Суицид туралы таралған қате түсініктер.
ДҰРЫС ЕМЕС: Суицид туралы айтатын адамдар түбі өз-өзіне қол жұмсайды.
Өзін-өзі өлтірген немесе осы әрекетке барған әрбір адам бұрынырақта бұған белгі беретін ескерту сигналдарын жасаған. Өзіне-өзі қол жұмсау қаупін елемеу дұрыс емес. «Мен өлсем, сіздерге оңай болады» немесе «Мен бұл жағдайдан ешқандай шығу жолын көріп тұрғам жоқ» секілді сөздер суицидтік сезімдердің бар екендігін білдіреді, бұны қарапайым немесе әзіл арқылы айтқаны маңызды емес.
ДҰРЫС ЕМЕС: Өзін өлтіруге тырысқан кез келген кісі есінен адасқан.
Өзіне-өзі қол жұмсау ниеті бар адамдардың көпшілігі психотик немесе есінен адасқан адамға жатпайды. Олар өте ренжіген, қайғы-қасіретке берілген, депрессия мен өкінішке толы болады, бірақ төтенше стресс пен эмоционалдық ауруға шалдығу психикалық аурудың міндетті белгілері емес.
ДҰРЫС ЕМЕС: Егер адам өзін өлтіруге толықтай бекінсе, оны ештеңе тоқтата алмайды.
Тіпті толықтай депрессиядағы адам да өлімге байланысты аралас сезімде болады, өмір сүру ниеті мен өлімге деген ниет арасындағы ой соңғы сәтке дейін ауысып тұрады. Суицидтік ниеттері бар адамдардың көпшілігі өлгісі келмейді. Олар ауырсынуды тоқтатқысы келеді. Мұның бәрін аяқтау импульсі өте қуатты болғанымен, мәңгі созылмайды.
ДҰРЫС ЕМЕС: Өз-өзіне қол жұмсаған адам, ешкімнен көмек сұрағысы келмеген адам.
Өз-өзіне қол жұмсағандар жайындағы зерттеулер өлім алдында соңғы алты айда бұл кісілердің жартысынан көбі медициналық көмекке жүгінгенін көрсетеді.
ДҰРЫС ЕМЕС: Суицид туралы әңгіме, басқа біреуге осыны жасау идеясын тастайды.
Суицидтік ниеті бар адамға өз-өзіне қол жұмсау турасындағы әңгімені айту арқылы ол адамды бұны жасауға итермелеу деген сөз емес. Керісінше – суицид тақырыбын көтеру және оны талқылау – сіз жасай алатын ең пайдалы заттардың бірі.