Шардара ауданы әкімдігінің қызметшілері мен Шардара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарымен бірге «Орталық базарда» жеке кәсіпкерлерге мобильді аударымдар мен жалпыға бірдей декларациялау тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдар мен QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чек берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.
Тек әртүрлі тұлғадан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана, яғни кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі. Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін: туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобилді аударымдар жасайды және қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ, сонымен қатар жалпыға бірдей декларациялау бойынша бірінші кезеңі 2021 жылғы 1 қаңтардан басталды. Соған сәйкес декларациялауға жатады:
— жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
— мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);;
— мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
Екіншісі-2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларациялауға жататындар:
— Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;
— квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары. Үшіншісі — 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап; оған сәйкес декларациялауға жатады:
— заңды тұлғалардың басшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
— жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.