«Қарызсыз қоғам» — азаматтарды қаржылық сауаттылыққа үйретуде — Төрттаған
Пятница, 21 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қарызсыз қоғам» — азаматтарды қаржылық сауаттылыққа үйретуде

05.02.2024
Жаңалықтар
0
«Қарызсыз қоғам» — азаматтарды қаржылық сауаттылыққа үйретуде

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өткені белгілі. Жоба бойынша еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырғанын атап өтіп, олардың көпшілігі 10 және одан да көп несие алған адамдар екенін айтты. «Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет», деген болатын.
Бүгін еліміздің барлық аймағында «Қарызсыз қоғам» жобасының биылғы оқуы басталуына орай, «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Мәжіліске аймақтық партия филиалдары бейнеконференция байланыс жүйесі арқылы қосылды. Партияның Түркістан облыстық филиалында өткен жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасарлары мен жауапты қызметкерлер, салалық басқармалар мен екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты.
«AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба шеңберінде 2023 жылы республикамыздың 8 өңірінде 65 мың тұрғын қаржылық сауаттылық курстарында оқып шыққанын партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек мәлімдеді.
Жиынның күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының үйлестіруші баяндама жасады. Жоба бойынша министрліктер мен ведомство өкілдерінің салалық жұмыстарының барысы, Парламент Мәжілісінің тұрғындарды шектен тыс несие қамытынан қорғаудың заң шығарушылық қызметі жөнінде хабарламалар тыңдалды.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Сансызбайұлы өңірде жобаны іске асыруда арнайы топ құрылып, оған облыс әкімінің орынбасары жауапты болып бекітілгенін атап өтті. Аймақтық деңгейде аудан, қала әкімінің орынбасарлары жауапты болып белгіленін айтты. Жобаны іске асыруда және ауқымын кеңейтуде Түркістан қаласында 3 ғимарат қарастырылғанын мәлімдеді. Аудан, қалаларда кәсіпкерлерге қызмет көрсету ғимараттары белгіленіп, толықтай кеңсе техникаларымен және қажетті жиһаздармен жабдықталғанын жеткізді.
2024 жылы облыста жоспар бойынша 10500 адам қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтетінін жария етті. Өңірге бекітілген алты менеджер мен қаржы сарапшылары Сауран, Келес, Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш аудандарының тұрғындарын оқытуды іске асырады.
Атап өту керек, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде 2023 жылы 12650 адамды қаржылық сауаттылықты арттыру курстарында оқытуы керек болса, жоспар 115,4 пайызға артығымен орындалып, нақты 14600 адам аталған курстарға қамтылып, қаржылық білімін арттырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ШАРДАРА: АҒЫН СУ ҚАШЫРТҚЫЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

20.11.2025
8
Жаңалықтар

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

20.11.2025
8
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Пенсионные активы приносят стабильный доход: 3,11 трлн тенге за 12 месяцев

20.11.2025
4
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз

20.11.2025
4
Жаңалықтар

Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

20.11.2025
8
Жаңалықтар

98% услуг, оказанных ЕНПФ с начала года, проведено в цифровом формате

20.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
442

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
171

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.