Жалған кредиттер — Төрттаған
Среда, 4 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған кредиттер

25.05.2024
Қоғам
0
Алаяқтардың кезекті әрекеті

Құрбанға қақпан құру: қаржылық алаяқтық бойынша үш кейс

«Fingramota Online» мобильді қосымшасының «Қаржылық пирамидалар және қаржылық алаяқтық» бөлімі арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар қаржылық пирамидалар туралы ғана емес, сонымен бірге олар кездестірген әртүрлі күмәнді схемалар туралы да айтады, деп жазады online.fingramota.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Соңғы айда алаяқтықтың үш түрі бойынша ақпарат келіп түсті. Fingramota.kz олардың әрқайсысын толығырақ қарастырып, қаскөйлерің тұзағына түспеу туралы кеңестер береді.

Жалған кредиттер

«Менің атым Сергей, мен кредитті рәсімдеу бойынша кеңесшімін. Біз kazahcredit жеке қорынан боламыз. Бізде 1 сағат ішінде 300 мыңнан 6 млн теңгеге дейін соманы рәсімдеуге болады. Мөлшерлемесі жылдық 13%. Мерзімі 5 жылға дейін. Ақшаны картаға, әмиянға алуға болады», — мұндай жіберілімді WhatsApp немесе Telegram арқылы 2022 жылғы сәуірде Қазақстанның бір өңірінің тұрғындары +370-тен басталатын нөмірден алды (бұл Литваның телефон коды).

Осы «қордың» өкілдері өздерінің жарнамаларында кредиттік тарихтың нашарлығына және басқа банктердегі мерзімін өткізіп алуларға қарамастан барлық клиенттермен жұмыс жасайтындықтарын айтты.

Кері байланыс алу үшін алаяқтар «Сіздің аты-жөніңіз?», «Сізді қандай сома қызықтырады?» деген сауалдар қояды. Яғни, алаяқтар жедел түрде ақшаға мұқтаж әлеуетті клиенттерді диалогқа тартуға тырысады. Көптеген азаматтар күдікті нөмірді бұғаттап, хабарламаны елемеуі мүмкін, бірақ кейбіреулері оған жауап береді. Содан кейін алаяқтар құрбанның нөмірін өз базасына сақтап, нүктелік шабуыл жасай бастайды.

Жалған кредиттерді жедел тез әрі оңай рәсімдеу — қаржылық алаяқтықтың бір түрі. Оның мәні — адамдарға көп күш жұмсамай кредит алуға кепілдік берілетініне сену. Кредитті қашықтан және ең аз құжаттар пакетімен рәсімдеуге болатындығы тартымды. Азаматтар алаяқтарға қажетті ақпаратты бергеннен кейін, қаскөйлер оны жалған кредиттерді ресімдеу, онлайн немесе мобильдік банкингтегі жеке кабинетті бұзу үшін пайдалана алады, осылайша басқаның банктік шоттарына толық қол жеткізе алады.

Алаяқтар сонымен қатар «жеңілдікті» кредит үшін алдын ала төлем жасауды ұсынуы мүмкін. Оларға кредиттік ұйымдардағы көмекшілердің бірінің қызметтерін төлеу, жеке кредиттік есептегі ақпаратты өзгерту және т.б. үшін ақша қажет. Қалаған нәрсені алғаннан кейін олар көзден ғайып болады.

Қаскөйлер сенімді көріну мақсатында қол қою үшін сізге қарыз шартын жібере алады. Бірақ шартта, мысалы, сіз оларға ақшаны қайырымдылық мақсатында өтеусіз негізде жіберетініңіз көрсетілуі мүмкін. Сондықтан сізге қол қою үшін берілген барлық нәрсені оқу өте маңызды. Есіңізде болсын, алаяқтарға ойлануға уақыт беруге болмайды, олар керемет психологтар, айла-шарғы жасаушылар және сіз қағаздарға тезірек қол қойып, оларға ақша беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Тағы нені білу керек?

Есіңізде болсын, Қазақстанда ешқандай жеке кредиторлар жоқ! Және бірде-бір қаржы ұйымы үшінші тұлғалар арқылы кредиттер бермейді!

Халыққа қарыз беруге құқығы бар ұйымдар – бұл банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (МҚҰ, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, онлайн-кредиторлар), мұндай кредиттік ұйымдарда міндетті түрде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы болуы керек. Қаржылық және микроқаржылық ұйымдардың лицензиясын қаржы реттеушісінің www.gov.kz. сайтынан тексеруге болады.

Сондай-ақ, қарыз алушы мен кредитордың арасында кредит алуға көмектесетін әлеуетті делдалдардың болмайтынын есте ұстаған жөн. Яғни, кредит тарихыңыздың нашар болуына қарамай, Сізге осындай қарыз ресімдеуге кепілдік беретін адам алаяқ болып шығуы әбден ықтимал. Алаяқтар дербес кредиттік есептегі ақпаратты қалыпқа келтіру бойынша қызметтерді ұсынулары мүмкін.

Алайда, іс жүзінде Қазақстандағы екі кредиттік бюроға: Мемлекеттік кредиттік бюро және Бірінші кредиттік бюроға жеке компаниялардың қолжетімділігі жоқ, яғни олардың кредиттік есепті түзетуге, мерзімін өткізіп алу туралы ақпаратты жоюға, яғни кредиттік тарихты «қайта жазуға» мүмкіндіктері жоқ.

Тағы бір ескеретін жағдай – алаяқтар заманауи технологиялардың көмегімен кез келген телефон нөмірін қолдан жасай алады, сондықтан ақша мәселесі ғана қызықтыратын бейтаныс адамдарға сенбеңіз.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПІКІРІ МАҢЫЗДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ең танымал алаяқтық тәсілдерін қарайық

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
156

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.