ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӨКӨНІС САҚТАУ ҚОЙМАСЫ МЕН ӨНДІРІСТІК ПАРККЕ БАРДЫ — Төрттаған
Пятница, 4 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӨКӨНІС САҚТАУ ҚОЙМАСЫ МЕН ӨНДІРІСТІК ПАРККЕ БАРДЫ

07.01.2024
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӨКӨНІС САҚТАУ ҚОЙМАСЫ МЕН ӨНДІРІСТІК ПАРККЕ БАРДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығында салынып жатқан көкөніс сақтау қоймасы мен «Brownfield» үлгісіндегі өндірістік парктің құрылыс алаңында болды. Жұмыс барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. 1 га жерде орналасқан қоймада маусымына 4000 тонна көкөніс сақталады. Қазан айында құрылысы басталған маңызды нысан 2024 жылдың 2-тоқсанында аяқталмақ.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес «Түркістан» ӘКК» АҚ-на Сауран ауданының аумағында көкөніс сақтау қоймасын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру тапсырмасы берілген болатын. Жобаның мақсаты — көкөністерді сақтаудың заманауи кешенін құру. Осылайша маусымаралық кезеңде көкөністер – қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп бағасының қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес, Шаға ауыл округінен арнайы жер телімі бөлінді. Жоба құны — 1,4 млрд.теңге.
Бұл инвестициялық жобаның концепциясына сәйкес, қуаттылығы 4000 тонна көкөніс сақтау, оның ішінде 8 жеке тоңазытқыш сақтау камерасынан және 500 тоннаға арналған құрғақ қоймасын салу жоспарланған.
Сондай-ақ облыс әкімі Сауран ауданы, Шаға ауыл округіндегі Бершінтөбе ауылында салынып жатқан өндірістік парк құрылысы инвестициялық жобасының құрылыс барысын пысықтады. «Brownfield» үлгісіндегі өндірістік парк — өндіріс және қайта өңдеу нысандарын орналастыруға арналған толық жабдықталған, нақты белгіленген заңды құқықтары, қажетті инфрақұрылымы (электр, газ, сумен жабдықтау, су бұру, телефон байланысы) мен коммуникациялары бар жер учаскелері. Өнідірістік парктердің негізгі ерекшелігі мен артықшылығы — ұсынылған алаңдарда өндірістің кез-келген түрін орналастыру мүмкіндігінде.​
Өндірістік паркты құру мақсаты — әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру.
Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді. Жалпы ауданы — 30 гектар. Мұнда 42 өндірістік ғимарат орналасады.
Нысанды пайдалану мақсаты — өндірістік тоңазытқыш жабдықтарын шығару, фармацевтикалық өнімдерді дайындау, жылыжай кешенінің жабдықтарын шығару цехы, жиһаз дайындау, құрастыру және жаңбырлатып суғару жабдықтарын құрастыру және өндіру.
Түркістан облысының жиһаз өндірушілері үшін барлық қолайлы жағдай жасап, жиһаз кластерін дамыту қолға алынған. Сонымен қатар, Түркістан облысы аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сайрам, Шардара, Түлкібас аудандарында және Сарыағаш қаласында өнеркәсіптік парктер салу мүмкіндігін қарастырырылуда.
Жоба толыққанды іске асқанда 300-ден аса жаңа кәсіпорын қызметін бастайды. Нәтижесінде 1200- ден аса жаңа жұмыс орындары ашылады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕНТАУ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫ ТҰРАҚТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ БАҒБАНДАР ЛИМОН ЖИНАУДА

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.