Алаяқтардың адамдарды адастыру әдістері қандай?  — Төрттаған
Воскресенье, 3 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтардың адамдарды адастыру әдістері қандай? 

24.07.2024
Қоғам
0
Алаяқтықтың қандай түрлері көп таралуда?

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Таяуда оған өздерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлеріміз деп таныстырған бейтаныс адамдар телефон соққан. Оның немен аяқталғаны және алаяқтардың   тағы қандай алаяқтық схемаларын қолданатындары жөнінде төмендегі материалдан таныс болуға болады, деп жазады fingramota.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.
Алаяқтар адамдарды қалай адастырады?
 Алаяқтар енді азаматтарға өздерін мемлекеттік органдар, полиция, прокуратура, ҰҚК және т.б. қызметкерлеріміз деп таныстырып, телефон соғып қана қоймай, бір адамды таңдап алып, соның қыр соңынан қалмай шабуыл жасайды. Әлеуетті құрбанын анықтап, оның банктер мен МҚҰ-ғы кредиттерінің болуын қоса алғанда, телефон нөмірлері жөнінде ақпаратты қолға түсіргеннен кейін қылмыскерлер өздерінің «операциясын» жүзеге асыруға кіріседі.
Осындай жағдай біздің жазылушымыздың басынан өтті. Ешнәрседен бейхабар адамға «құқық қорғау немесе арнайы органдардың» жалған қызметкерлері телефон соғады, олар ҚР Қылмыстық кодексінің баптарына сілтеме жасап, конфиденциалдық талаптарын сақтауды сұрайды.
«Арнайы операциялар» немесе «сот алдындағы талқылаулар»  жүргіземіз-мыс деген сылтаумен қаскүнемдер өз іс-әрекеттерінің заңдылығын растау ретінде қоңырауларды өздерінің «әріптестеріне» немесе Ұлттық Банктің жалған қызметкерлеріне ауыстырады.
Қылмыскерлер жақсы «қаруланған»: алдын ала өздері оның атынан әрекет етіп отырған ұйымның фирмалық бланкісінде брендбуктың логотипін және элементтерін, мөрлерді, уәкілетті тұлғалардың қолтаңбаларын қолдана отырып, өздері туралы және ықтимал «жәбірленушінің» кредиттері туралы ақпарат жібереді. Бұл –ұйымның «қаржылық бақылау» өкілі ретіндегі алаяқтың «өкілеттіктерін», сондай-ақ қарыз алушы-жәбірленуші мен бұрын банктік қарыздар немесе микрокредиттер ресімделген банктер/МҚҰ арасында жасалған жалған кредиттік шартты растайтын анықтама.  Мұндай құжаттарда көбінесе кредиттік қарыздың болуы немесе өтелуі, сондай-ақ ақша қаражаттарының қозғалысы туралы толық ақпарат қамтылады.
Алаяқтарға не қажет?
Қаскүнемдердің барлық әрекеттері өздерін аңғал адамдардың есебінен байытуға бағытталған.
Әлеуметтік инженерлер қазақстандықтардың сеніміне ие болуға, олардың назарын аударуға тырысады, сондықтан қажет болған жағдайда олар үнемі психологиялық қысым көрсетіп, қорқытуы да мүмкін.
Қылмыскерлер жәбірленуші адамды асықтырады және оның «құтқарушы кредитті» рәсімдеуін талап етеді. Алаяқтардың нұсқауларын орындай отырып, кейбір азаматтар кредит алу үшін өз еркімен банк филиалдарына барады, сөйтіп ақшаны алаяқтық шоттарға аударады.
Алаяқтар ұялы телефонға келіп түсетін SMS-кодтарды өздеріне жіберуді, зиянды сілтеме бойынша өтуді, мессенджерде жаңа функцияларды іске қосуды, олардың құрылғыларына, содан кейін мобильді қаржы қосымшаларына қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ететін AnyDesk, TeamViewer сияқты қосымшаларды жүктеуді сұрауы да мүмкін. Оларға сенуге болмайды!
Өзіңізді алаяқтықтың бұл түрінен қалай қорғауға болады?
Әңгіме ақша туралы болғанда, әрдайым мұқият болу керек.
Құқық қорғау жүйесінің (ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратура) қызметкерлеріміз деп таныстырған адамдардан, Ұлттық Банктің жалған қызметкерлерінен телефон қоңыраулары келіп түскен кезде әңгімені тоқтатып, қандай да бір талқылауға немесе «арнайы операциялар» жүргізуге қатыспаған жөн.
Есіңізде болсын: Қазақстанның құқық қорғау органдары мұндай «арнайы операциялар» жүргізбейді, ал Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырысуды жүргізбейді, сондықтан оның өкілдері мессенджерлер арқылы жалған ақпарат пен жалған құжаттарды жібермейді.
Егер сізге мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан түрлі құжаттар жіберілсе, онда бұл хабарларды бұғаттаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, бұл – фишинг.
Түрлі сылтаумен кредит алуды талап ететін үшінші тұлғаларға сенбеңіз. Егер сіз әлі де банк бөлімшесінде немесе МҚҰ-да болсаңыз, онда кредиттік ұйымның қызметкеріне өзіңіздің жағдайыңызды, белгісіз адамдар тартып отырған «арнайы операция» туралы айтып беріңіз.
Туыстарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге қоңырау шалып, олармен кеңесіңіз. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің call-орталығының «1459» байланыс нөмірін есте сақтаңыз, орталық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес береді.
Басқа азаматтар хабардар болу үшін осындай жағдайларды көпшілікке жариялаңыз, аттарынан алаяқтар іс-қимыл жасаған ұйымға олар туралы хабарлаңыз, әлеуметтік желілерге посттар жариялаңыз, ол ақпаратпен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы бөлісіңіз.
Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккен болса, оларға дербес деректеріңізді, төлем карталарыңыздың толық деректерді, ақша берген болсаңыз, онда дереу құқық қорғау органдарына, сондай-ақ карта мен шоттарыңызды бұғаттау үшін банкке тиісті өтінішпен жүгініңіз.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АЭС Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.