ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ — Төрттаған
Суббота, 12 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

08.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр. Жол картасына енгізілген тапсырмалар орындалған. Облыс әкімі аппаратының апталық отырысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға осы жұмыстардың атқарылу барысы баяндалды. Өңір басшысы су айдындарын және су қоймаларды тұрақты бақылауда ұстап, су тасқынына қарсы іс-шараны толық атқармаған аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді.
– Бұл салаға тиісті қолдау көрсетілді. Сондықтан биыл су тасқынына жол берілмеуі керек. Су тасқынына қатысты тапсырманы орындамаған аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма өздеріне жүктелген міндетті орындап, қауіпсіздік шараларын күшейтсін. Жауапты мекемелер көрші мемлекеттен келетін су мөлшерін бақылауда ұстап, дұрыс үйлестірсін. «Тұран-Су» мекемесі қажетті құрал жабдықтар мен техникалармен толық қамтамасыз етілді. Сондықтан механикалық тазалау жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау қажет. Басты міндет – су шаруашылығы жүйелерін күтіп ұстау, елді мекендердің тыныс-тіршілігін ағын сумен қамтамасыз ету. Су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті шаралар өз мерзімінде орындалып, облыс аумағындағы бөгеттерді нығайту, арықтар мен каналдар жүйелерін тазалау жұмыстары жүргізілсін. Гидротехникалық құрылыстардың жағдайы жан-жақты тексерілсін, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешевтің баяндамасы тыңдалды.
«2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы» Жол картасындағы іс-шаралар биыл өзіңіздің қолдауыңызбен толық жүзеге асырылды. Бүгінге жоспарланған 20 іс-шараның 19-ы толығымен аяқталды. Ал 1 іс-шара яғни, «Қараспан» су торабындағы жұмыстардың 45 пайызы аяқталды. «Тұран су» мекемесімен жоспардан тыс қосымша Келес, Ақсу өзені бойында 1,3 шақырым арна жағалауы реттеліп, 748,8 қой тастары және 416 дана габион торларымен бекітілді. Нәтижесінде, Сарыағаш, Сайрам, Келес, Ордабасы аудандарының 20 елді мекенінде су тасқыны қаупі сейілді», деді департамент бастығы.
2023-2024 жылғы күз және көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайдың алдын алу және тасқын суларды апатсыз өткізу жоспары аясында да бірқатар жұмыстар атқарылған. 1000 шақырымды құрайтын 1327 қашыртқы арна механикалық тазартудан, 1100 шақырымды құрайтын 260 арық-атыздың арнасы мен автожол астындағы 149 өткел қоқыс, топырақтан тазартылды. Департаменттің аумақтық бөлімшелерімен өткен жылдың қараша айында елді мекендердің дайындығы тексеріліп, 7 аудан, қаланың 40 елді мекеннің дайын еместігі туралы хабар берілді. Қазіргі таңда 29 елді мекеннің кемшілігі жойылды. Тасқынға қарсы 101 мың дана қап, 8 мың тонна жанар жағармай қоры мен 40 млн. теңге көлеміндегі азық-түлікке мемормандум жасалып, 296 бірлік инженерлік техника әзірленген. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінің 175 жеке құрамы мен 144 құралы (38 тех. 5 қайық, 116 мотопомпа), «Тұран су» мекемесінің 40 бірлік инженерлік техникасы дайындыққа келтірілді. Қиын жағдайдағы «Қапшағай», «Ырмақ-Өзен» «Майдантал» су қоймалары күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілген.
Бүгінде «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде тасқын суды қабылдауға шамамен 4 млрд. текше метр көлемінде бос қоры бар. Жағдай тұрақты. Мамандар ақпан айында жауын-шашын мөлшерден түсетінін болжап отыр. Дайындық жүргізілуде.
Жиында «Тұран-Су» ШЖҚ МКК басшысы Досхан Лесов 2023-2024 жылдардағы су тасқынына қарсы әзірленген инженерлік жоспары бойынша аудан, қала әкімдіктерінің сұранысы негізінде техникалар бөлініп, 6 аудан, қаладағы тасқын суды өткізетін 47,5 шақырым өзен арналары мен арықтар тазартылғанын жеткізді. Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Шардара, Отырар, Ордабасы, Сауран аудандары мен Арыс қаласы әкімдіктерімен бірлескен іс-шара түзіліп, жоспарланған 679,7 шақырым каналдардың, бүгінгі таңда 659,9 шақырымына тазалау жұмыстары жүргізілді немесе 97% орындалды. Қаңтар айының 20-на дейін жоспар толық орындалады. Нәтижесінде шаруаларға ағын суды жеткізу мүмкіндігі артып, су шығындары азайып, елді-мекендер және инфрақұрылымдық нысандарды су басу қаупі жойылды. Кәсіпорында төтенше жағдайға қарсы 130 тонна дизель отыны, 420 м3 қой тасы, 3300 дана қап, 200 дана габиондық тор, 20 тонна цемент, 48 дана плита бар. Облыс әкімінің қолдауымен кәсіпорынға облыстық бюджеттен 2 дана экскаватор, 3 дана бульдозер және 2 тұрғынжай вагоны алынды. Сондай-ақ бөліп төлеу негізінде «JCB» және «HITACHI» маркалы 39 экскаватормен қамтамасыз етілді. 14 дана экскаватор 8 аудан, қала әкімдіктеріне кейіннен сатып алу тәртібімен жалға берілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ҚЫРҒАУЫЛДЫ ҚОЛДА ӨСІРІП КӘСІП ЕТКЕН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.