САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ — Төрттаған
Воскресенье, 1 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

11.01.2024
Жаңалықтар
0
САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Түркістан облысы бойынша экология департаменті, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесуде жер қойнауын пайдаланушылардың ауданға тіркелуі, аудандық статистика басқармасына айлық және тоқсандық есептіліктерді және өнім көлемдерін ауданға мерзімінде тапсыру, аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған төлемдері, ауыр жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеуіш таразы орнату, баламалы жол арқылы ауыр жүк көліктерінің жүруі туралы мәселелер қаралды.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров соңғы жылдары аудан аумағында жер қойнауын пайдалану, қазба жұмыстарының қоршаған ортаға кері әсері туралы түрлі пікірлер айтылып, халық арасында үлкен әлеуметтік мәселелер көтеріліп жатқанын атап өтті.
Сондықтан, кәсіпкерлер құқығын қорғау және жұртшылықтың пікірін назарға алу үшін осындай әлеуметтік мәселелерге тиісті қорытынды шығарып, заңсыз жер қойнауын пайдаланушылардың алдын-алу мақсатында аудан әкімдігі осы кездесуді арнайы өткізіп жатқанын жеткізді.
Жиында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакриов баяндама жасады. Баяндамашының мәлімеуінше аудан аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар (13 келісім-шарт және 19 лицензия). Оның ішінде 15 жер қойнауын пайдаланушы Шорнақ ауылдық округінде орналасқан. Бүгінгі таңда ауданымызда 18 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істеп тұрған болса, 14 жер қойнауын пайдаланушы уақытша тоқтап тұр. Аталған кен орындардың ішінде бүгінгі таңға ауданымызға 4 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.
Сонымен қатар, арнайы жұмысшы топ құрылып, олар жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында алдын алу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлерді ауданымызға тіркеп, кіріс көзін ұлғайту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.
Кездесуде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жер қойнауы бөлімінің бас маманы Дәулет Сержанов, Түркістан облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Қазыбай Шора күн тәртібіндегі мәселе бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, жиында кәсіпкерлер тарапынан тиісті мамандарға көптеген сұрақтар қойылып, оларға заң аясында жауап берілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 11 АУЫЗ СУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛІП, 20 ЕЛДІ МЕКЕН СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.