ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢ. STOP FAKE! — Төрттаған
Воскресенье, 14 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢ. STOP FAKE!

09.04.2024
Қоғам
0
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢ. STOP FAKE!

Әлеуметтік желіде кез келген жазбаның астына оңды-соңды пікір қалдырып, лайк басқанда аңдамасаңыз, жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.Әсіресе желдей ескен түрлі ақпараттың рас-өтірігін анықтамастан, басқалармен бөліссеңіз, сіз де жалған ақпарат таратушы болып шыға келесіз. Білместікпен жасалған болса да ауыздан шыққан сөз бен қолмен жасалған істің салмағы мен сұрауы бар екенін ұмытпаңыз. Алматыда екі азамат Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алмалы аудандық соты оларды Қылмыстық кодекстің 174-бабының 2 бөлігі бойынша және 179-бабының 2 бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Заң қатал. Ал жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. Құқықтық статистика есебінше, биылғы жылдың екі айында фейк тарату бойынша 60-тан астам қылмыстық іс қозғалған.

Серік Беркамалов, заңгер:

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

– Қоғамдық дау тудыратын ақпараттар айтса, кез келген азамат заң жүзінде жауапқа тартылады. Егер ол жалған хабарлама таратса, әлеуметтік желіде тексерілмеген жаңалықтар жарияласа да заң алдында жауап беруі мүмкін.

Заңгер сөзінше, ақпараттың БАҚ-та, әлеуметтік желілерде таралуы шарт емес. Ол мессенджерлердегі шағын топта жарияланса да қылмыс саналатынын айтады.

Серік Беркамалов, заңгер:

– Мессенджерлерде сізге келген смс-ті келесі адамға жіберуге асықпаңыз. Мысалға банк жабылады деп фейк ақпарат тарап, халық арасында шу болса, есесіне үлкен резонанс туындаса, смс-ті таратушы қатаң жазаға тартылады.

Фейк ақпараттар көбінесе әлеуметтік желілерде тез таралып, ең көп лайк жинап жатады. STOPFAKE жобасының сарапшыларының айтуынша, ай сайын Қазнетте 150-ге жуық фейк жаңалық анықталады екен.

Айбек Күмісбеков, Stop fake kz жобасының жетекшісі:

– Шамамыз келгенше жалған ақпаратпен күрес жүргізіп жатырмыз. Жұмыс барысында көбіне алаяқтардың құйтырқы әрекеттерін әшкерелейміз. Жаңалықты оқығанда нақты ақпарат көзіне сену керек. Адамдарда ақпараттық фильтр болуы маңызды.

Мамандардың айтуынша, кез келген фейк – бұл қоғамдық пікірді манипуляциялау тәсілдерінің бірі. Мұны, әсіресе, алаяқтар жиі пайдалана бастаған. Жалған ақпараттың құрбаны болмау үшін авторы көрсетілмеген немесе ақпарат көзіне сілтемесі жоқ күмәнді мәліметтерді әрі қарай таратпай, алдымен тексеріп алған абзал.

 

24.kz

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қолдан жасап алуға болады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

12.06.2026
4
Қоғам

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

12.06.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ об использовании пенсионных накоплений

12.06.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

12.06.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«Ұлттық қор — балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

12.06.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

«Нацфонд – детям»: около 58 млн долларов США использовали казахстанцы на жильё и образование

12.06.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.