Қазіргі қоғамдағы өзекті әрі маңызды тақырып болып отыр — Төрттаған
Суббота, 12 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қазіргі қоғамдағы өзекті әрі маңызды тақырып болып отыр

01.07.2024
Қоғам
0
Алаяқтардың кезекті әрекеті

Алаяқтар туралы фильмдер көрермендер арасында неге танымал?

Интернет әлемінің күн санап дамуы жаңа мүмкіндіктердің есігін көптеп ашуда: жаңа жұмыс орындары пайда болды, кәсіптің өркен­деуіне мүмкіндіктер көбейді. Әсіресе пандемия кезінде интер­неттің мол мүмкіндігі төрт қабырғаға қамалған адамзат бала­сының зерікпей, тіпті уақытын пайдалы өткізуге жағдай жаса­ды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Соңғы жылдары стримингтік плат­­формалар, яғни фильм, видео­­­ға арналған сайттардың та­­ны­­­мал­дылығы артты. Олар да қо­ғам­­ның тамырын басып, әрқа­шан сұранысқа қарай жауап беріп тұрады. Соңғы жылдары әлемде Netflix, Amamzon prime, Ivi сынды платформалардың таны­мал­ды­лығы артты. Былтыр Netflix-ке жазылушылар саны млн-ға жет­кен.

Netflix бұған дейін шыға­рыл­ған фильмдер ұсынатын ме­диа­тека ғана емес, жоғарыда айт­қа­ны­­мыздай өзі де фильм өнімін жасаушы саналады. Қоғамдағы өзекті тақырыпқа қатысты фильм, хи­каяларды дер кезінде ұсы­нуы­­­­­мен көптің назарына іліккен плат­формада бүгінде 3 600-ден астам фильм, 1 800-ге жуық теле­бағ­дарлама бар. Алайда соңғы кездері көрермендер Netflix тақы­рыбының тым «толерантты» арнаға бұрылып жатқанын айта­тындар аз емес. Мәселен, ал­ға­шын­да палтформада еврейлер, ортодоксалды еврейлердің өмірі, Из­раиль қарулы күштерінің жұ­мы­сына қатысты фильмдер көптеп шығарылды. Одан кейін қо­­ғамдағы азшылықтар тақы­ры­бы­на қатысты өнім көбейді. Ал енді Netflix өнімінің барлығында міндетті түрде қара нәсілді актер көрініс табатынын айтып жүр­ген­дер аз емес.

Біз соңғы кездері әлеуметтік же­лілерде көптеп талқыланған бір­неше фильм мен оның тақы­ры­бына тоқталмақпыз. Биыл палт­формада «Tinder-дегі алаяқ» филь­мі мен «Аннаны ойлап табу» хикаясы жарық көр­ді. Жа­рияланған күнінен көп ұза­май қаралым саны артып, көп тал­қыланған өнімдер қатарына енді. Көптің назарына ілігуінің басты себебі – шынайы оқиға негізінде түсірілуі. Екі фильм де замандастарымыз туралы. Яғни алданған мен алдаған тарап жайлы. «Tinder-дегі алаяқ» фильміне алданған тараптың өзі баяндаушы ретінде көрінеді. Бір топ қыз Tinder деп аталатын танысуға арналған әлеуметтік желіде сымбатты азаматпен танысып, алданып, бүгінде миллиондаған қарызды төлеуге мәжбүр екенін айтып береді. Бір қызығы, фильм режиссері Фелисити Моррис туын­дыға түсуге әлгі «алаяқтың» өзін де шақырған. Алайда Шимон Хают есімді Израиль азаматы ұсы­ныстан бас тартқан.

«Аннаны ойлап табу» хикаясы орыс қызы Анна Сорокина туралы. Өзін бай неміс отбасының мұрагері Анна Делви деп таныс­тырған бойжеткен Нью-Йорк буржуасын алдап соққан. Алдау­мен қатар бірнеше миллионын қол­ды еткен.

Одан кейін платформада «Қа­лыс қалған» америкалық се­риа­л­ды назарға ұсынды. Бұл да жоғарыда аталған туындылар са­рынында. Бұл платформадағы алаяқтар туралы туындылардың жартысы ғана. Алаяқ кәсіпкерден бөлек алаяқ дәрігер туралы да фильмді табуға болады. Алайда бұл тақырыптың көпке қызық болуына не себеп? Алаяқтар жаңа жанр, жаңа кейіпкер емесі анық. Мәселен, бас кейіпке шын мәнінде алаяқ болып шығатын «Ұлы Гэтсби» кинокартинасы кино әлеміндегі бірқатар марапатты жеңіп алды.

Бұл туындылардан сабақ алып не өмірде қайталаймын деу­шілер аз. Киносыншылар бар­лық себепті картинаның динамикасы мен оқиға желісінің көрерменді «ұстап отыруында» дейді. Алаяқ мақсатына жету үшін түрлі сценарий құрып, айла-тәсіл қолданады, өзгенің сеніміне кіріп, санасын улайды. Алаяқтар тақырыбын зерттеп, журналистік зерттеуін фильм бағдарламасы ре­тінде ұсынған журналист Адва Дадон бұл картиналардың тартымды болуына мынадай себеп айтады: «Алаяқтың қылмыс орны – оның шексіз ойы». Ра­сы­мен, кейіпкердің шексіз ойы мен бітпес айласына тәнті бол­ған көрермен кейде алаяққа іш­тей риза болып, кейде жапа шеккенге болысып отырады. Мұндай туындының іш пыстырмасы анық.

Десе де бұл тақырыптың біз­дің қоғамға да жат емесіне күн­делікті жаңалықтар дәлел. Күн сайын отандастарымыздың «алданып қалғаны» туралы хабарларды көзіміз шалады. Қаржы пирамидасының құрбандарының қатарына әлеуметтік желіде та­нысқан адамына несие алып берген, бопсалауға ұшыраған дегендер де қосылды. Одан бө­лек өздерін банк қызметкері ре­тінде таныстырғанға қыруар қаржысын сеніп тапсырғандар да арамызда толып жүр. Сондықтан жоғарыдағы фильмдердің еліміз­де де танымал болуы таңғалатын құбылыс емес. Негізгі мәселе – фильмнен сабақ алу. Әсіресе, жас­өспірімдер де қаперіне алса дейміз. Өйткені әлеуметтік желі бәрімізге ортақ, алайда оны қол­да­ну мақсаты әркімде әртүрлі.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Түркістан: мәжілісте қалада атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар сараланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жалған ақпаратқа жол жоқ!

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.