Қаржы пирамидаларының жұмыс  жүйелері — Төрттаған
Среда, 14 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидаларының жұмыс  жүйелері

13.06.2024
Қоғам
0
Қаржы пирамидаларының жұмыс  жүйелері

Қазіргі кездегі қаржы пирамидалары олардың ұйымдастырушылары неше түрлі, қарапайым адамның ойына келмейтін  ойлап табуда.

Инвестициялар және күмәнді жобалар: бұл 2024 жылдағы  пирамиданың өзекті түрі. Оның схемасы мынадай – Желіде олар сізге жоғары кірісті онлайн-жобаға инвестиция салуды ұсынады. Оның жай схемадан айырмашылығы – сізге жаңа қатысушыларды тарту міндет емес. Сізге тек белгілі бір соманы салуды сұрайды  және жоба іске қосылғаннан кейін аса жоғары кіріске кенелуге уәде береді. Алайда, мұндай пирамиданы ұйымдастырушылар қомақты сома жинағаннан кейін жобаларын жабады да жоғалып кетеді. Біраз уақыт өткеннен кейін көпшілікке жаңа жобаны  жарнамалауды бастайды және аталған схема қайталана береді.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Қаржы пирамидалары жұмыс істеуінің бес сатысы

I-кезең – пайда болу (құру) сатысы. Мынадай белгілерін атап өтеміз:

жоғары кірістілікке және салынған қаражаттың жылдам қайтуына (бірнеше айда), ең төмен тәуекелдерді жария етуге уәде бере отырып, қатысушыларды белсенді түрде тарту. Мұндай схемаларда пирамидаға кіру үшін ашық немесе жасырын нысандағы ақы төлеу және нарықтық деңгейден жоғары кепілдік берілген төлемдерге уәде бере отырып белсенді жарнамалық науқан жүргізу. Компания ресми түрде тіркелмеген және қызметі нақты айқындалмаған. Ақша төлемдерін қабылдау қаржылық іздің тіркелуінсіз жүзеге асырылады, қасақана мақсаттармен қаржылық тізбектің үзілуі орын алады, қаржылай қаражатты алушы шарт жасалған адамнан өзгеше болады;
нақтылайтын және растайтын ақпаратсыз жобаның бірегейлігі туралы мәлімдеу;
түрлі инвесторларды жаппай тарту;
«фьючерстер», «P2P», «трейдинг», «опциондар» сияқты арнайы қаржылық терминологияны түсініктеме бермей және қажеттіліксіз пайдалану, оны кәсіби емес инвесторлар түсіне алмайды және түсінгісі де келмейді;
желілік маркетинг қағидаттарын пайдалана отырып схемалар құру;
инвестицияларды сақтандыру туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдеме;
компанияда қолжетімді офистің, жарғының, құрылтай құжаттарының, компания сайтының болмауы, шетелдік юрисдикциядағы хостингте сайтты орналастыру.
II-кезең – өркендеу сатысы. Пирамида үшін мыналар тән:

түрлі бонустық бағдарламалар мен корпоративтік іс-шаралар арқылы ойластырылған және негізді болып көрінетін қызмет негізінде жаңа қатысушыларды барынша көп және жылдам тарту. Оған заңды бизнесте де пайдаланылатын желілік маркетинг тәсілдері ықпал етеді.
қатысушыларға пайыздық төлемдер жаңа салымшылардың ақшасы есебінен жүзеге асырылады және ол сату көлеміне немесе кәсіпкерліктің өзге де нәтижелеріне байланысты емес.
акциялардың өзіндік баға белгілеуі (акциялардың бағасын ұйым нарықтық құнға байланыстырмай белгілейді) және сату мен сатып алуға тұрақты өсіп отыратын екі жақты баға белгілеу;
салымшылар қаражатының қамтамасыз етілмеуі және қайтаруға кепілдік беру сенімін еш жерде тіркелмеген құжатпен қалыптастыру. Шарт көбінесе болмайды немесе азаматтық құқық нормала бұзылады, ақша қаражаты түбіртектерсіз немесе басқа растайтын құжаттарсыз қабылданады;
салымшылардың ақшалай қаражаты инвестицияланған жобалар туралы ақпараттың болмауы.
III кезең – маңызды кезең. Мұнда:

ақша қаражатын қайтармау тәуекелін арттыру. Уәде берілмеген кірістерді төлеу мүмкіндігі төмендейді, ал қаржылық міндеттемелер арта түседі, салымшыларда тәуекелді күту арта түседі. Ұйымдастырушылар тәуекелдер мен жағымсыз жаңалықтарды елемейді немесе оларды жақсы деп қабылдайды, қауіпті сигналдарды елемейді, төленген кірістерді қайта инвестициялауды ұсынады;
әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, сайттардағы жеке кабинеттерде технологияларды пайдалана отырып, қаржы компаниясының қызметін белсенді жарнамалау, оқыту семинарларын өткізу;
компанияның қаржылық жағдайы түсініксіз (сайтта құжаттар жоқ, инвесторлар үшін ақпаратты ашатын бөлім жоқ). Бұл белгілер қаржы пирамидасының болуы мүмкін екенін көрсетуі мүмкін, бірақ қызмет тарихы жоқ көптеген жаңа ұйымдар ұқсас жағдайда болуы мүмкін.
IV кезең – қаржы пирамидасын бұзу.

жағымсыз ақпарат түсуінің өсуі және салымшылар арасында дүрбелеңнің туындауы, салынған қаражатты қайтаруға жаппай талап қою, ұйымның банкроттығы. Бұл күйзеліс жағдайындағы кез келген қаржы ұйымына тән;
меншікті активтері, компаниядан және қашып кеткен ұйымдастырушылардан ресми ақпарат болмаған жағдайда, салынған қаражаттың кем дегенде бір бөлігін қайтарып алуға мүмкіндік болмайды, қылмыстық істер мен сот талаптары қозғалады;
V кезең – қаржы пирамидасының жандануы (ребрендингі).

салымшылардың бұрынғы ортақтығын, бұрынғы аңызды қолдану;
пирамиданы жандандыру, жаңа салымды көбейте түсу және салынған қкаражатты қайтару үмітін ынталандыру;
бұрынғы міндеттемелерді қабылдау.
Аталған белгілердің кәсіпкерлік қызмет үшін де тән болуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты қаржы пирамидасының барлық белгілері  негізгі және қосымша болып жіктеледі. Негізгі белгілері ретінде қаржы пирамидасын айқындайтын маңызды сипаттарды түсінеміз, оларсыз схеманы осы ұйым түріне жатқызу күмән тудырады. Қосымша белгілері ретінде қаржы пирамидасына және кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде қаржы нарығында тән болатын сипаттарды түсінеміз. Бұл сипаттары қаржы пирамидасының белгілерінің бар екендігі туралы белгі беруі мүмкін, бірақ бір жақты қаржы пирамидасы ретінде түсіндіріле алмайды.

Қаржы пирамидасын құрғаны үшін ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлікті тәркілеумен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ белгілі бір лауазымдар бойынша қызмет ету немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске саламыз.

Сізді қаржы пирамидасына тартқан жағдайда, абай болыңыз. Оны мына белгілері арқылы танып-білуге болады:

Кіріс жарнасын енгізуді ұсынады;
Нарықтық деңгейден бірнеше есе артық жоғары пайда табатыныңызға кепілдік береді;
Интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілердегі жарнама кампаниясы арқылы салымшыларды белсенді түрде тартады;
Басқа клиенттерді тартқаны үшін сыйақы беруді уәде етеді;
Компанияның қаржылық жағдайы туралы нақты ақпарат болмайды;
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген халықтың ақшалай салымдарын тартуға арналған лицензия немесе бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болмайды.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржы пирамидасы мен қаржылық сауаттылық туралы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ІІ ДЕҢГЕЙЛІ КОМИССИЯ 57 ҚҰЖАТТЫ КЕРІ ҚАЙТАРҒАН

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
9
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
427

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
209
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
151

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.