ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУЛЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ — Төрттаған
Воскресенье, 9 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУЛЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

13.01.2024
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУЛЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Кентау қаласына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды демеушілердің есебінен 2,5 га аумаққа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында болды. Облыс басшысы халыққа қолдау көрсеткен инвесторларға алғысын айтты.
Тұрғын үй салу үшін жер берілетін аймақтарға алдымен инфрақұрылым тартылуы тиіс. Атап айтқанда, халыққа берілуі тиіс жерлер көпшілікке бөлінбей тұрып, онда электр жарығы, көгілдір отын, су тартылып, жол төселуі қажет.
Кентау қаласында үйіргерлік жері қаланың басқа аймағына ауыстырылған қаладағы С.Сейфуллин көшесінде орналасқан учаскілерге демеушілер тарапынан инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталды.
«SagulovInvest`s» ЖШС басшылығы 2,5 га жерге электр желілері мен 1149 метр газ құбырын жүргізу, 3356 метр ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Инвестиция көлемі — 180 млн теңге.
— Демеушілердің тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірімізде артып келеді. Бұл үлгі боларлық іс. Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді туған жерге жанашырлықпен қарауға, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге, ел экономикасын дамытуға үлес қосуға шақырғаны белгілі. Жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар қолдауымен көптеген жобалар жүзеге асуда. Оның ішінде, елді мекендер мен қаланы көркейтуге басымдық берілген. Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуді көздеген азаматтарымызға алғыс айтамын,- деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыс басшысы сондай-ақ Кентау қаласындағы «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасында болды. Мұнда 280 бала тәрбиеленеді. 2011 жылы салынған ғимарат жер асты суының көтерілуінен қабырғасы жарыла бастаған. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүргізіліп жатқан бірнеше техникалық сараптама қорытындысы ғимаратты апатты жағдайда деп таныса, мәселенің шешімі арнайы комиссия қарауына тапсырылады. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп не сүрілетін болады. Орнына жаңасы салынады. Ал, балалар уақытша басқа ғимаратқа көшіріледі.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОТЫРАР АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІН ТЕКСЕРДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
9
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
225
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
177
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.