БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ — Төрттаған
Воскресенье, 8 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

29.01.2024
Жаңалықтар
0
БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

Түркістан облысында жолдың құрылысын дұрыс жүргізбеген компаниялар сотқа беріліп, заң аясында жауапкершілікке тартылады. Аталған саладағы мәселелер облыс әкімі аппаратының мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне жол құрылысы саласындағы жұмысты сапалы атқару керектігін ескертті.
– Әрбір аудан, қала әкімі өздері басқаратын аумақтағы жолдардың жай-күйін, сапасын біліп, жол салу қажетті аймақтар бойынша ұсыныстарын тұрақты түрде беріп тұрсын. Жол саласына жауапты басқарманың облысты сапалы жолмен қамту бағытындағы арнайы жоспары, картасы болуы тиіс. Жолдың сапасына тұрақты түрде мониторинг жасалсын. Жұмысты сапасыз атқарған мердігерлер бойынша заң шеңберінде жұмыс жүргізіңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, облыста 2023 жылы 48 млрд. теңгеге 676 нысан, яғни, 1586,4 шақырым жол жөнделген. 2024 жылы 747,8 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелері жөнделіп, жаңартылады деп жоспарланып отыр. Оған республикалық және облыстық бюджеттен, сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы қаржы бөлу жалғаспақ. 2024-2026 жылдар аралығында облыстық, аудандық маңызы бар жолдар және елді мекенін көшелерінде жалпы 1004 нысан немесе 2445,6 шақырым жол мен көшені жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 95 пайызға жеткізу көзделген.
Өңірде жолдардың сапасына тұрақты түрде мониторинг жасалуда. Тиісті мекемелер арқылы жолдардан тиісті сынамалар алынып, көптеген кемшілік анықталған. Басқарма тарапынан техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелерге 170-ке жуық ескерту хаты жолданған. 19 нысан бойынша 24,3 млн. теңге айыппұл салынған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 100-ДЕН АСТАМ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА ТАПСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 970 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
6
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
6
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
6
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
11
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
12
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
15

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
328
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
277
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
207

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.