Қазақстандық мамандар аустралиялық ветеринария тәжірибесін зерделеді — Төрттаған
Вторник, 3 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Қазақстандық мамандар аустралиялық ветеринария тәжірибесін зерделеді

07.01.2024
Экономика
0
Қазақстандық мамандар аустралиялық ветеринария тәжірибесін зерделеді

READ ALSO

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

Деректердің дұрыстығын және толық биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Аустралиядағы ауылшаруашылық жануарларын қадағалаудың электрондық жүйесінің тиімділігі агробизнес өкілдерінің, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктері өкілдерінен құралған қазақстандық делегацияның жіті зерттеу нысанына айналды. Делегацияны вице-премьер Серік Жұманғарин басқарды.
Аустралияда халықаралық эпизоотиялық бюрода тіркелуге жататын адам үшін қауіпті мал аурулары (аусыл, бруцеллез, сібір жарасы және т.б.) мүлдем кездеспейді. Тек кейбір аймақтарда жылқылардың құтыруына ұқсас вирус бар. Алайда вакциналаудың арқасында індет толық ауыздықталады.
Биологиялық қауіпсіздіктің бұл деңгейіне көбінесе жануарларды сәйкестендіру мен қадағалаудың электронды жүйесі арқылы қол жеткізілді. Әрбір фермердің, әрбір қасапхананың, бордақылау алаңының жеке сәйкестендіру нөмірлері болады, оларға өз кезегінде жануарлардың нөмірлері бекітіледі және олардың барлық қозғалысы тіркеледі. Бүгінде электронды биркалаумен Аустралияның ірі қара малының барлық табыны қамтылған, ұсақ мал – визуалды түрде бақыланады, алайда, 2025 жылға қарай барлық мал басы электрондық жүйеге енгізіледі деп жоспарланған. Аустралиялық мамандардың айтуынша, мұндай жүйе ветеринария үшін өте маңызды, өйткені жануар ауырған жағдайда оны оңай оқшаулауға болады.
«Аустралияда жеке және мемлекеттік ветеринарлық қызметтер арасында нақты айырмашылық бар. Жекеменшік ұйым маманы малды тексеруге және емдеуге жауапты және фермерлердің шақыруы бойынша жұмыс істейді. Ал, мемлекеттік ветеринарлық қызмет Аустралиядағы қауіпсіздікті қадағалауға және халықаралық нарықтардағы сұраныстарды бақылауға жауапты. Сондай-ақ ірі көлемде індет орын алған жағдайда ветеринарлар ауру себептерін тексеруге де қатысады. Бізде ХЭБ-те тіркелетін аурулардың жоқтығына қуанамыз. Менің ойымша, Аустралия континент болғандықтан және тарихи тұрғыдан жануарлардың ауруларын бақылау бізге оңай болды. Бұл үшін бізде барлық әдістер бар», — деді Қазақстан делегациясына Аделаида университетінің профессоры Шон Миллер.
Делегация саланы дамытудың басқа да мәселелерін пысықтады. Белгілі болғандай, Аустралияда мемлекет іс жүзінде ауыл шаруашылығын қолдау шараларын ұсынбайды. Пайдаланылатын отынды субсидиялау бар, алайда бұл сирек кездесетін жағдай. Мемлекеттік органдардың рөлі – елдің мүдделерін халықаралық нарықтарда ілгерілету, фермерлерді оқыту және ақпараттандыру, сондай-ақ елдік ауқымда ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Мұндағы мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы толығымен нарыққа негізделген, баға құбылмалылыққа ұшырайды, өйткені олар ауа райы жағдайына да байланысты. Жалпы алғанда, салаға климаттық құрғақшылықтың жалпы тенденциясы әсер етеді: шаруашылықтарды ірілендіру үрдісі байқалады.
«Аустралияда болғанымызда біз мал шаруашылығын тиімді дамыту әдістерін зерттедік. Әлемдік экспорт нарығындағы бәсекелестік жоғары және Қазақстан өз орнын алуы үшін біз еттің өзіндік құны төмен мал өсіруіміз керек. Біз бұл елде ауылшаруашылық жануарларының тарихын толық бақылауға болатынын көреміз: төл алған және сәйкестендіру сәтінен бастап мал биржасында сатуға немесе союға дейін қойылған. Біздің республикада малды өткізу, сатып алу, әкету, әкелу және т.б. кезінде карантинге жатқызу ережелері қолданылады. Бұл жерде мұндай жағдайларда карантин жоқ», — деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА 5 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам
Экономика

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

05.05.2025
3
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

25.04.2025
7
ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

23.05.2024
3
ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?
Экономика

ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?

18.01.2024
15
Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі
Экономика

Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі

17.01.2024
4
ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ
Экономика

ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ

14.01.2024
25

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.