Сенат «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» туралы Заңды қабылдады. Оған сәйкес, енді еліміде «онлайн-платформаны пайдаланушы» және «инфлюенсер (блогер)» анықтамалары және басқа да терминдер енгізілетін болады.
Палатаның жалпы отырысында сенат Айгүл Қапбарова Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен заң жобасының мақсаты онлайн-платформалардың қызметі үшін құқықтық негіздер құру екенін атап өтті.
«Заңда онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, онлайн-платформалардың жұмыс істеуінің құқықтық режимін және онлайн-жарнамаға қойылатын талаптарды айқындау, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін регламенттеу ұсынылады», деді сенатор.
Айтуынша, бұл заңмен онлайн-платформаларда жалған ақпаратты таратуға және орналастыруға тыйым салу, сондай-ақ онлайн-платформаның меншік иесіне оны жою бойынша талаптар енгізіледі.
Сонымен қатар, осы заң талаптатрына сәйкес, бұдан былай өз парақшаларында жарнама орналастыратын әлеужелі пайдаланушылары, оны таңбалауы тиіс.
«онлайн-платформа» және «онлайн-жарнама» ұғымдарын енгізуге байланысты Қылмыстық, Кәсіпкерлік кодекстерге, «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Білім туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.
«Осылайша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін, онлайн-платформаларды пайдалана отырып іс-әрекет жасалған жағдайда оларды қолдану жөніндегі қосымша негіздеме үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін баптарды диспозицияға енгізу бөлігінде түзетулер енгізіледі», деді Айгүл Қапбарова.
Кәсіпкерлік кодекс шеңберінде бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салалары онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласымен толықтырылмақ.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қоғамдық тәртіпті, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға жағдай жасайтын онлайн-платформаларды пайдаланушылар мен әсер етушілердің/инфлюенсерлердің жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу жоспарланған.