Қызыл ет пен дәнді дақылдар – Аустралиядағы ауыл шаруашылығының ең тиімді бағыттары — Төрттаған
Воскресенье, 1 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Экономика

Қызыл ет пен дәнді дақылдар – Аустралиядағы ауыл шаруашылығының ең тиімді бағыттары

07.01.2024
Экономика
0
Қызыл ет пен дәнді дақылдар – Аустралиядағы ауыл шаруашылығының ең тиімді бағыттары

READ ALSO

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Қазақстан әкімдіктерінің өкілдері мен мал өсірушілер Аустралияға сапары барысында еліміздегі ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бірі – «Eders» компаниясының басшылығымен кездесті.
Компания аустралиялық фермерлерге қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады – агрономиялық консалтинг, мал шаруашылығы бойынша кеңес беру, көміртегі шаруашылығы, ауыл шаруашылығындағы цифрлық технологиялар, геномика, мал, астық және жүн сатып алу және сату жөніндегі агенттік қызметтер, сақтандыру, ауылдық жылжымайтын мүлік туралы қолдау көрсетеді.
Elders жыл сайын шамамен 1,3 – 1,7 млн ірі қара мал сатады, бұл Аустралиядағы сатылымның жалпы айналымының шамамен 12%-ын құрайды. Сондай-ақ жылына 10 млн қой сатылып, бұл нарықтың шамамен 20%-ын құрап отыр. Elders өкілдері атап өткендей, бүгінгі таңда ірі қара бағасы: тірі малдың салмағы 1 кг үшін 1,5-2 аустралиялық доллар, сойылғаннан кейінгі тұтас етінің килограмы 3-4 доллар. Аустралияда олардың агенттері орналасқан 400-ден астам Еlders кеңселері мен ферма дүкендері бар. Фермерге мал сату туралы Elders өкілдігіне қоңырау шалу жеткілікті, ал агенттер көлікті, сатып алушыны өздері табады, трансферт ұйымдастырады, төлем мен құжаттарды рәсімдеуге кепілдік береді. Аталған қызмет үшін көлік шығындарын есепке алмағанда орта есеппен ірі қара мал бағасынан 3-3,5%, қой үшін – шамамен 4% алынады.
Қызыл ет пен дәнді дақылдар – Аустралиядағы ауыл шаруашылығының ең тиімді бағыттары. Жыл сайын дәнді дақылдар сату шамамен $13 млрд-қа бағаланады. Аустралияда 22 мыңға жуық компания өсімдік шаруашылығымен айналысады, егіс алқабы – шамамен 20 млн гектар, негізінен бидай, арпа, рапс, сұлы, жасымық, бұршақ өсіріледі. Астық өнімдерінің 65%-ы экспортқа шығарылады. 2023 жылы бидай жинау шамамен 25 млн тоннаны, арпа – 10 млн тоннаны құрады.
Аустралияның экспорттық нарығы өте үлкен және ішкі нарықты жақсы қамтамасыз етеді, дейді Elders. Орташа алғанда, елімізде 1 адамға 1 тонна астық өсіріледі. Қазақстан – аустралиялықтардың пікірінше, әлемдегі бидай өнімділігі жоғары елдердің бірі. Компанияның қазақстандық серіктестермен фермаларды нөлден бастап құру бойынша тәжірибесі бар.
«Қазақстанда қызыл ет индустриясын жаңарту бағдарламасы жүріп жатқан кезде біз “Солтүстік Агро” компаниясымен жұмыс істедік. Қарабалықта (Қостанай облысы) екі компания іске қосылды: “Солтүстік-Агро” және “Терра”. Солтүстік Агроға біз Канада, АҚШ және Аустралиядан 4,5 мыңға жуық Ангус сиырларын әкелдік. Сондай-ақ 6 мың гектарға жуық шаруа қожалығына егіс алқаптары ұйымдастырылып, жазда мал өсіруге арналып қоршалды. Қыста мал шаруашылығын қамтамасыз ететін өндірістік бордақылау алаңы және барлық қажетті инфрақұрылым салынды. Барлығы нөлден бастап жасалды. Жақсы бордақылаудың арқасында қыста мал қатып қалмады. Біз малды дұрыс азықтандырамыз – бұл біздің әдісіміз. Аустралияда ыстық температурамен байланысты мәселелер көп, ал Қазақстанда – температура күрт өзгереді. Менің ойымша, сіздердің елдеріңізде бәрі сіздер қалағандай болуы мүмкін. Сіздерде жер, инвестициялау мүмкіндігі бар, сіздер орталықта орналасқансыздар, көптеген елдерді тамақтандыруға болады. Ең бастысы – сауданы жолға қою», — деп атап өтті Elders кеңесшісі және агроменеджер Брюс Крик.
«Қостанай облысында бізде 20 мың бас ірі қара мал бордақылау алаңы бар. Біз 12 жыл бұрын Аустралияда болдық, тәжірибе жинадық, өйткені мұндай қарқын Қазақстанда жоқ еді. Ал бүгінде біздің бордақылау алаңымыз еліміздегі ең ірі алаң болып отыр. Одан әрі өсу перспективалары бар, сондықтан біз Аустралияға жаңа тәжірибе қабылдауға тағы да келдік, өйткені бұл әлемдегі ең ірі сиыр етін экспорттаушылардың бірі. Қолда бар бордақылау алаңдарының тиімділігін арттыруды жоспарлап отырмыз. Мысалы, қуаттылығы 20 мың бас Терра өткен жылы 27 мың бас айналым жасады. Біздің БҚО-дағы 5 мың басқа арналған бордақылау алаңымыз 7 мың басты қабылдады. Көріп отырғанымыздай, бұл шек емес, ең аз инвестициямен айналымды кем дегенде 2 есе арттыруға болады», — деді «Терра» компаниялар тобының серіктесі Қайыржан Наурызғалиев.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ БАҒБАНДАР ЛИМОН ЖИНАУДА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстандық мамандар Аустралияның мал шаруашылығын дамытудағы озық әдістерін зерттеді

Оқи отырыңызМақалалар

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам
Экономика

Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

05.05.2025
3
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

25.04.2025
7
ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

23.05.2024
3
ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?
Экономика

ОНЛАЙН ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА МІНДЕТТІ?

18.01.2024
15
Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі
Экономика

Мобильді төлем: заңсыз кәсіпкерліктің жолын кеседі

17.01.2024
4
ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ
Экономика

ТҮРКІСТАН: АҒАШ ШЕБЕРІ ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕП КЕЛЕДІ

14.01.2024
25

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.