ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ — Төрттаған
Пятница, 21 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

25.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылғы 23 қаңтарда Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының жобалары бойынша баспасөз-турын ұйымдастырды, оған республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып жатыр, оның басты мақсаты – еліміздің барлық өңірлерінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Ауыл тұрғындарына микрокредиттер жылдық 2,5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама аясында 12,2 млрд теңгеге 75,5 мың шағын несие беріліп, 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Түркістан облысына келетін болсақ, өткен жылы мұнда 19,8 млрд теңгеге 3 256 жоба қаржыландырылды, 3 413 жұмыс орны ашылды. Кооперативтер негізінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға басымдық берілді.
Баспасөз-туры бағдарламасында бірінші нысаны Қарнақ ауылындағы «Тәжитдин ата» АӨК бройлер етін өндіру жобасы болды. Оның құны – 71,6 млн теңге, «Ауыл аманаты» бойынша оған 27,6 млн теңге бөлінген. Жоба жыл сайын 50 тонна құс етін шығара отырып, ауданы 15 сотықтан аспайтын шағын кеңістікті барынша пайдаланады. Бұл шаруашылық жерді үнемді пайдаланудың үлгісі болды. Айта кетейік, «Тәжитдин атада» өнім өндіру және сату тізбегі сауатты құрылған, ал құс етінің килограмы 1 500 теңгеден көтерме бағамен сатылады.
Өңір үшін тағы бір маңызды бастама – Талапты елді мекеніндегі «Ran» ЖК балық өсіру жобасы. Оның құны – 12 млн теңге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 7 млн теңге қаржыландырылды. Жоба жетекшісі өз бақшасында төрт бассейн салып, оған сазан шабақтарын жібергенін айтты. Шабақтар белгілі бір жасқа жеткенде сатылады және өңірде балық өнімдеріне сұраныс артады. Жобаның болжамды қуаты жылына 20 тонна өнім, алдағы жылдары тағы 15 бассейн салу және осылайша кәсіпорынды кеңейту жоспарланған.
Балтакөл ауылындағы наубайхананың басшысы Біржан Жүнісов БАҚ өкілдеріне өзінің жеткен жетістіктері жайында айтып берді. Онда күніне 300-350 дана нан сатылады. Кәсіпкердің айтуынша, ол «Ауыл аманаты» туралы естігенде жұмыссыз болған және оған жергілікті атқарушы орган құжаттарды рәсімдеп қана қоймай, бизнес-жоспар жасауға да көмектескен. Нәтижесінде ауыл тұрғыны өзінің шағын ісін ұйымдастыру үшін 8 млн теңге несие алды, негізгі қарызды төлеу күзде басталады. Ол несиені мерзімінен бұрын жабуды және тағы одан да ірі соманы алуды жоспарлап отыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасының жаңа ережесі фермерлерге кәсібін кеңейтуге 29 млн теңге алуға мүмкіндік береді.
Наубайхана Балтакөлдегі «Ауыл Аманатының» жалғыз жобасы емес, алақандай ауылда «Алға-БАМ» тары өңдейтін зауыты да бар. Өйткені, ауыл тары өсірумен танымал болғанымен, оны өңдеу үлкен жобаны қажет ететін. Қазір Алға-БАМ зауыты тәулігіне 5500 келіге жуық тары өңдейді. Зауытта сусымалы өнімдерді құюға және буып-түюге арналған станок, өндірістік желі, диірмен секілді барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландырылған несие қаражатының көлемі 20 млн теңгені құрады.
Сонымен, журналистер назарына мал шаруашылығы бойынша екі жоба ұсынылды: бірі ангус тұқымды 15 бас ІҚМ, екіншісі сүт бағытындағы 15 бас ІҚМ сатып алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Айта кету керек, бағдарлама арқылы жүзеге асқан барлық жобалар тұрғындардың табысын арттырып қана қоймай, жалпы өңірге оң әсер етіп, ауыл шаруашылығын дамытуға септігін тигізеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Мақтааралдық шаруалар қысқы шілде күнінде қырыққабат егуде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ордабасылық кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін дөңгелетуде

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

20.11.2025
9
Жаңалықтар

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

20.11.2025
9
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Пенсионные активы приносят стабильный доход: 3,11 трлн тенге за 12 месяцев

20.11.2025
4
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз

20.11.2025
4
Жаңалықтар

Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

20.11.2025
9
Жаңалықтар

98% услуг, оказанных ЕНПФ с начала года, проведено в цифровом формате

20.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
442

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
171

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.