Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы — Төрттаған
Вторник, 8 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы

​2024 жылғы 26 маусымда сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауды таныстырды.

27.06.2024
Жаңалықтар
0
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы

​2024 жылғы 26 маусымда сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауды таныстырды.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясының жұмысына облыс әкімі Д.Сатыбалды, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.
Күн тәртібінде 10 мәселе қаралды.
Сессияда бірқатар басқармалардың 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Атап айтқанда, Түркістан облысы бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру және табыстың өсуінің жаңа резервтерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы туралы, облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы туралы, Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы туралы есептері тыңдалды.
Депутаттар бұл мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, әр мәселеге қатысты ұсыныстарын енгізді.
Мәселен, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына:
— медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жоспарға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды;
— тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары бойынша бөлінген қаражаттардың тиімді және дұрыс пайдалануын қамтамасыз етуді;
— медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бойынша жұмыстарды жалғастыруды ұсынды.
Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына:
— Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласын дамыту бойынша 2024 жылға арналған индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізу жоспар тапсырмасының нәтижелілігін қамтамасыз етуді ұсынды.

Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасына:
— Түркістан облысы көлемінде жалақы қарызын өндіру бойынша жұмысты күшейтуді;
— құрылыс саласында жазатайым оқиғалардың санын азайту мақсатында, құрылыс саласында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі бойынша құқықтық түсіндірмелер жүргізуді;
— жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында жасалған ұжымдық шарттардың мониторингін күшейтуді;
— өндірістік жарақаттанудың санын азайту мақсатында жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің арасында еңбек заңнамасы бойынша түсіндірмелер жүргізуді күшейтуді ұсынды.
Сонымен қатар, Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен және электр энергиямен қамтамасыз ету туралы мәселелер бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы есеп берді.

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ


Одан бөлек, депутаттар кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу бойынша шешім қабылдады.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Өз кезегінде сессияны қортындылаған облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірде бірлесе атқаратын жұмыстар көп екенін жеткізді.
– Облыс әкімдігі мәслихатпен бірігіп, өңірді дамыту жолында жұмыс атқаруда. Сіздерге осы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бірақ әлі де атқарылатын жұмыс көп. Біз өңірге инвесторлар тарту бағытында жұмыс атқарып жатырмыз. Сонымен бірге Түркістанда Оңтүстік Кореяның оқу орнының филиалын ашу туралы келісімге қол жеткіздік. Біз жаңа оқу орнын ашып, сапалы білім беріп, жастарды даярлауымыз керек. Жұмыс орындарын көбейткен жөн. Жуырда Татарстанға барып ІТ, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін көріп келдік. Облысқа жаңа жобалар, жүйелі жұмыстар, ізденістер қажет. Алдағы уақытта да баршамыз бірігіп, аймақты дамыту жолындағы жұмысты жалғастырамыз, – деді облыс әкімі.

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті оныншы сессиясы

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Суицид қайдан шығады?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Еліміздің 17 өңірінде психологиялық қолдау орталығы ашылды

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.