Ең бастысы бала рухани жылылықты, оны басқалардың түсінуін, сөзін бөлмей тыңдауын, көмекті қажетсінетіндігін естен шығармаңыз. Сондықтан да алдын алу жұмыстарының негізгі мазмұны суицидті мінез-құлықты қалыптастыруына ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық факторлардың ықпалын әлсірету болып табылады. Алдын алу жұмыстарының мазмұнын құрайтын бөліктері:
- Баланың күнделікті өмір, тұрмыстық және бос уақыты режимін, тәртібін айқын нақты ұйымдастыру.Суицидалды мінез-құлық белсенділігіне болжам жасау;
- Сыныптастары, достары арасында, ата-анасымен, ұстазадарымен, ересектермен қарым-қатынасында дау-дамайлы жағдайлардың алдын алу. Суицидке бейімділік қаупі бар балаларды анықтау;
- Білім беру ұйымдарында бала құқықтарының сақталуын жан-жақты қамтамасыз ету.Психологиялық күйзеліске ұшыраған балаларға дер кезінде көмек көрсету.
- Мектепте психологиялық саулық және алдын алу іс-шараларын төмендегідей бағыттарда ұйымдастыру:
- жүйке-психикалық жағдайы тұрақсыз, өзгеріске ұшыраған, әлсіз балаларды ерте анықтау;
- баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес физикалық және психикалық жүктемелерді тең бөлу;
- өз құрдастары, сыныптастары, ұжым мүшелері арасында аса эмоционалды қысымдық жағдаяттар болуының алдын алу.
Суицидті мінез-құлық терең күйзеліспен қатар жүретінін естен шығармау керек. Оның белгілерін алдын ала ересектер мен ата-аналар көре білуі, көмек беруі маңызды:
- зейінінің немесе айқын ойлау қабілетінің төмендеуі;
- әдетте жағымды көңіл-күй туғызатын жағдайларға да қызығушылығын немесе сезімін жоғалтуы;
- енжарлық танытуы, шаршай беруі, қозғалысы мен сөйлеуінің бәсеңдеуі;
- оқудағы жетістіктерінің төмендеуі;
- өзін толымсыз, ешкімге қажетсіз сезінуі, өзін-өзі сыйламауы;
- ұйқысының бұзылуы, ұйқысыздық немесе көп ұйықтауы;
- болашаққа жоспарының болмауы, өткенін жеккөрінішпен еске алуы;
- мақтау мен марапаттауды қалыпты қабылдай алмауы;
- ауыр мұң сезіміне берілуі, жиі жылауы;
- тамаққа тәбетінің артуы немесе тәбеті болмауынан салмақ жоғалтуы;
- өлім немесе өзіне-өзі қол жұмсаушылық туралы жиі ойлауы.
А.Маханбетова, педагогика ғылымдарының кандидаты