ТҮРКІСТАНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ БАҒЫТЫНДА ТЫҢ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНҒАН — Төрттаған
Четверг, 11 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ БАҒЫТЫНДА ТЫҢ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

22.02.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ БАҒЫТЫНДА ТЫҢ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі таңда Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту шаралары қолға алынған. 2023 жылдың қорытындысымен облыстың даму жоспарындағы индикаторлық көрсеткіштер орындалды. Оның ішінде 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалымен өткен жиында айтылды. Бұдан бөлек жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.
– Әр әкім ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын меңгеріп, сол саласының нағыз маманы болу керек. Қаржыны талан-таражға салуға болмайды. Халықпен жұмыс істеп, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту – басты міндет. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек. Нарықтық экономиканың негізгі талаптарының бірі халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекеттен тәуелсіз болу мүмкіндігін молайту. Кәсіп ашып, табыс табу – өркениеттегі елдерде қалыптасқан экономикалық тұжырым, – деген облыс басшысы тиісті сала басшыларына міндеттер жүктеді.
Мәжіліс барысында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өткен жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша 2022 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 5,2%-дан 5,0%-ға төмендеді. Ал жастар санындағы жұмыссыздық 4,2%-дан 1,7%-ға, әйелдердің жұмыссыздық деңгейінде 5,9%-дан 5,2%-ға дейін азайды. Жалпы жұмысқа орналасқандардың зейнетақы жарнасы 99% аударылған. Субсидияланған жұмыс орындарын аяқтағандардың 65% және кәсіптік оқуды аяқтағандардың 95% тұрақты жұмысқа орналасса, «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқығандар арасында өз ісін ашқандары 45%-ды құрап отыр.
Биыл жалпы 140,2 мың жұмыспен қамту шараларын іске асыру көзделуде. Оның ішінде 21,3 мың адам оқыту бағыттарымен, 118,9 мың жұмыс орындарын «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында ашу көзделуде. Ал оның бағыттары тұрақты жұмыс орындарына, уақытша жұмыс орындарына жолдау, кәсіпкерлік бастамалары үшін грант және шағын несие беруден тұрады. Жұмыспен қамту шараларына бюджет көздерінен қаржы қаралды. Сонымен қатар биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында және жеке инвестиция тартумен жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Оған қоса облыс бойынша жеке инвесторлар есебінен агроөнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласында 77 жоба қолға алынып, жаңа жұмыс орындары пайда болмақ.
Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан инвесторлар, жұмыс берушілермен меморандумдар түзу арқылы қажетті мамандарды кәсіби даярлау, бағдарлау курстарынан өткізіп, жұмыспен қамтуға бағытталған нақты шаралар қабылданады. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап құрылған Түркістан облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» және «Мансап орталықтарының» трансформациялануы күтілуде. «Мансап орталықтарының» жұмыспен қамту саласындағы қызметтері толығымен цифрландырылған бағытқа ауысады. Биыл 1 мамырдан бастап пилоттық жоба ретінде Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының «Мансап орталықтарын» трансформациялау жұмыстарын жүргізу күтілуде.
Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде, аудан, қала әкімдерімен халықты жұмыспен қамту, кедейлік деңгейін төмендету, әлеуметтік қорғау жөніндегі түйінді нысаналы индикаторлардың орындалуы бойынша Меморандум жобасы түзіліп, келісуге жолданды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУДЕ СӘУЛЕТІ МЕН САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
221
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.