16 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӘБУ-ДӘБИ – ТҮРКІСТАН БАҒЫТЫНДА ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ — Төрттаған
Четверг, 11 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

16 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӘБУ-ДӘБИ – ТҮРКІСТАН БАҒЫТЫНДА ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

09.01.2024
Жаңалықтар
0
16 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӘБУ-ДӘБИ – ТҮРКІСТАН БАҒЫТЫНДА ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биылғы жылдың 16 қаңтарынан бастап Түркістан – Әбу-Дәби – Түркістан бағытында әуе рейсі іске қосылады. Бағасы төмен әрі қолжетімді билеттер өткен жылдың қараша айынан бастап wizzair.com сайты мен мобильді қосымшасында сатылымға шыққан болатын. БАӘ-нің 159 дирхамынан, қазақ валютасымен есептегенде 19 мың теңгеден басталады. Биыл 8 қаңтардағы жағдай бойынша алғашқы рейске 168 әуе билеті сатылған. Рейстерді сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына 3 рет орындау көзделуде.
Бұл туралы бүгін Түркістан халықаралық әуежайында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Оған Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев,«YDA Group» АҚ-ның авиация саласындағы бас директоры және басқарма мүшесі Хамди Гювенч, «Wizz Air Abu Dhabi» ұлттық компаниясының коммерциялық аға менеджері Крислен Кери, Әбу-Даби қаласының туризм және мәдениет департаментінің өкілі Тимур Сусаров қатысып, БАҚ өкілдеріне жоспарды таныстырды. Сондай-ақ сауалдарға жауап берді.
– Бүгін біздің өңіріміз бен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы туристік бағыттағы мәселелерді талқылауға және екіжақты экономикалық және туристік қатынастарды дамыту жөнінде пікір алмасуға жақсы мүмкіндік туып отыр. Түркістанның халықаралық және өңірлік деңгейде туризмді дамытуға әлеуеті жоғары. Туристерді аймақтың тарихи, архитектуралық және археологиялық ескерткіштері қызықтырады. Түркістанда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Жыл сайын кесенеге келушілер саны шамамен шамамен 1 миллион адамды құрайды. Соңғы 5 жылда Түркістан облысының туризм саласына салынған инвестиция көлемі 356 млрд. теңгеге жетті. Түркістан қаласы облыс орталығына айналған сәттен бастап 35-ке жуық жаңа қонақ үй мен 30-ға жуық мәдениет нысаны ашылып, туристерге қызмет көрсетуде. Сонымен қатар Түркістан қаласында «Hazret Sultan» халықаралық әуежайы салынды. Жобаның құны – 68,9 млрд. теңге. Жобаның инвесторы – «YDA GROUP» акционерлік қоғамы. Ыстамбұл-Түркістан, Кувейт-Түркістан бағыттары бойынша тікелей рейстері жұмыс істеп тұр. Өңірдегі туристер саны жыл сайын артып келеді. Оның ішінде ішкі туристер саны – 235 мың болса, 11 айда келген туристер саны – 14 448 адамды құрады. Оның ішінде Түркістан облысына БАӘ-ден 11 турист келді, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары
Жиын барысында әуе компаниясының өкілі Крислен Кери Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі әрі тарихи қала Түркістанды Орта Азиядағы танымал желілер қатарына қосу жоспары туралы баяндап, жаңа бағыттың таныстырылымын жүргізді. Әбу-Даби – Түркістан өнімі және оның мүмкіндіктері туралы ақпараттар ұсынылды. Тікелей әуе рейсі – Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан азаматтары үшін де, қонақтар үшін де туристік әлеуетті дамытуға мол үлес қоспақ.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТТАР 140 ОТБАСЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНА ИНВЕСТОРЛАР 180 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ САЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
221
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.