ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ — Төрттаған
Понедельник, 23 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

07.02.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Отырар ауданына жұмыс сапарымен арнайы барып, сондағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Алдымен аудан әкімдігінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтың бірі жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алуға қолдау көрсетуді сұрады. Музей саласында қызмет ететін жас маман еліміздің өзге де өңірінен, шетелдерден келген туристерге керамикалық бұйымдарды жасап, сатуды мақсат етіп отыр. Жеңілдетілген несиеге қажетті құрылғыларды алып, өз кәсібін бастағысы келетінін жеткізді. Жалпы елімізде жастарды қолдауға арналған бағдарламаның берері мол. 2023 жылы аталған бағдарлама аясында Отырар ауданы бойынша 81 азамат 2,5 пайыздық несие алып, өз кәсібін бастаған.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы киелі Отырар ауданы туризмді дамытуға қолайлы аймақтың бірі екенін айтып, туристерге арналған керамикалық бұйымдарды дайындаудың маңыздылығына тоқталды. Осы орайда айтылған ұсыныстың маңызы зор екенін атап өтті. Бұдан бөлек қабылдау барысында азаматтар тарапынан жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу секілді бірқатар өтініштер айтылып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қабылдаудан соң аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановпен бірге аймақтағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жай-күйімен танысты. Алдымен «Шәуілдір-Көксарай» бағытындағы облыстық маңызы бар жол құрылысы жұмыстарын көрді. Жұмыс сапары аудандағы Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебі мен М.Шойманов ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің құрылысын аралаумен жалғасты.
Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебі 2007 жылы салынған. Оқу ордасында 92 мұғалім, 42 кіші қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі таңда мектепте 567 оқушы білім алады. Мектептің материалдық жағдайы орташа, едендері тозған, есік-терезелері ескірген, ішкі және сыртқы қабырғаларына толық жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
М.Шойманов ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталған болатын. 2024 жылға өтпелі. Тапсырыс беруші мекеме аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі. Аталған нысанға облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралған. Жеңімпаз мердігер «IT Invest company» ЖШС-нің өкілі құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы толық аяқталатынын жеткізді.
Аралау барысында Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының сыртқы қабырғаларын қаптау, сондай-ақ орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мәселесі көтерілді. Аталған мектеп 1969 жылы салынып, 1970 жылы пайдалануға берілген. Бейсенбай Дәулетұлы оқушылардың сапалы білім алуы үшін оларға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын айтып, көтерілген мәселені өз бақылауына алатынын айтты.
Аудандағы әлеуметтік маңызы үлкен нысанның бірі – Шәуілдір ауылында салынып жатқан 600 орындық мектеп жайы. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ошағын «Мелиосервис К» ЖШС-і 2023 жылы өз қаржысы есебінен бастаған. Қазіргі таңда мектептің іргетасы құйылып, қабырғалары көтерілуде. Жаңа мектеп жайы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Іссапар барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары аудандағы құрылыс нысандарын мерзімінен кешіктірмей, сапалы жүргізуді жауапты мекеме басшыларына жүктеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ШАРУАҚОЖАЛЫҚ ЖЫЛЫНА 50 ТОННА ЕТ ӨНДІРЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
8
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
311
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
254
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
202

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.