұл әрине, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттыратыны сөзсіз. Сондықтан халықтың қарыз мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Бұл ретте халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды. Өйткені, ол – заман талабы. Мақаланы интернет мәліметтерінің негізінде әзірлеген Л.МҰСАБЕКОВА

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жаңа заң қабылданды: не өзгерді, жағдай қалай болмақ?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржылық пирамидалардың құрығына түсіп қалмаңыз!

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
9
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
425

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
196
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
156
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
148

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.