Жаңа заң не жайлы? — Төрттаған
Четверг, 29 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жаңа заң не жайлы?

02.08.2024
Қоғам
0
Қаржылық алаяқтықпен күрес: жаңа заң және азаматтарды қолдаудың жаңа әдістері

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

2024 жылғы 22 шілдеден бастап Ұлттық Банктің Антифрод-орталығын құру туралы норма белгіленді. Орталықтың басты міндеті – алаяқтық операциялар бойынша деректерді жинау, банктердің және МҚҰ-ның нақты уақыт режимінде күдікті операцияларды бұғаттауы.
Енді алаяқтық операцияларды анықтауға және алаяқтық транзакциялар бойынша жедел әрекет етуге, ондай операциялар бойынша қаражатты бұғаттауға, қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуға, алаяқтық операциялардың бірыңғай базасын және төлем операцияларының аналитикасын қалыптастыруға және жүргізуге мүмкіндік бар.
2024 жылғы 20 тамыздан бастап клиентті биометриялық сәйкестендіруден өткізбей онлайн банктік қарыздар мен онлайн микрокредиттер беруге тыйым салу заңды тұрғыдан әрекет ететін болады. Сондай-ақ, заңға тәуелді деңгейде Агенттік Интернет арқылы кредит беру кезінде liveness тексеруінің жүргізілуін талап етеді. Liveness — алаяқтар адамның жеке аккаунтына, мысалы банктік шоттарға қол жеткізу мақсатында кіру үшін дауыстық жазбаларды немесе фотосуреттерді қолдануға әрекет жасаған уақытта тірі адамды бетпердеден немесе дипфейктен ажыратуға мүмкіндік беретін технология. Бірақ liveness биометриялық технологиясының арқасында мұндай шабуылдарды болдырмауға болады. Алаяқтардың клиенттердің фотосуреттерін пайдалануын болдырмау үшін клиентке бақылау қозғалыстарын жүзеге асыру қажет болады.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап кредитті ресімдеуден ерікті бас тартуы болған кезде қарыз алушы кредиттік ұйым берген кредитті өтеуден босатылады. Егер азамат кредит алудан ерікті түрде бас тартса, бірақ осы кезеңде оған кредит заңсыз ресімделген болса, онда, кредитор-банк немесе МҚҰ қарызды есептен шығаруға міндетті болады.
2024 жылғы 1 қазаннан бастап банктер мен МҚҰ-ның кредит ресімдеуге келіп түскен өтініштер бойынша мәліметтерді нақты уақыт режимінде кредиттік бюроға беру міндеті заңнамалық тұрғыдан енгізіледі. Мұндай норма «кредиттік шопингті» — бір мезгілде бірнеше кредиттік ұйымдарда қарыздарды ресімдеуді болдырмау үшін белгіленген.
Бұл норма енгізілгенге дейін қалай болды? 2022 жылғы қазан айына дейін кредит тарихын жаңарту 15 күн ішінде жүзеге асырылды. Банктер мұны тез арада жүргізіп отырды, ал микроқаржы ұйымдары деректерді жаңартуды 15 күнге дейін уақытқа созған жағдайлар орын алды және бұл бұзушылық деп саналмады.
2022 жылғы қазанда банктер мен МҚҰ (кредиттік серіктестіктер мен коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) берілген жаңа қарыздар туралы мәліметтерді 1 жұмыс күнінің ішінде міндетті тәртіппен кредиттік бюроларға беретін болды, ал қарыз алушылар туралы алдағы уақыттағы кез келген ақпаратты жаңарты 10 жұмыс күні ішінде жүргізілді. Осылайша, клиенттердің өздері немесе алаяқтар қысқа уақыт ішінде бірнеше қаржы институттарынан несие ала алатын «кредиттік шопинг» жағдайлары азайды. Алаяқтық кредиттерінен басқа, мұндай норма азаматтардың борыш жүктемесін ұлғайтпауға мүмкіндік берді. Егер қарыз алушы кредиттік шоппингпен айналысқан болса, күнделікті есеп борыш жүктемесінің коэффициентін яғни ай сайынғы төлемнің қарыз алушының ресми кірісінің жартысынан және одан жоғары болуын одан әрі анықтауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, кейіннен туындайтын қиындықтарымен қоса мерзімі өткен берешектің алдын алуға жағдай тудырады. Егер кредитті алаяқтардың ресімдегені белгілі болса, жалған кредитті анықтағаннан кейін қарыз алушы кредиттік ұйымға және құқық қорғау органдарына өтініш беруге тиіс. Өтініште болған жайтты толығымен сипаттап, кредитті ресімдеу фактісі бойынша барлық жазбаша дәлелдерді қоса беру қажет.
Жаңа заң кредиторларды алаяқтық кредиттер бойынша тергеу іс-шараларын жүргізудің барлық кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндеттейді. Егер сот алаяқтық фактісін анықтаса, банк немесе МҚҰ клиентке қойылатын талаптарды тоқтатуға тиіс.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қаржылық алаяқтықпен күрес: жаңа заң және азаматтарды қолдаудың жаңа әдістері

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтардың кезекті әрекеті

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
10
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.