Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінде 5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров «Жасыл аймақ» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне арнайы барып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.
Кооператив төрағасы Аброр Рыскуловтың айтуынша, алаңда жылына 4000 тонна ет дайындау көзделуде. Мал бордақылау алаңы 1,7 гектарға орналасқан. Мұнда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды.
Қазіргі таңда асыл тұқымды мал санын арттыру және олардың өнімділігін көбейту мақсатында шетелден 500 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алынды. Алдағы уақытта 2024 жылдың сәуір айына дейін ірі-қара санын 5 мың басқа дейін көбейту жоспарлануда.