Жалған ақпарат жақсылыққа апармайды — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпарат жақсылыққа апармайды

23.06.2024
Қоғам
0

Заманың түлкі болса, тазы боп шал. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз осылай дейді. Қазір заманның ағымына және сұранысына сай өмір сүру салтымызға көптеген өзгерістер еніп жатқаны белгілі. Кейбір өмір сүру дағдылары қолданыстан шығып жатса, оның орнын жаңашылдықтар басуда. Соның бірі ретінде соңғы он жылдықта өмірімізге дендеп енген әлеуметтік желілерді айтуға болады. Интернет кеңістігінде әлеуметтік желілердің қашан, қалай пайда болғаны маңызды емес. Оның адамзат өміріндегі алар орны, пайдасы мен зияны маңызды сияқты.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер біздің өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Кей адамдар смартфон немесе планшет арқылы әлеуметтік желілерге кіріп, оған кітап оқу, теледидар көру, радио тыңдаудан да көбірек уақытын жұмсайды. Әлеуметтік желінің пайдалы және залалды тұстары бар. Пайдалы тұстарына келсек, ол қашықтағы басқа қаладағы, алыс елдегі адамдармен, таныстарыңызбен жедел тілдесуге оңтайлы құрал. Өзара пікір ғана алмасып қоймай, өміріндегі жаңалықтарымен, суреттерімен бөліседі. Интернеттегі қызықты жаңалық, сайттар, кітаптар, кинолардың сілтемелерін ұсынады. Әлеуметтік желі арқылы танысып, отау құрып жатқандар да аз емес.Осы құралды пайдаланып жұмыс іздеу, табу да әлдеқайда жеңілдеді. Енді залалды деген тұстарына тоқталсақ, кей адамдар виртуалды өмірдегі таныстыққа беріліп кеткендігі соншалықты, отбасы мүшелерімен, әріптестерімен, достарымен аз тілдесіп, оларды тіпті, байқамай қалуы да мүмкін. Одан бас тартып, уақытын үнемдей алу, тәуелділіктен арылу желі пайдаланушысына оңайға соқпайды. Бұл да адамның өзін өзін ұстауына, жеке тәрбиесіне, тәртібіне байланысты. Желіні пайдаланушылар да біркелкі емес. Олардың арасында негатив таратушы, өмірден түңілгендер аз кездеспейді. Сондықтан әлеуметтік желіні өлшемді пайдаланып, осы құрал ұсынатын пайдалы жақтарын өз қажетімізге жаратуға бейім болу керек дейді, тәжірибелі пайдаланушылар.
Қазір біздің қоғамда әлеуметтік желілердің адамдарға тигізер әлегі де аз болмай тұр. Жақында интернеттегі жаңалықтарды оқып отырып, мынадай негізсіз әрі жағымсыз бір деректі оқыдым. Онда Қостанай қаласында болған жағдай баяндалған. Әлеуметтік желіде: «Қостанай қаласындағы №7 мектептің оқушыларына ата-аналардың рұқсатынсыз вакцина егіліп, салдарынан екі оқушы көз жұмды. Тағы үш бала жансақтау бөлімінде жатыр» деген жаманат хабар тарап кетті. Осы ақпаратқа байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы жұртты дүрліктірген бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдеді.
Whatsapp желісіндегі хабарламада аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан әлдекім: «…Бүгін менің әйелім ұйықтап қалып, ұлымды мектепке апара алмады. Қызым да оқымайды. Өйткені бір бала ковид жұқтырған ба, әлде науқаспен байланыста болған ба, әйтеуір, 7 сыныпты таратып жіберіпті. Бүгін «манту» сынамасын аламыз деп алдап, балаларға екпе салыпты. Юркамен бірге бір бала оқитын. Ол екпе қабылдап, үйіне келген соң, өзін нашар сезініп, дене қызуы 40-қа дейін көтерілген соң, жансақтау бөліміне алып кетіпті, балақай сол жерде көз жұмған. Тоғыз жастағы бала, екпеден өлді. Тағы үш бала ауыр халде ауруханада жатыр. Осының бәрін істеп отырған Қостанайдағы №7-мектеп. 13 балаға манту деп, оның орнына вакцина еккен. Екпені ата-аналардың рұқсатынсыз еккен, тезірек таратыңдар осыны»,- деген мағынада хабарлама таратқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен білім басқармасының өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып, Қостанай облысында бірде-бір мектепте оқушыларға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жүргізілмегенін мәлімдеген. Бұл жайдан аталған мектепте балаларын оқытып жатқан ата-аналар да хабардарекен. Білім ошағында ешқандай екпе жүргізілмегенін олар да айтып отыр.
Жалған әрі негізсіз ақпарат адамдарды жарға жығатыны белгілі. Оны таратқан тұлға заң алдында жауап береді. Мұндай хабарламаларды таратқан азаматқа қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ең біріншіден әлеуметтік желілерде өте жылдам тарап жатқан осындай мағынадағы жалған хабарламалар халықты шатастыруға, тіпті, адастыруға дейін алып барады. Басқасын айтпағанның өзінде, былтыр пандемия басталғаннан бергі уақытта әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар аса жоғары қарқынмен таралып жатқаны белгілі. «Мына нәрсені ішсеңіз немесе жесеңіз аты жаман індеттен құлан таза айығып кетуге болады. Індетті қолдан жасап жатыр екен. Ауылдық жерлерде ауру қоздырғыштарын ұшақпен шашып жатыр. Індеттен қайтыс болғандарға көп көлемде ақша береді екен». Тағысын тағы осындай негізсіз жалған хабарламалар әлеуметтік желідегі топтарда жылдам тарауда.
Одан бөлек, коронавирустық инфекцияның негізгі емі әрі оның алдын алуда әлемнің ғалымдары жан-жақты дәлелдеп, қоданысқа енгізген екпе (вакцина) туралы да жалған хабарлар әлеуметтік желілерде жетіп-артылады. Атап айтсақ, «Вакцина адамның денсаулығына зиян. Оны салдырғандар пәлен уақыттан кейін қайтыс болады екен. Екпеден кейін бала сүйе алмай қалады. Індетке қарсы екпе салдырмаңыздар» деген сияқты «ұран» сөздер тіпті өршіп тұр. Ең сорақысын айтар болсақ, жақында интернеттегі бір хабарламада: «Алғашқы екпе алғандар осы күзде көз жұма бастайды екен» деген жалған хабарды оқығанда, жағаңды ұстамасқа амалың қалмайды екен. Әрине, бұл жалған ақпаратты құзырлы органдар жоққа шығарды.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. Жақсы ниетпен жақсы сөйлесек, бір-бірімізге жақсылық ойласақ, заманның реңі де түзелер. Елімізде болып жатқан мынадай аласапыран жағдай да оңалар. Күніне мың бір бәле көрсе де, бір Алладан, жақсылықтан, жақсы үміттен күдер үзбеген халық емес па едік, әлімсақтан?! Жаманат хабар жанымызды ауыртып, жүрегімізді сыздататынын неге ойламаймыз осы?
Әлеуметтік желілерден бөлек, еліміздің медиа кеңістігінде де жаман хабарларды таратып жатқан коммерциялық телеарналар аз емес. Олар көбінесе орын алып жатқан жан түршігерлік жол апаттарын, қылмыстық оқиғаларды, отбасы арасындағы дау-жанжалдарды, ұрыс-керістердіэфирден ашық көрсетіп жатады.
Сонда телеарна басшылығы ондай жағымсыз көрсетілімдер арқылы нені көздейді? Нарықтық қоғамда өмір сүріп жатқанымызбен, бір сәт руханиятты да ойласақ қайтеді? Оны көрген жас ұрпақтың қатыгез болып өспесіне кім кепіл? Міне, осындай сұрақтар бізді терең ойландыруы тиіс. Жаманат хабардың жерде жатпайтыны белгілі. Онсыз да таралады.
Жақсылықты насихаттағаннан ұтылған жеріміз жоқ. Әлбетте әлеуметтік желілерде жақсы істерді, қайырымдылық шараларын насихаттаған жазбалар мен бейнероликтер де жүктелуде. Оған қуанасың әрине.
Тақырыпты ары қарай тұздықтай түсетін болсақ, әлеуметтік желілер туралы жастар арасында және аға буын өкілдерінің арасында болсын пікірлер өте көп. Жастар жағы әлеуметтік желінің қызметіне күнделікті әрі жиі-жиі жүгінетіндерін айтса, ал аға буын өкілдері оны орнымен әрі белгілі бір уақыт аралығында қолданған дұрыс деп есептейді.
Елу жылда – ел жаңа. Кеңестік кезең тұсындағы жастар арасында кітап оқу сәнге айналған үрдіс болатын. Аға буын өкілдері жазушылардың шығармаларымен сусындап, ондағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп өскендерін айтады. Ал қазір жастар арасында: «Әлеуметтік желіде қанша жазылушың бар немесе пәленше деген әншіде 500 мың, бір миллион подписчик бар екен»,- деген мағынада әңгімелерді өте көп естисің. Адамның жан байлығын жансыз дүниелермен өлшеу үрдіске айналып кетпесе игі. Әлеуметтік желінің қызметіне жүгіну – әлбетте уақыттың, заманның талабы. Дегенмен барлығының шегі бар екенін ұмытпайық.
Қазір көбінесе жастар кітап, газет-журнал оқудан, тіпті, теледидар көруден де қалып барады. Олар көбінесе жаңалықты интернеттен, баспасөз құралдарында шыққан жаңалықтарды оның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан оқығанды жөн көреді. Десе де шынайы ресми ақпараттың тек ресми телеарналар мен мемлекеттік баспасөз құралдарында ғана жарияланатынын білген дұрыс. Міне, кітап оқымайтын, рухани тұрғыдан кедей жас буынның болашақта қандай азамат болып қалыптасатынын ойлаудың өзі қорқынышты.
Сөзіміздің басында айтылғандай, заманымыз түлкі болса, оны тазы болып шалуымыз қажет. Бұл ретте заманның әрбір жаңалығы мен қажеттіліктерін орнымен қолданысқа енгізгеніміз дұрыс шығар. Кәсіпкерлік кең қанат жайған дәл қазіргідей заманда кейбір азаматтар әлеуметтік желінің қызметін жарнама жасауға әрі кәсібін насихаттауға орынды қолданып жүр. Бұл өте дұрыс. Түлкіні тазы боп шалып жүрген де осылар. Жалған ақпарат таратып, желі қолданушылар арасында іріткі салғанша, әлеуметтік желінің қызметін тиімді әрі мақсатты пайдаланғанымыз әлдеқайда дұрыс болмақ. Н.Манасұлы

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Суицидке бару қаупі болған жағдайда күйзеліске түскен адамға қалай көмектесу керек?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қаржы пирамидасын қалай ажыратуға болады?

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.