2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Шардара ауданында 3474 адам жұмысқа орналастырылды. Аудандық «Мансап орталығы» ұсынған мәлімет бойынша өткен жылы 4408 тұрғын жұмыспен қамту жобаларына қатысқан.
Атап айтсақ, ауданда өткен жылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған 2,5 пайыздық шағын несиені 33 азаматқа беру жоспарланған. Нәтижесінде 21 азамат комиссия отырысына қатысып, бизнес жобалары мақұлданып, қаржылары аударылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 78 азаматқа берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына өткен жылы 29 жұмыс берушінің өтініміне сәйкес 198 азамат жолданды. «Жастар практикасына» 2023 жылы 413 жас маман жолданды. Қоғамдық жұмыстарға 729 жұмыссыз азамат жіберілді. «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына 27 жұмыс берушіге 76 адам қамтылса, «Күміс жас» жобасына 30 тұрғын жолданды. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 2028 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес 15 жұмыссыз тігінші мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқуға жолданды. Жылдың қорытындысымен оқуды аяқтаған 15 азаматтың барлығы тұрақты жұмыспен қамтылған.
Жұмыссыздарды enbek.kz платформасында онлайн оқыту бойынша 130 адам оқып, сертификаттарын алды. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша 690 адам кәсіпкерлік негіздеріне маманданды.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда биыл 898 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, 1187 жұмыс орны ашылды.