ТҮРКІСТАН ТУРИЗМІ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ АРҚЫЛЫ ДАМИТЫН БОЛАДЫ — Төрттаған
Среда, 10 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТУРИЗМІ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ АРҚЫЛЫ ДАМИТЫН БОЛАДЫ

13.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ТУРИЗМІ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ АРҚЫЛЫ ДАМИТЫН БОЛАДЫ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сайк кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. Бес жылда олардың саны 184 мыңға жетті. Бес жылда шығарылған өнім көлемі 11 есеге дейін өсіп, 1 трлн. теңгеден асты. 2018 жылы шығарылған өнім көлемі 130,9 млрд. теңге болатын.

«Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бизнес субъектілері 46 млрд. теңгеге жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілді. Өз ісін бастауға ынталы азаматтарға «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы өткен жылы 22 336 қызмет түрі тегін көрсетілді.

– Түркістан қаласын рухани астана ретінде дамыту бастамасы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етті. Бес жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, облыс экономикасына жалпы 3 трлн. теңгедей инвестиция тартылды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі.

Бес жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9 347 жұмыс орны құрылды, – деді Дархан Сатыбалды.

Биыл инвестиция тұрақты өсуде. Өсім қарқыны бойынша өңір республикада алдыңғы орында (5 айда 196,1 млрд. тг.). Түркістан облысында бес жылға арналған 368 инвестициялық жоба жоспарланды. Құны 2,8 трлн. теңге болатын жобалар арқылы 18,5 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылы 48 жоба іске қосылып, 1168 адам жұмыспен қамтылды.

ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МЕН ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ- БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Өңірді дамыту үшін инвестиция тарту және жаңа кәсіпорындар ашуға басымдық берілгенін атап өтті.

Түркістан қаласын дамыту, өңірді өркендету бастамасы негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етті. Бес жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, облыс экономикасына жалпы 3 трлн. теңгедей инвестиция тартылды. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі (1,8 трлн.тг. үлесі 64%). Бес жылда облысқа салынған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Жалпы сомасы 422 млрд. теңгеге 133 инвестициялық жоба іске асырылып, 9347 жұмыс орны құрылды. Биыл инвестиция тұрақты өсуде. Облыс бес айда 196, 1 млрд. теңге инвестиция тартып, өсім қарқыны бойынша республикада алдыңғы орында тұр.

Түркістан облысында бес жылға арналған 368 инвестициялық жоба жоспарланды. Құны 2,8 трлн. теңге болатын жобалар арқылы 18,5 мың жұмыс орны ашылады. 2023 жылы 48 жоба іске қосылып, 1168 адам жұмыспен қамтылды.

«Биыл Түркістан облысының құрылғанына бес жыл толды. Облыс орталығы – Түркістан қаласын рухани астана ретінде дамыту бағытында қабылданған шаралар өңір экономикасының дамуына тың серпін берді. Экономиканың басты көрсеткіші жалпы өңірлік өнім көлемі бес жылда 2 есе өсіп, 3,5 трлн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 2 есеге артып, 867 млрд.теңгені құрады. 2018-2022 жылдар аралығында Индустрияландыру картасы аясында өңірде жалпы құны 56 млрд. теңгеге 43 жоба іске асырылып, 2834 жаңа жұмыс орны құрылды. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды жоспарлауда. Жобаның инвестициялық құны 100 млрд. теңгені құрайды, 250 жаңа жұмыс орнын ашуға мүкіндік береді. Жалпы өңірдің өзіндік кірістерді көбейтуіміз қажет. Осыған орай, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше маңызды ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Инвестиция тарту, кәсіпорындар ашуға басымдық беріледі»,- деді Дархан Сатыбалды.

КЕСЕНЕГЕ ҚАТЫСТЫ КЕШЕНДІ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Астанада өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы бойынша өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлім етті. Облыс әкімі журналистердің сұрағына сәйкес Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазіргі таңдағы жай-күйін баяндады.

«Кесененің жүй-күйін сақтау бойынша 2023 жылдың 28 сәуірінде Түркістан қаласында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қариннің төрағалығымен кеңес өткен болатын. Аталған кеңесте, ғалымдардың зерттеу жұмыстарына сәйкес, кесененің қазіргі жағдайы бойынша мәселелер 2004 жылдан бастау алғанын алға тартып отыр. Кесененің техникалық жағдайын зерттеу мемлекет деңгейінде көтеріліп отырған мәселе. Өткен жылы әр саланың білікті мамандарынан құралған жұмыс тобы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Сала мамандары кесененің жай-күйіне кері әсер ететін күрделі айтарлықтай сыртқы факторлардың жоқ екендігі туралы хабардар етті. Дегенмен ескерткіштің тікелей өзіне қатысты бірнеше проблемалары бар, олар арнайы мамандарға жоғарыда атап өткенімдей бұрыннан белгілі. Проблемалардың күрделілігіне байланысты, себеп-салдарын айқындап және оның шешу жолдарын анықтау үшін, кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет деген тұжырымға келген. Осы мақсатта зерттеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 2023 жылға қаржы бөлінді», -деді Д.Сатыбалды.

Халықаралық маңызы бар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің теңгерімінде. Кесенеге қатысты барлық мәселелер уәкілетті орган тарапынан шешіледі. Министрліктің мәліметі бойынша, 2023 жылғы шілде айында, кесененің күмбезіне ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, реставрация жасалу жоспарланған еді.

Бірінші кезекте егжей-тегжейлі инструменталдық тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, ескерткіштің жай-күйін үнемі бақылауда ұстау үшін мониторингтік жүйе орталығын ашу жоспарланған.

Облыс әкімінің айтуынша, ескерткіштің сейсмикалық белсенділігін анықтау үшін, әртүрлі мақсаттағы құрылымдарды апаттық жағынан қорғау, диагностика және жүйелерінде қолданылатын арнайы сейсмологиялық датчиктерді орнату жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, кесененің барлық бөлмесінде температуралық-ылғалдылық режимінің бұзылу себептерін анықтау бойынша жұмыс өте ауқымды болуына байланысты, қажетті датчик құралдарын әр түрлі деңгейде орнатып, кем дегенде жылдың 4 мезгілін қамтамасыз ету керек. Төрт маусымның тексеру, зерттеу нәтижесінен кейін ғана қандай да бір шешім қабылданады. Аталған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтар, заманауи технологиялық тәсілдер пайдаланылмақ.

Журналистер қашанда елге шынайы ақпараттарды жеткізіп, билік өкілдері оларды ресми мәліметтерімен дер кезінде қамтамасыз етіп отырса, жалған жала мен фейктердің болмайтындығына да тоқталып өтті. Баспасөз конференциясына қатысқан журналистер Түркістандағы атқарылып жатқан жарқын өзгерістерді беске бағалағаны сөзсіз.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСТЫ НАЗАРДА!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТУРИЗМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТАПТЫРМАС КӨЗІ БОЛМАҚ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
221
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.