ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРМАН ҚОРЫН МОЛАЙТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР БАҚЫЛАУДА  — Төрттаған
Среда, 5 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРМАН ҚОРЫН МОЛАЙТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР БАҚЫЛАУДА 

29.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРМАН ҚОРЫН МОЛАЙТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР БАҚЫЛАУДА 

READ ALSO

Құрылтай: Жаңғырудың бағытын айқындайтын маңызды диалог алаңы

23 ТАМЫЗ: ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында ел аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд. және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн. ағаш көшеттерін отырғызу керек екені айтылған. Осыған сәйкес, Түркістан облысында 110 210 гектар жерге 170 млн. ағаш көшеттері отырғызылады. Облыс әкімдігі мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлескен «Кешенді жоспар» аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп, ауқымды шара 5 жылда жүзеге асады. Осы бағытта облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев және басқарма басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков кешенді жоспардың орындалу барысын қадағалау үшін Шардара, Созақ аудандарындағы орман шаруашылығы мекемелеріне барып, аталған жоспар бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында заманауи тұқымбақтар ашу және орман шаруашылығы тұқымбақтарында өндірілетін көшеттердің сапасын жақсарту мақсатында басқарма тарапынан Шардара және Созақ орман шаруашылығы мекемелерінің теңгеріміндегі тұқымбақтардың жұмысымен танысып, алдағы уақытта дамыту мәселелері талқыланды.
Басқарма басшысы облыс әкімінің тапсырмасы аясында елді мекендерде заманауи тұқымбақ ашып, жергілікті тұрғындарды ағаш егуге ынталандыру қажеттігін жеткізіп, орман қорын молайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бақылауында болатынын айтты.
Бұдан өзге Қайрат Абдуалиев Шардара ауданындағы балық өсіруші және балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлермен бас қосып, саланың болашағын талқылады. Кездесуде балық шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтіліп жатқанын айтып, балық шаруашылығын одан әрі дамыту қажеттігін жеткізді. Ауданға арнайы іссапармен барған басқарма басшысы Ақалтын ауыл округіндегі «Болашақ» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруа қожалығында бүгінде 200 тоннаға жуық балық өндіріліп, оның 140 тоннасы сатылған. Кәсіпкер мемлекет тарапынан несие алып, шаруашылыққа қарасты балық өңдеу зауыты мен тоғанды балық шаруашылығын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Одан соң Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Қызылқұм каналының бойына барды. Онда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында балық шаруашылығын дамытуға ниет білдіруші азаматтарға тоғанды дайындап беру жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран су» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы техникасы жеткізіліп, тоғанды қазу жұмыстары жүргізілуде.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОБЛЫС ӘКІМІ ШАРДАРАДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ КӨБЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ӨҢІРДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖӘНЕ БИЗНЕС КЛИМАТТЫ ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ 

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Құрылтай: Жаңғырудың бағытын айқындайтын маңызды диалог алаңы

03.08.2026
11
23 ТАМЫЗ: ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
Жаңалықтар

23 ТАМЫЗ: ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

03.08.2026
19
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ЕЛ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ
Жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ЕЛ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ

29.07.2026
6
Құрылтай сайлауы – ел болашағына жауапты қадам
Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы – ел болашағына жауапты қадам

27.07.2026
15
Құрылтай сайлауына белсене қатысайық!
Жаңалықтар

Құрылтай сайлауына белсене қатысайық!

27.07.2026
7
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ БРЕНДТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ БРЕНДТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

27.07.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.