ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 900 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ КӨКӨНІС, БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ МЕН ЕГІН ЕГІЛУДЕ — Төрттаған
Воскресенье, 8 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 900 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ КӨКӨНІС, БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ МЕН ЕГІН ЕГІЛУДЕ

26.02.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 900 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ КӨКӨНІС, БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ МЕН ЕГІН ЕГІЛУДЕ

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқын ала түсті. Осы салада нендей мәселелер бар? Жоспарлар қандай? Осы және өзге де сұрақтарға облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде жауап берілді. Өңір басшысы ауыл шаруашылығына тиісті көңіл бөлініп, жеңілдетілген жанар-жағармай, тыңайтқыштар мәселесі жылдағыдан ертерек шешімін тапқанын айта келе осы игілікті үйлестіріп, шаруаларды қолдау керектігін жеткізді.
– Көктемгі дала жұмыстары уақтылы әрі сапалы атқарылуы тиіс. Тыңайтқыш, жанар-жағармай және өзге де мәселелер бақылауға алынып, жұмыстар жүргізілген. Осыны шаруаларға жедел үлестіріп, жүйелеген жөн. Ауыл шаруашылығы басқармасы осыларды үйлестіріп, көмектесуі тиіс. Аудан, қала әкімдіктері жергілікті шаруалармен тығыз байланыста жұмыс істесін. Сор шаю, жер жырту жұмыстары 100 пайыз орындалуы қажет. Ендігі кезекте өнімділікті арттыруға басымдық берілсін. Тұқым сапасын жақсарту, жаңа тәсілдерді енгізу жұмыстарын атқарыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың есебі тыңдалды. Өңірде 873,6 мың гектарға егін егу жоспарланған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 3,4 мың гектарға артық. 496,5 мың гектар жерді жырту жоспарланса, бүгінде 425,3 мың гектар жер жыртылған. Жұмыстың 86 пайыздан астамы орындалған. 86,4 мың гектарда сор шаю жұмыстары жүрген. Ерте пісетін көкөніс үшін 2,7 мың гектар жер жыртылған. Қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының 95 пайызы жұмысқа дайын. 11,5 мың трактор, 1,3 мың дән сепкіш, 554 соқа қолданылуда.
Өңір шаруаларына 21,8 мың тонна жанар-жағармай бөлінген. Облыстық бюджеттен 7 млрд. теңге бөлініп, 1574 түрлі минералды тыңайтқышқа субсидияға өтініштер қабылдануда. Тұқыммен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 600 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүруде. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін бүгінде 3,7 млрд. теңгенің несиесі мақұлданған.
Апталық аппарат отырысында облыстағы қоғамдық-саяси ахуал, облыс әкімі орынбасарлары мен аппарат басшысының өздеріне жүктелген салалары бойынша атқарған жұмыстары сараланды. Тұрғындардың өтініштерін орындау, өңірді дамыту бойынша тапсырмалар берілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫН АШҚАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЖАҢА НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
6
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
6
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
6
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
11
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
12
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
15

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
328
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
277
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
207

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.