Төрттаған
Пятница, 4 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНА 8,1 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

06.01.2024
Жаңалықтар
0

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан 95,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі-100,8% құрады. Атап өтсек, өсімдік шаруашылығы – 67,4 млрд. теңге (100,9%), мал шаруашылығы – 27,5 млрд. теңгені (100,4%) құрады. Биылғы жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 1945 гектар артық орындалды (104,6 %).
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 8,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе артты. 2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны — 10,4 млрд. теңгеге 7 ірі және 35 шағын инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында жалпы құны — 3,8 млрд.теңгеге 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Ауданда мал саны — 533 484 бас, құс саны — 179 897 басты құрап, бүгінгі күнге 10 535 тонна ет; 49 977 тонна сүт; 8 млн. 209 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2024 жылға мал шаруашылығы саласында жалпы құны — 6,6 млрд.теңгеге ірі 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдаланып, кәсібін мал шаруашылығынан бастаған тұрғындар жыл өткен сайын төрт түліктің басын көбейтуге күш салуда.
Аудан көлемінде мал бордақылауға арнайы жер телімдері бөлініп, шаруаларға заңдастырылып берілуде. Бүгінде Иассы ауылдық округінде орналасқан елді мекендерден тыс жерде 21 гектар аймақ бөлініп, ірі мал бордақылау алаңдары сол орынға ауыстырылуда.
21 гектарға 14 шаруа қожалықтың жер телімдері әзірленіп, қазіргі таңда мал бордақылаумен айналысатын 4 шаруа қожалық өз жұмыстарын бастады. Қалған мал шаруашылығымен айналысатын 10 кәсіпкер құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастаған.
Кәсіпкерлердің басым көпшілігінің өтініші негізінде алдағы уақытта ірі-қара өсіру үшін тағыда 50 гектар жер белгіленіп, 40 шаруа қожалық құру жоспарлануда. Аудан тұрғындары мемлекет ұсынған көптеген жеңілдікті тиімді пайдалануға тырысуда.
“АУЫЛ АМАНАТЫ” ЖОБАСЫМЕН 182 ШАРУА 1 193 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
Ауданда «Ауыл аманаты» жобасымен несие алуға 273 адам құжат тапсырды (1 492 млн. теңге). Бүгінгі күнге 1 276 млн. теңгелік 192 жоба мақұлданып, 182 жобаға 1 193 млн. теңгеге қаржыландырылды.
— Мал шаруашылығы бағытында – 158 жоба; (құны 945 млн. теңге)
— Өсімдік шаруашылығы — 9 жоба; (құны — 54 млн. теңге)
— Балық шаруашылығы – 2 жоба; (құны — 17 млн. теңге)
— Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері — 5 жоба;
(құны — 124 млн. теңге)
— Өз кәсібін ашуға — 8 жоба; (құны 53 млн. теңге)
Бүгінгі күнге аудан бойынша 104 шаруа өзге облыстан 1217 мал сатып алды және 9 шаруа жылыжай салды.
Мемлекет қолдауы аясында өңірімізде шағын және орта бизнестің әлеуеті артып, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтыған кәсіпорындардың қатары көбейіп келеді. Мәселен, аудан бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан.
Бүгінде Иассы ауылдық округінде жем өндіретін цехын іске қосып, алғашқы өнімін шығара бастаған. Нысанның ашылуы алдымен, ауданда мал шаруашылығының дамуына серпін берсе, келесі кезекте бәсекелестікке қабілетті жергілікті өнім нарық бағамын реттемек.
Аталмыш цехқа аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев арнайы барып, кәсіп иелерімен кездесті. Шағын цех тәулігіне 10-12 тонна өнім шығаруда. Әзірге цехта 3 адам жұмыс жасайды. Алдағы уақытта, жемге сұраныс артса, жұмысшы қатары көбейіп, цехтың өндіріс қуаты еселенбек.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 7 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.