ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ПЕН САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАПТАЛДЫ — Төрттаған
Четверг, 25 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ПЕН САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАПТАЛДЫ

13.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ПЕН САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАПТАЛДЫ

READ ALSO

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев аудандарға жұмыс сапарымен барды. Алдымен Сарыағаш ауданына ат басын бұрып, ондағы әлеуметтік нысандардың құрылысын аралап көрді. Дербісек ауылдық округіндегі №22 Елшібек батыр атындағы жалпы білім беретін мектеп 1969 жылы салынған. Мұнда 101 мұғалім, 22 кіші қызметкер жұмыс істейді. Екі ауысымда 900-ден астам оқушы негізгі мектеп типтік ғимаратта және ыңғайластырылған бастауыш ғимаратта білім алады. Сараптама қорытындысына сәйкес, негізгі типтік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыс жобасы бекітілді. Үлкен мектептің материалдық жағдайы орташа, жылу жүйелері ескірген, едендері тозған, ішкі және сыртқы қабырғаларына толық жөндеу жұмыстарын жүргізуді, ғимарат шатырын ауыстыруды қажет етеді. Сыныптарға қажетті материал құрал-жабдықтар да ескірген. Таяуда жөндеу жұмыстары басталады. Сондағы мердігерлермен кездесіп, сапалы етіп атқару тапсырылды. Ең бастысы мерзімінен кешіктірмей, тамыз айының соңында аяқтау міндеттелді.
Әрі қарай Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Республикалық бюджет есебінен қажетті қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурс нәтижесі бойынша мердігер анықталып, келісім шарт түзілді. Бүгінде орталық 100-ден аса адам тартылып, құрылысы белсенді жүргізілуде. Биыл сәуір айында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Іссапар Сайрам ауданында жалғасты. Онда аудандық «Қарабұлақ» ауруханасының ғимаратымен танысты. Қазіргі таңда күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Биыл дайын болып, конкурс рәсімдері өткізілген соң, жөндеу жұмыстары басталады. Келесі жылға өтпелі. Жалпы биыл облыс бойынша 8 ауруханаға күрделі жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Қарабұлақ соған енеді. Облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға тиісті құжаттарды дайындап, мерзімінде конкурсқа ұсынуды тапсырды. Содан соң Қарабұлақ ауылында орналасқан Жамбыл атындағы жалпы орта мектебіне барды. 904 оқушы орынға арналған мектеп 1968 жылы салынған. Қазіргі таңда аталмыш мектепте 1435 оқушы білім алуда, алдағы оқу жылдарында мектеп 3 ауысымға өту қаупі бар. Жалпы орта мектебіне қосымша 500 орындық қосымша оқу корпусы, спорт зал, шеберхана, асхана, кітапхана құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасалынып, сараптау қорытындысы алынған. Жамбыл мектебіне 500 орынды қосымша ғимарат салу құжаттары дайын. Оны республикалық «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қорына жолдайтынын жеткізді. Министрлік құжаттарды қарап шыққан соң қолдау білдірсе, биылға қаржы бөлінеді
Іссапар барысында Бейсен Дәулетұлы қос ауданда да қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық қатынастар мәселелері туралы мәжіліске қатысып, өзекті проблемаларды талқылады. Жауаптыларға тапсырмалар жүктелді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алишер Абултаев: «ТҮРКІСТАНДА ТІГІНШІ ТАПШЫ»

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

15.12.2025
7
Жаңалықтар

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

15.12.2025
7
Жаңалықтар

«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат

15.12.2025
7
Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер

15.12.2025
12
Жаңалықтар

Пенсионная система Казахстана укрепила позиции в рейтинге Глобального пенсионного индекса Mercer CFA 2025 года

15.12.2025
11
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Чистый инвестиционный доход с 2014 года превысил 13,6 трлн тенге

15.12.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
188
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
186

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.