Жалған ақпараттардың қаупі — Төрттаған
Понедельник, 18 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған ақпараттардың қаупі

13.05.2024
Қоғам
0

Психолог жалған ақпараттардың тағы бір ерекшелігі – олардың тез таралуында екенін атап өтеді. Фейк жаңалықтардың аудиториясы өте үлкен және оның кімге көбірек, кімге аз әсер ететінін айту қиын, дейді маман.

“Көбінесе өмірлік тәжірибесі аз немесе білімі төмен адамдар фейк жаңалықтарға көбірек бейім болатынын атап өткім келеді, бірақ бұл бірінші сигнал ғана. Технологияның дамыған заманында жалған жаңалықтар бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, жаңа пішіндерге ие болды, сондықтан оған бой алдыратындар көбейетіні де заңды. Ең бастысы, адамдарды екі лагерьге бөлуге болмайды – жалған жаңалықтарға сенетіндер мен сенбейтіндер, өйткені бұл үгіт-насихаттың мақсаты: бөлу және сенімсіздік атмосферасын тудырады”, – дейді ол. Бұл туралы stan.kz сайтына сілтеме жасаған 4tagan.kz жазады.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Психолог жалған ақпараттардың арбауынан ешкім қорғалмағанын ескертеді. Ол жалған жаңалықтар жасау үшін адамның білімі, өмірлік тәжірибесі мүлдем маңызды емес екенін баса айтады. Сондықтан сыни ойлауды үйрету, қырағы болу және эмоцияларға толы мазмұн әрқашан сенімді бола бермейтінін түсіну өте маңызды. Көбінесе керісінше болады — үгіт-насихат жасаушылар адамның эмоцияларымен ойнауды ұнатады.

Психолог сонымен қоса жалған ақпараттарды танымал тұлғалар таратқан кезде адамдарға сенімдірек болып көрінетінін айтады.

“Көпке белгілі адам ақпаратты таратқанда, олардың әрекеті әлеуметтік дәлел ретінде қабылдануы мүмкін, бұл басқалардың ақпарат белгілі тұлғадан шыққандықтан сенімді деп болжауына себеп болады. Атақты адамдар көбінесе ықпалды болып көрінеді. Осылайша, белгілі адамдар таратқан жалған ақпаратқа сену үрдісіне психологиялық факторлардың жиынтығы әсер етеді, соның ішінде беделді қабылдау, әлеуметтік дәлелдеу т.б. Бұл психологиялық механизмдерді түсіну сыни ойлау мен медиа сауаттылықты дамыту үшін өте маңызды, әсіресе ақпарат әлеуметтік және дәстүрлі арналар арқылы тез таралатын дәуірде”, – деп жалғады маман.

Психолог фейктің адамның жанды жеріне тиіп кететін кездері болатынын ескертеді – ашу, алаңдаушылық, қорқыныш, үрей һәм жеккөрушілік. Мысалы, бизнестегі проблемалар, төмен жалақы, әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығы, азық-түлік бағасының өсуі туралы ақпараттар.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жалған ақпаратқа кімдер көбірек бейім?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ақпараттық манипуляцияға қалай қарсы тұруға болады

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.