Алаяқтардың көбеюіне құқық қорғау органдары да алаңдаулы — Төрттаған
Четверг, 5 ноября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтардың көбеюіне құқық қорғау органдары да алаңдаулы

19.07.2024
Қоғам
0

Алаяқтық әрекеттердің көбейіп бара жатқандығына қазір құқық қорғау органдары да алаңдаулы. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, соңғы жылдары ала жіпті аттап, алаяқтық жасағандардың қарасы қалыңдай түскен. 2023 жылы алаяқтық әрекеттерге қатысты 1450 қылмыс тіркелсе, биыл жыл басынан бері 513 іс тіркеуге алынған. Олардың дені тұтынушыларға қызмет көрсету саласында орын алған.
Өткен жылы облыста 100-ге жуық азамат жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әрекеттердің құрбаны болған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, облыста үй немесе жер алу бойынша тіркелген алаяқтық фактілердің үлесі бұрнағы жылдармен салыстырғанда арта түскен. Мамандардың сөзіне сүйенсек, үй алуды армандап жүргендер көбіне мәселенің мәнісін ұғына бермейді. Тіпті, олар мемлекеттік бағдарлама арқылы берілетін үйді тезірек иемденгісі келетін көрінеді. Сөйтіп, әлгіндей алаяқтардың қақпанына түсіп, соңында қолындағы қаржыдан да, баспанадан да қағылады. Ал, алаяқтар мұндай адамдардың осал тұсын жақсы біледі.

READ ALSO

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

Мәселен, таяуда сарыағаштық полицейлер алаяқтық істерге қатысы бар 31 жастағы әйелді қолға түсірді. Оның алаяқтық істерге қатысы бар екендігі әшкере болып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің үстінен аудандық ішкі істер басқармасына бірнеше тұрғын арызданыпты. Зардап шегушілердің бірі: «Менің бір танысым үй кезегін жылжытып беруге көмектесе алатын бір адамды танитындығын айтқан. Мен ол кісімен жолығып, оған 100 мың теңге ақша бердім. Алайда, үй кезегін сол күйі жылжыта алмады» деп шағымданған. Қолға түскен алаяқ келіншек жәбірленушілердің тағы біріне арендалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй алып беруге уәде етеді. «Бұл әйелді көптен бері танимын. Ол бірде арендалық тұрғын үй бағдарламасы арқылы үй алып беруге көмектесетінін айтты. Бір жағынан нақты алып бере аламын деп тұрған соң, екінші жағынан кезекте қанша жыл тұрсақ та оның жылжымайтындығын ескеріп, келісімімізді бердік. Сұраған ақшасын қолына ұстаттық. Содан кейін ол мүлдем хабарсыз кетті» дейді жәбірленуші.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Келестік полицейлер алаяқтыққа қатысы бар 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жеңіл ақша табамын деп алаяққа ұрынбаңыз

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

20.10.2026
9
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

20.10.2026
14
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

От классического пенсионного аннуитета — к новым возможностям

20.10.2026
8
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

20.10.2026
5
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционные портфели под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 сентября 2026 года

20.10.2026
6
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

20.10.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
335
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
298
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
231

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.